Диссертацияның құрылымы.
Диссертация 190 беттен, кіріспе,
отандық және шетелдік әдебиеттерге шолу, зерттеу нысандары мен әдістері,
зерттеу нәтижелері мен оларды талқылау, қорытынды бөлімдерінен және 315
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 42 кестеден, 16 суреттен, 3
сызбанұсқадан тұрады.
10
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстан флорасында сирек кездесетін, жойылуға жақын
эндемдік өсімдік түрлеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарына қысқаша
шолу
Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасқан, аумағы 2724,9
мың км
2
құрайды, оның 1650 мың км
2
(60-61%) жазық тегістіктер (теңіз
деңгейінен 200 м биіктікте), 565 мың км
2
(21%) көтеріңкі тегістіктер мен
қыраттар (теңіз деңгейінен 300-800 м биіктікте), 502 мың км
2
(18%) таулар
(теңіз деңгейінен 1000-5000 м биіктікте) орналасқан. Батысында Каспий
теңізінен, шығысында Алтай тауына дейінгі аралығының ұзақтығы 3000 км
және солтүстігінде Орал тау жоталарынан, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань
биік тау сілемдеріне, оңтүстігінде Қызылқұм шөліне дейінгі аралығының
ұзақтығы 2000 км құрайды. Осындай үлкен кеңістікті алып жатқан
Қазақстанның физико-географиялық жағдайы да алуантүрлі келеді. Соған
байланысты өсімдік ландшафтары мен флоралық құрамы таңқаларлықтай
көптүрлілігімен ерекшеленеді. Сондықтан да болар Қазақстанды 29
флоралық ауданға бөледі. 9 томдық Қазақстан флорасына жоғары сатыдағы
споралы және тұқымды өсімдіктердің 5630 түрі енген, оның тек 0,3%-ын (17
түрін) Қазақстанның барлық аймақтарынан кездестіруге болады [4-6].
Қазақстан флорасында сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі,
эндемдік және реликт түрлерді зерттеумен өткен ғасырдың ортасында
алғашқылардың бірі болып академик Н.В.Павлов айналысқан. Ол әсіресе
Қазақстан флорасындағы эндемдік туыстарға ерекше мән берген. Флоралық
құрамы жағынан ең кедей ауданға Бозашы түбегі жатады, онда жоғарғы
сатыдағы өсімдіктердің тек 249 түрі кездеседі, ал флорасы бай аудандарға
Алтай (2434 түр), Жоңғар Алатауы (2168 түр) және Жетісу, Күнгей Алатауы
(2021 түр) жатады. Сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі, эндемдік және
реликт түрлердің сандық көрсеткіші бойынша да осы таулы флоралық
аудандар алғашқы орындарда тұрады [7].
Оған дейін академик Б.А.Быков 1941 жылы Шарын өзенінің
жайылмасынан реликт өсімдік
Fraxinus sogdiana
Bunge. тоғайын сипаттап
жазған болатын
8
.
Кейіндеу 1964 жылы Н.И.Рубцовтың Орта Азия флорасының туыстық
эндемдерін зерттеуге арналған жұмысы жарық көрді. Бұл еңбегінде
Н.И.Рубцов Орта Азияны кеңінен қарастырған, сөйтіп оған Орта Азия
республикаларымен және Қазақстанның оңтүстігінен басқа Иран мен
Ауғанстанның сол кездегі СССР-мен шектесетін аудандарын да ендірген.
Сондықтан да Н.И.Рубцов келтірген тізімдегі өсімдіктердің бірқатары
Қазақстан флорасында кездеспейді
9
.
Қазақстанның эндемдік және реликт түрлерін зерттеуге арналған үлкен
екі мақала белгілі флорист В.П.Голоскоковтың авторлығымен 1971-1972
11
жылдары баспадан жарық көрді. Онда Қазақстан флорасында сирек
кездесетін 760 эндемдік және 116 реликт түр келтірілген. Онда бұл өсімдік
түрлерінің қандай флоралық аудандарда кездесетіндігіне дейін нақты
мәліметтер бар. Сонымен бірге Қазақстан флорасында кездесетін эндемдік
және реликт туыстарға да, түрлерге де талдау жүргізілген
10-11
.
1966 жылы Қазақстанның кейбір эндемдік түрлерінің ареалдары
жөнінде Б.А.Быковтың мақаласы баспадан шықты
12
.
Б.А.Винтерголлердің авторлығымен 1976 жылы «Қазақстанның сирек
кездесетін өсімдіктері», ал 1984 жылы «Реликтер біздің айналамызда» деген
еңбектері жарық көрді
1, 13
. Осы екі еңбекте Қазақстанда сирек кездесетін
эндемдік және реликт өсімдіктерге толық сипаттамалар берілген. Сонымен
бірге оларды зерттеудің және қорғаудың қажеттілігі жөнінде айтылады. Шын
мәнінде сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі, эндемдік және реликт
өсімдіктердің көпшілігі пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың
ішінде техникалық, дәрілік, тағамдық, дәрумендік, илік заттар алынатын,
сәндік және басқа да пайдалы өсімдіктер бар. Сондықтан оларға деген
қызығушылық, әсіресе дәрілік шөптерді жинаумен айналысатын жеке
тұлғалар тарапынан өте жоғары. Бұл сөз жоқ Қазақстан флорасында
кездесетін құнды эндемдік түрлердің жойылуына әкеліп соқтырады.
Биологтар, әсіресе ботаниктер кез-келген биологиялық түрдің жойылып кетуі
орны толмас шығын екенін жақсы түсінеді. Генотиптер дербес және біреу, ол
еш уақытта қайталанбайды, сондықтан да бірегей қасиеттері бар өсімдіктің
жоғалған түрі мәңгілікке жоғалады. Сондықтан мүмкіндігінше бұған жол
бермеу керек. Ол үшін ботаник ғалымдар сирек кездесетін, эндемдік және
реликті өсімдік түрлерін популяциялық деңгейінде жан-жақты зерттеулері
керек.
Адамдар биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңызын және
қажеттілігін әлемдік деңгейде де, ұлттық деңгейде де түсіне бастады. Оған
биологиялық ғылымдардың Халықаралық Бірлестігінің, ЮНЕСКО-ның
қолдауымен Генеральдық Ассамблеяда қабылданған, Халықаралық жобасы
«DIVERSITAS» және 1992 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен
биологиялық алуантүрлілікті сақтау жөніндегі Халықаралық конвенция
нақты дәлел. Оның соңғысын Қазақстан ратификациялады (1995) және соның
негізінде «Биологиялық алуантүрлілік» жобасы дайындалды. Жобаның
негізгі бағыты Қазақстандағы биологиялық алуантүрліліктің қазіргі
жағдайына баға беру және инвентаризациялау болып табылады [14].
Осыған қатысты мәселені белгілі Ресей ботаниктері Ю.А.Злобин,
В.Г.Скляр, А.А.Клименко (2013) сияқты ғалымдар көптен көтеріп келеді.
Олардың пікірінше қорғауды қажет ететін өсімдіктерге жойылу қаупі төніп
тұрған, сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі, эндемдік түрлер жатады
[15]. Сонымен бірге сирек кездесетін өсімдіктерді популяциялық деңгейде,
олардың экологиясына мән бере отырып зерттеуді және жинақталған
мәліметтерді зерделеп, өңдеудің жаңа тәсілдерін жетілдіре түсуді ұсынады.
12
Академик И.О.Байтулин (1987) Қазақстанның өсімдіктерінің қазіргі
кездегі жағдайы және оларды қорғаудың болашағы қандай болмақ деген
мақаласында былай деген: «Соңғы уақыттарда қоршаған ортаға адамның
тікелей немесе жанама әсерінен республикамыздың табиғи флорасының
көптеген түрлері белгілі бір аймақтарда сирек кездесетін немесе жойылуға
жақын түрлерге айналғандығына» алаңдаушылық білдірген [16]. Соған
байланысты Қазақстанда сирек кездесетін, әсіресе эндемдік және реликт
түрлерді популяциялық деңгейде зерттеудің қажеттілігін сөз еткен.
Осы бағытта Қазақстан ботаниктері бірқатар зерттеулер жүргізді.
Мысалы, М.С.Байтеновтың (1985, 1986) зерттеулері бойынша Солтүстік
Тянь-Шанда қорғауды қажет ететін, сирек кездесетін 50-дей эндемдік түрлер
анықталған, ол осы аймақта кездесетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің
жалпы түрлерінің 5,7%-ы деген сөз [17-18]. Осы еңбектерінде М.С.Байтенов
эндемдік түрлердің қалыптасуына қатысты мынадай пікір айтқан: «Эндемдік
түрлердің қалыптасуына екі фактор әсер еткен. Оның біріншісі, мұз
дәуірінде, мұздың солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжуы нәтижесінде
өсімдіктердің бастапқы ареалдары бөлініп, «аралдар» сияқты сақталған
популяциялар негізінде жаңа локальды түрлердің пайда болуына әкеліп
соқтырған. Екіншісі, осы кезде тау жыныстары көтеріліп, Алтай, Саян, Тянь-
Шань сияқты биік таулар пайда болған. Осы тау жоталарының әртүрлі
биіктік белдеулеріндегі жоталардың беткейлерінен бірқатар эндемдік түрлер
өздеріне қолайлы орын тапқан». Осылайша, эндемдік түрлер пайда болған
деген қорытындыға келген. М.С.Байтеновтің ғылыми жұмыстарының басты
нәтижесі Солтүстік Тянь-Шаннан, ол сипаттап жазған 20-дан астам сирек
кездесетін эндемдік түрлер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.
Кейіндеу З.А.Инелова (2010, 2012) Іле өзенінің ортаңғы және төменгі
ағыстарына
жүргізген
зерттеулерінде
сирек
кездесетін,
эндемдік
өсімдіктердің 16 түрін тапқан [19-21]. Олардың басым көпшілігі Іле өзенінің
Қапшағай су электростанциясының төменгі ағысында қалыптасқан, келеңсіз
экологиялық жағдайға байланысты жойылу қаупі төніп тұрғандығын және
олардың популяцияларын геоботаникалық тұрғыдан зерттеудің және
интродукцияға ендірудің қажеттілігін сөз етеді.
2010-2018 жылдар аралығында Н.М.Мұхитдинов пен А.А.Аметовтың
жетекшілігімен Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарындағы сирек
кездесетін, эндемдік және жойылуға жақын өсімдік түрлерінің
популяцияларын экологиялық-биологиялық, геоботаникалық және флоралық
тұрғыдан зерттеп, олардың қазіргі кездегі жағдайына баға беруге бағытталған
бірқатар ғылыми мақалалар алыс, жақын шетелдердің басылымдарынан және
отандық журналдардан жарық көрді. Ол мақалаларда зерттеуге алынған
өсімдіктерге Іле ойпатының тегістігінде кездесетін түрлерден
Достарыңызбен бөлісу: |