58
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ
3.1 Іле және Шарын өзендері жайылмаларындағы
R.iliensis
өсімдігінің популяцияларының қазіргі жағдайы
3.1.1 Шарын өзені жайылмасындағы
R.iliensis
популяцияларының
өсімдіктер жамылғысы мен флоралық құрамының ерекшеліктері
Сирек кездесетін, эндемдік
R.iliensis
өсімдігінің үш табиғи
популяциялары Алматы облысының
Іле және Шарын өзендерінің
жайылмасынан табылды (7 сурет).
Сурет 7 -
R.iliensis
өсімдігінің үш табиғи популяциялары орналасқан карта-
сызбанұсқасы
Жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында біз
R.iliensis
өсімдігінің
бірінші популяциясын
Алматы облысының Ұйғыр және Еңбекшіқазақ
аудандарының шекарасында орналасқан «Шарын» мемлекеттік ұлттық
паркінің
аумағында, Шарын өзенінің жайылмасындағы Сарытоғай
шатқалында тығыз шағанды орманнан таптық. GPS навигаторы бойынша
координаттары: 79°15'44.1" солтүстік ендікте, 43°31'26.4"
шығыс бойлықта,
теңіз деңгейінен 629 м биіктікте орналасқан. Бірінші популяция шегінде
Rosa
iliensis
Chrshan. өсімдігінің үш ценопопуляциясын анықтадық.
Бірінші ценопопуляцияның
өсімдік жамылғысы
шағанды-талды-бұталы
ассоциациядан (ass.
Rosa beggeriana, R.iliensis, Berberis iliensis, Tamarix
ramosissima-Salix caspica-Fraxinus potamophila
) тұрады.
Бұл ценопопуляция
қалың шағанды тоғайдың ашық және жақсы жарық түсетін кішігірім
59
алқаптарын алып жатыр. Бірінші ценопопуляция шегінде
Rosa iliensis
Chrshan. өте сирек және жеке бұталар түрінде кездеседі.
Жер бетін қалың
шөптесінді өсімдіктер жамылғысына байланысты 100% өсімдіктер жабыны
құрайды. Өсімдік жамылғысында 4 ярус байқалады:
I-ші ярусты биіктігі 5,5-6 м
Fraxinus potamophila
Herd.,
Populus
cathyana
Rehd. өсімдіктерінің салыстырмалы жас дарақтары құрайды.
Fraxinus potamophila
Herd. барлық жерде және өте тығыз, ал
Populus cathyana
Rehd. өте сирек жекелеген дарақтары кездеседі.
II-ші ярусты биіктігі 3,5-4 м
Salix caspica
Pall. және
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht. құрайды. Олар өте сирек кездеседі және нашар тіршілік күйінде.
Сонымен қатар, екі түр де жас дарақ түрінде кездеседі.
III-ші ярусты биіктігі 180-200 см бұталар:
Rosa beggeriana
Schrenk.,
R.iliensis
Chrshan.,
Berberis iliensis
M.Pop.,
Tamarix ramosissima
Ledeb.
құрайды. Мұндағы барлық бұталар нашар тіршілік күйінде: аласа,
әлсіз
бұтақталған, жапырақтары біршама ұсақ және жұқа, мөлдір келеді. Әрине
бұл
Fraxinus potamophila
Herd. өте тығыз өсіп, қалың тоғай түзуінен көлеңке
жасауына байланысты екені анық. Сонымен қатар,
бұл тоғайда
Fraxinus
potamophila
Herd. барлық жастық күйіндегі өскіннен бастап ювенильді
дараққа дейін, сенильді және субсенильді экземплярлары кездеседі.
Fraxinus
potamophila
Herd. жекеленген ересек генеративті дарақтары мұнда 20-25 м,
діңінің диаметрі 1,5 м дейін жетеді.
IV-ші ярусты биіктігі 80-100 см шөптесін өсімдіктер жамылғысы
құрайды. Бұл ярустың негізін
Достарыңызбен бөлісу: