Зерттеу нысаны: R.iliensis өсімдігінің табиғи үш популяциялары:
бірінші популяция - Шарын өзенінің жайылмасы, екінші популяция - Іле
өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасы, үшінші популяциясы - Іле өзенінің
Қапшағай ГЭС-нен төменгі ағысының жайылмасы.
Зерттеу пәні: сирек кездесетін, эндемдік
R.iliensis популяцияларының
экологиялық-биологиялық, геоботаникалық, морфо-анатомиялық және
биологиялық белсенді заттарының фитохимиялық сипаттамасы
Жұмыстың мақсаты: Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларында
сирек кездесетін, эндемдік
R.iliensis өсімдігінің популяцияларын тауып,
оларға геоботаникалық сипаттамалар жүргізіп, өсімдіктер қауымдастығының
флоралық құрамына талдау жасау және осы түрдің популяцияларының
қазіргі жағдайына баға беру. Сонымен бірге өсімдіктің осы түрін қорғауға
қатысты нақты ұсыныстар беру болып табылады.
Зерттеу міндеттері: 1.
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін,
эндемдік
R.iliensis өсімдігінің
популяцияларын
тауып,
оларды
геоботаникалық тұрғыдан сипаттау;
2.
R.iliensis өсімдігінің
популяциялары
деңгейіндегі
ценопопуляцияларды бөліп қарастыру, олардағы осы түрдің жастық құрамын
анықтау;
3.
R.iliensis кездесетін өсімдіктер қауымдастығының флоралық
құрамын анықтау, оларға жан-жақты талдау жасау;
4.
R.iliensis өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің (сабағының және
жапырағының) морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін зерттеу;
5.
R.iliensis өсімдігінің гүлінің, жемісінің, тұқымының құрамындағы
биологиялық белсенді заттарды анықтау;
6.
R.iliensis өсімдігін Іле Алатауының далалық биіктік белдеуі
жағдайында интродукцияға ендіру.