Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет31/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

 
 
Сурет 6 - 

-токоферол мен 

-каротиннің калибрлеу графиктері 
R.iliensis
жеміс жұмсағы мен тұқымдарының сығындыларындағы 

-
токоферол мен 

-каротинді талдау үшін ультра тиімді конвергентті 
хроматография (UPC2) әдісі қолданылды. Үлгілерді талдау диодты 
матрицадағы детекторлы ACQUITY UPC2 (Waters, АҚШ) жүйесін қолдану 
арқылы жүргізілді. Жүйені басқару Empower 3 бағдарламасымен жүзеге 
асырылды. Хроматографиялық бөлу экспериментінде және кейінгі сандық 
анықтау процедурасында α-токоферол мен β-каротинді бөлу үшін тиімділігі 
жоғары 40°C температурада ACQUITY UPC2 HSS C18 SB (3,0×100 мм, 1,8 

-Tocopherol 
Y= -1.669×103×X 
+1.850×105 
R
2
= 0.999453 
Amount 
Are


-Carotene 
Y= -9.615×103×X 
+1.380×106 
R
2
= 0.998622 
Are

Amount 


51 
мкм) колонкасы қолданылды. А: көміртегі диоксидінен (CO2, 99,99%) және 
В: этанолдан тұратын жылжымалы фаза қолданылды. Бинарлы еріткіш 
менеджері градиент бағдарламасына сәйкес келесідей бағдарламаланды: 0 
мин А 95% және B 5%; 5 мин А 75% және B 25%; 5,5 мин A 95% және B 5%; 
7 мин А 95% және B 5%. Жалпы орындалу уақыты 7 мин құрады. Үлгілер 
менеджерінің температурасы 15°C деңгейінде реттелді. Автоматты 
сынамадағы температура 15°C деңгейінде орнатылды. Қысымға қарсы 
квадратты дюймда 2190 фунтты құрады. 3D сканерлеу диапазоны 1,2 нм-лі 
210-нан 600 нм-ге дейін болды. Іріктеу (дискретизация) жиілігі:
20 нүкте/сек. 
2D 
каналдары: 4,8 нм-лі (с разрешением) 440 нм және 294 нм. Инъекция 
көлемі 1,0 µL болды.
Қосылыстарды идентификациялау және сандық анықтау 

-токоферол мен β-каротинді идентификациялау сығындылардан 
табылған стандартты қосылыстар мен 
шыңдардың УФ-спектрлерін және 
сәйкесінше ұстап қалу уақытын салыстыру арқылы жүргізілді. 
Қосылыстарды сандық анықтау бір жағдайда талданған стандарттар мен 
үлгілерден алынған шыңдардың аудандарына негізделді. Әр талдау үшін 3 
қайталама инъекция жасалды және шыңдардың орташа аудандарында 
сығындылардағы 

-токоферол мен β-каротиннің құрамын есептеу үшін 
қолданылды. 
Фенолдың жалпы құрамын анықтау (TPC) 
Фенолдық қосылыстардың жалпы құрамын анықтау үшін 
R.iliensis
 
гүлдерінен, жапырақтарынан, жеміс жұмсағы мен тұқымдарынан алынған 
жалпы сығындылар дайындалды. Гүлдер, жапырақтар, жемістер мен 
тұқымдар (4,0 г) жеке-жеке сұйық азотқа малынып, экстракция 
процедурасына дейін ұсақталды. Ұнтақты үлгілер тиісті сығындыларды алу 
үшін n-гексан, метанол және сумен (80,0 мл ×2) бөлме температурасында бір 
түн мацерацияланды. Алынған супернатанттар Ватман фильтр қағазы 
арқылы сүзілді. Содан кейін құрғақ сығындылар алу үшін төмен қысымда 
органикалық еріткіштер сүзгілерден шығарылды. Су сығындылары 
лиофилизация әдісімен кептірілді. Сығындылар одан әрі талдауға дейін 
янтарлы флаконда 4°C температурада сақталды. 
Жалпы сығындылардағы фенолдардың жалпы құрамы (TPC) Синглтон 
әдісі бойынша FCR (Фолин-Чокалтеу реагентін) қолдана отырып, галла 
қышқылының (GAE) эквиваленті ретінде анықталды [233]. Сығындылар мен 
галла қышқылының бастапқы ерітінділері метанолда дайындалды. 
Экспериментте 20 мкл үлгіні (сығынды / галла қышқылы), 1560 мкл ультра 
таза сумен және 100 мкл FCR-мен 12 каналды микропипетканың (Eppendorf 
Explorer) көмегімен терең 96 ұяларда араластырылды. 1-8 минуттық 
инкубациядан кейін қоспаға 300 мкл Na
2
Co
3
- натрий карбонаты ерітіндісі 
(20%) қосылып, қайтадан араластырылды. Қоспа қараңғыда 25°C 
температурада 2 сағат инкубацияланды. Содан кейін 300 мкл қоспа 96-ұялы 
микропланшетке ауыстырылды және сіңіру (жұтылу) мәндері 760 нм галла 


52 
қышқылының калибрлеу қисығымен салыстырылды. Сандық анықтау галла 
қышқылының стандартты ерітінділерінің жұтылу мәндерімен салыстыру 
арқылы жүргізілді. Калибрлеу қисығы 0,8-0,1 мг/мл концентрация 
диапазонында құрылды және 5 нүкте бойынша калибрлеуге негізделді. Галла 
қышқылы үшін (y = 0,9158×X + 0,0275) калибрлеу қисығының регрессия 
коэффициенті 
R
2
-0,996 
құрайды. 
Нәтижелері 
галла 
қышқылы 
эквивалентінің/100 г
экстрактіде
миллиграмм түрінде көрсетілді. Эксперимент үш 
экземплярда жүргізілді.
Бос радикалдарды сіңіру белсенділігін анықтау 
Фенолдардың жалпы құрамын анықтау үшін 
R.iliensis
бұрын 
дайындалған 
гүлдерінен, 
жапырақтарынан, 
жеміс 
жұмсағы 
мен 
тұқымдарынан 
дайындалған 
жалпы 
сығындылар 
антиоксиданттық 
белсенділікке де зерттелді. DPPH бос радикалдары үлгілерінің жұтылу әсері 
Бранд-Уильямстың модификацияланған әдісін қолдану арқылы анықталды 
[234]. Сығындылардың (1,0 мг/мл) және галла қышқылының (0,1 мг/мл) 
бастапқы ерітінділері метанолда дайындалды. Экспериментте үлгілердің 100 
мкл ерітіндісін (сығынды/стандарт) 100 мкл DPPH ерітіндісімен (MeOH-да 
0,08 мг/мл) түбі жалпақ 96-ұяларда араластырылды. Қоспалар қараңғыда 30 
минут 
инкубацияланды. 
Жұтылудың 
төмендеуі 
есептеуіш 
микропланшеттердің көмегімен 517 нм-де тіркелді. Оң бақылау ретінде галла 
қышқылы қолданылды. Эксперименттер үш экземплярда жүргізілді. 
Үлгілердегі бос радикалдарды сіңіру белсенділігі ингибирлеу пайыздық 
теңдеумен көрсетілді (1 теңдеу): 
% Inh
=
(
𝐴𝑏𝑠
𝑐𝑜𝑛𝑡𝑟𝑜𝑙
−𝐴𝑏𝑠
𝑠𝑎𝑚𝑝𝑙𝑒
𝐴𝑏𝑠
𝑐𝑜𝑛𝑡𝑟𝑜𝑙
) × 100
,
(Eq 1) 
мұндағы Abscontrol - бақылау үлгісінің жұтылуы (құрамында сыналған 
қосылыстан басқа барлық реагенттер бар), Abssample - DPPH қосылған 
үлгінің жұтылуы. IC50 мәндері үлгінің концентрациясына байланысты әр 
үлгідегі DPPH пайыздық құрамының графигін құру арқылы алынды. 
Мәліметтер SigmaPlot (12.0 нұсқасы) бағдарламаның көмегімен талданды.
ICP-ОES анализі 
ICP талдауы үшін өсімдік үлгілері (гүлі, жемісі, жапырағы) 0,25 г 
өлшеніп, 10 мл концентрацияланған азот қышқылы бар микротолқынды 
пеште жағылды, содан кейін 1/10 дистилденген сумен сұйылтылды.
Бірнеше элементтерді бір уақытта анықтау (Na, K, Ca, Zn, Pb, Ni, Cd, 
Fe, Cr, Cu, Ti және Al) ICP-OES жүйесінің көмегімен жүзеге асырылды. 
Талдаулар Perkin Elmer Optical Emission Spectrometer Optima 4300 DV 
құрылғысында жүргізілді. Әрбір элемент үшін калибрлеу қисықтары (2,5 
промилл-ден 100 промилл-ге дейін) қолданылды.
ICP талдау нәтижелері өсімдік материалынан мг/кг элементі түрінде 
ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет