14
және жойылуға жақын өсімдік түрлерін қорғауға қатысты жүргізілетін
зерттеулердің алғы шарты өсімдіктердің осы түрлерінің таралу аймағына
инвентаризация жүргізу ценопопуляцияларының қазіргі кездегі жағдайына
баға беру және олардың биологиясын зерттеу болып табылады.
Ол үшін зерттеуге алынған түрдің популяцияларына геоботаникалық
сипаттамалар беріп, экологиялық және биологиялық тұрғыдан мониторинг
жүргізу қажет. Бұл жерде әсіресе фенологиялық бақылаудың орны ерекше.
Сол арқылы өсімдіктің қай кезде гүлдеп, жеміс беретін мезгілін нақты
анықтауға мүмкіндік болады. Ол өз кезегінде сирек кездесетін, эндемдік
түрлердің тұқымдарының коллекциясын құруға және генофондын сақтауға
мүмкіндік береді. Осы тұқымдар арқылы зерттеуге алынған өсімдіктер
интродукцияға ендіріледі.
Сонымен бірге сирек кездесетін, жойылуға жақын эндемдік түрлердің
популяцияларын бастапқы қалпына келтіру және олардың интродукция
ареалын кеңейту мақсатында бұл түрлерді реинтродукциялау әдістемелерін
жолға қою қажет [36].
Сирек кездесетін, эндемдік түрлерді қорғауға қатысты жүргізілетін іс-
шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеу үшін, түрдің экологиясын зерттеуге
бағытталған жұмыстарды мейлінше кеңейте түсу қажет. Ол табиғатты
қорғауға және оның ресурстарын пайдалануға жауапты министрліктер мен
ведомствалар тарапынан қатаң бақылауды қажет етеді. Ал ботаник ғалымдар
сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төніп тұрған эндемдік және реликт
өсімдік түрлерін популяциялық деңгейде зерттеумен кең көлемде айналысуы
керек. Бұл, біріншіден, сирек кездесетін, эндемдік және реликт өсімдіктердің
белгілі бір түрлерінің популяциясының қазіргі кездегі жағдайына ғылыми
тұрғыдан дұрыс баға беруге; екіншіден, оларды қорғауға қатысты нақты
ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да өсімдіктердің сирек
кездесетін, эндемдік түрлерін популяциялық деңгейде зерттеу бүгінгі таңда
кезек күттірмейтін, аса маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: