Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет37/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

Fraxinus potamophila
Herd. ересек жемісті өсімдігінің 12 
экземплярын санадық. Сонымен қатар, өскіндер, ювенильдік, вергинильдік 
дарақтар өте көп болды. Трансектада 
Salix caspica
Pall. 1 данасы кездесті, 
бірақ мұндай тығыз орманда ол өте нашар тіршілік күйінде болды. 
Бұталардан трансектада 
Berberis iliensis
M. Pop. 4 бұтасын, 
R.iliensis

бұтасын және 
Rosa beggeriana 
Schrenk. 4 бұтасын санадық. Мұнда да 


62 
R.iliensis
өскінін таба алмадық. 
R.iliensis
барлық 4 бұтасы да жеке өсімдіктер 
емес, клондар түзген. Үлкен бұтаның, дәлірек айтсақ, клонның биіктігі мұнда 
4 м жетеді. Бұтаның диаметрі солтүстіктен оңтүстікке де, шығыстан батысқа 
қарай да 3 м құрайды. Орташа бұтаның биіктігі айтарлықтай кішігірім және 
2,5-3 м құрайды. Мұндай бұтаның диаметрі солтүстіктен оңтүстікке қарай 
230 см, ал шығыстан батысқа қарай 210 см құрайды. Жас, кішкентай, 
толығымен жеміс бермейтін (нашар жеміс беретін) генеративті бұтаның 
биіктігі 190 см құрайды. Мұндай бұтаның диаметрі солтүстіктен оңтүстікке 
де, шығыстан батысқа қарай да 80-100 см аспайды. Трансекта ішінде 4 
бұтадан, яғни 
R.iliensis
клонынан 5 ювенильдік, 4 имматурлық, 5 
виргинильдік өркендерді санадық. Қалғандары 4 жас генеративті, 4 ересек 
генеративті, 2 қартайған генеративті, 1 субсенильді және 1 сенильді өркендер 
болды (2 кесте). Дегенмен
R.iliensis
өркендері жыл сайын гүлдеп, жеміс 
береді, бірақ мұндай тығыз орманда мол гүлдену мен жеміс беруі байқалған 
жоқ. Бұл ең алдымен 
Fraxinus potamophila
Herd. ағашының көлеңкелеу 
әсерімен байланысты. 
Осылайша, 
R.iliensis
табиғи популяциясын Шарын өзенінің 
жайылмасынан іздестіру оң нәтиже берді. Алайда, таулы типті Шарын өзені 
көп сулы, таулардан қатты ағыспен ағатынын, оның арнасы үлкен тастармен 
бітелетінін, сондықтан жылдам ағыс көбінесе үлкен көркем рапидтер мен 
сарқырамаларды құрайтынын атап өткен жөн. Соңғы миллиондаған жылдар 
ішінде өзен үлкен, ерекше шатқалдан бөлінді - ұлттық парктің басты назар 
аударарлық орнына айналды. Сондықтан Шарын өзенінің жоғарғы бөлігінде 
жайылма түзілмейді. Тек кейбір жерлерде өзеннің кішігірім кеңейтілген 
тасты-қиыршықты сайлары байқалады, олардың шұңқырлары арқылы су 
ағады. Мұндай жерлерде бұталы қопалар кездеседі, бірақ 
R.iliensis
кездеспейді. 
R.iliensis
өсімдігі Алматы-Шонжы автотрассасының Шарын 
өзені арқылы өтетін көпір маңындағы ауданда кездеседі, мұнда теңіз 
деңгейінен жоғары учаскенің биіктігі 629 м құрайды және өзен кішігірім кең 
жайылманы түзеді. Демек, 
R.iliensis
таралуы үшін белгілі бір биіктік пен 
температура шегі қажет, одан жоғарыда ол өспейді. Оның тіршілік 
жағдайына келетін болсақ, тығыз шағанды орманда қанағаттанарлық, кейде 
тіпті өте нашар. Өсімдіктің биіктігі 150-180 см аспайды, көбінесе тіпті аласа. 
Бұтақтары әлсіз, жоғарғы ұштары бұйраланған, жапырақтары өте көп, бірақ 
жұқа, мөлдір келеді, тікенектері де нашар жетілген. Өсімдік гүлдейді және 
жеміс береді, бірақ мол гүлдену мен көп жеміс беру байқалмайды. Біздің 
ойымызша, бұл мынадай себептерге байланысты: біріншіден
R.iliensis
жеткілікті сумен қамтамасыз етілген жағдайда өсетін мезофит болса да, ол 
топырақтың тым жоғары ылғалдылығына төзбейді. Шарын ұлттық паркінің 
орманды-шалғынды жайылма топырақтары өте жоғары ылғалдылықпен 
ерекшеленеді. Бұған жыл сайын Шарын өзенінің жайылмасын су басатын 
көктемгі (сәуір-мамыр) және жазғы (шілде-тамыз) су тасқыны ықпал етеді. 
Екіншіден, мұнда жер асты суларының деңгейі таяз тереңдікте (100 см) және 
капиллярларға көтерілген су тек төменгі ғана емес, сонымен қатар 


63 
топырақтың жоғарғы горизонттарын да ылғалдандырады. Үшіншіден, тығыз 
орманда ағаш түрлерінің, әсіресе соғды шағанының (өзен сүйгіш) көлеңкелеу 
әсері зор. Демек, осы себепті 
R.iliensis
жағдайы қанағаттанарлық, кейде 
қалың шағанды орманда фрагментарлы ярус түзетін басқа да бұталардың да 
жағдайы өте нашар.
R.iliensis
дарақтарының ересек күйлерінің жағдайына келетін болсақ, 
тарансекта салынған барлық 3 ценопопуляциядан да өскіндер таба алмадық. 
Ювенильді, вергинильді, жас генеративті, орташа генеративті, ересек 
генеративті дарақтар, дәлірек айтқанда өркендер табылды. Сенильді және 
субсенильді дарақтардың жекеленген түрлері кездесті. Бұл 
R.iliensis
мұнда 
негізінен атпа тамырлары арқылы вегетативті жолмен көбейетінін көрсетеді. 
Біз 
R.iliensis
тұқыммен көбеюін жоққа шығармаймыз, бірақ мұндай тығыз 
шағанды орманда тұқыммен көбею мүмкіншілігі өте төмен. Біздің 
ойымызша, мұны бірқатар себептермен түсіндіруге болады: біріншіден, 
R.iliensis
жемісімен мұнда құстар, ең алдымен, осы орманда тіршілік ететін 
торғайлар мен қырғауылдар, сондай-ақ шөпқоректі кеміргіштер қоректенеді; 
екіншіден, мұндай тығыз орманда, егер өскіндер пайда болса да, олар 
жарықтың жетіспеуінен орман қауымдастығының басқа компоненттерімен 
бәсекелестікке төтеп бере алмайды, тез өледі. Дегенмен, Шарын өзені 
жайылмасының шағанды орманында 
R.iliensis
популяциясының жағдайы 
қанағаттанарлық, гүлдеп, жеміс береді. Оның жаңаруы тұрақты, негізінен 
вегетативті жолмен тамыр атпалары арқылы жүзеге асырылады. Ең бастысы 
R.iliensis
негізгі популяциясына мұнда ештеңе қауіпті емес, өйткені ол жақсы 
қорғалатын Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағында өседі. 
Жалпы 
R.iliensis
популяциясы 
аумағының 
флорасының 
систематикалық құрамы мына төменде 3 кестеде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет