Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет13/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

1.1.3 
Rosa 
L. туысының түрлерінің фитохимиялық зерттелуі 
Rosa 
L. биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде үлкен ғылыми 
қызығушылық тудыратын және дәрілік, дәрумендік және тағамдық шикізат 
ретінде кеңінен қолданылатын экономикалық маңызды бау-бақтық 
өсімдіктерін қамтиды. Тағамдық мақсатта итмұрын шай [65-66], сироптар 
[67], джем, мармелад [68], шарап [69], сорпа, кеспе [70-71] және йогуртта [72] 
қолданылады. Негізінен итмұрын жапырақтары мен гүлдері косметика мен 
парфюмерияда қолданылған [73]. Туыстың маңызды өкілдерінің бірі -
R.canina
L. және 
R.penduline
L. Олардың кептірілген жемістері Еуропалық 
фармакопеяға ендірілген [74]. Тұқымсыз жемісі неміс, еуропалық, 
швейцариялық, 
жапондық 
және 
британдық 
дәрілік 
өсімдіктердің 
фармакопеяларында қабылданған [75]. Алайда, тұқымды итмұрындары PDR 
Plant Monography және E monographs неміс комиссиясында қабылданған [76-
77]. 
Rosa 
L. түрлерінің гүлдерінің үлкен коммерциялық құндылығы эфир 
майы (раушан майы) екендігі белгілі [78-80]. 
Rosa
L. жемістері биологиялық белсенді қосылыстардың, атап айтқанда 
«С» дәрумені [81-82], каротиноидтар (ликопен, лютеин, зеаксантин), 
полифенолдар (флавоноидтар, фенол қышқылдары, антоциандар және т.б.), 


20 
органикалық қышқылдар (лимон, алма қышқылы және т.б.) [83], май 
қышқылдары [84-85], көмірсулар (глюкоза және т.б.), галактолипид (2S)-1,2-
ди-О-[(9z,12Z,15z)-октадека-9,12,15-триеноил]-3-o-β-D-
галактопиранозилглицерин [86] және минералдар [87] көп болуына 
байланысты тағамдық және емдік мақсаттарда қолданылады [88-89]. Біз 
R.iliensis 
гүлдерінің иісі және тұқымының липидті профилі туралы ғылыми 
мақала жариялаған болатынбыз [90]. 
Rosa 
L. түрлерінің саны өсімдіктің әртүрлі бөліктері: жемістерінен, 
тұқымдарынан, жапырақтарынан алынған биологиялық белсенді заттардың 
кең спектрі үшін тіркелген [91]. Итмұрын түрлерінің әртүрлі бөліктері түрлі 
ауруларды емдеу үшін бұрыннан қолданылған. Итмұрынның оң әсері жүрек 
аурулары [92], қатерлі ісіктің әртүрлі түрлері [93-95], диарея [96], қабыну 
және артрит [97], семіздік және қант диабеті [98] қаупін төмендетуде 
маңызды. Итмұрын жемістері суық тиюге, жұқпалы ауруларға, асқазан-ішек 
ауруларына, зәр шығару жолдарының ауруларына және қабыну ауруларына 
қарсы профилактикалық және емдік әсерге ие [99-100]. Итмұрын көптеген 
клиникалық зерттеулерде остеоартритті емдеу үшін қолданылатын 
дәрумендердің ең бай табиғи көзі болып табылады [101]. Итмұрынның 
тамырлары жөтел, геморрой және дизурияны емдеу үшін қолданылады. 
Жапырақтары суық тиюді, тұмауды және жөтелді емдеуде қолданылады. 
Сонымен қатар, оның жемістері астма, бронхит және суық тиюді емдеу үшін 
қолданылған. Тұқымдары остеоартрит, ревматизм және подаграны емдеуде 
пайдаланылады [102]. Итмұрынның әртүрлі түрлерінің эфир майлары 
антиоксидантты және микробқа қарсы қасиеттерін көрсетті [91]. 
С.Төлекованың және т.б. 
Rosa
L. сығындыларының антиоксиданттық, 
фармакологиялық, медициналық қасиеттері мен химиялық құрамын 
анықтаған ғылыми мақаласы жарық көрген [103]. 
Соңғы жылдары әлемде өсімдіктердің құрамындағы биологиялық 
белсенді заттарды зерттеуге қызығушылық күннен-күнге артып келеді. 
Мұның басты себептері:
- жаңа тиімді, табиғи фитопрепараттарды алуға қажетті шикізаттық 
өсімдіктерді іздеп табу;
- антибиотиктерге төзімді микроорганизмдердің және инсектицидтерге 
төзімді бунақденелілердің (шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа) көбеюі;
- ауыл шаруашылығында химиялық пестицидтердің (гербицид, 
фунгицид, зооцид, фумигант) пайдаланылуы;
- азық-түлік өндірісінде химиялық (синтетикалық) консерванттардың 
пайдаланылуы, т.б. жатады. 
Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша өсімдіктердің экстрактілері мен 
эфир майлары биологиялық белсенділіктің кең спектрі болып табылады 
[104].
Көптеген өсімдік түрлерінің эфир майлары жоғары антимикробты 
белсенділікке ие [105-106]. Демек, экстрактілер мен эфир майларын 
инфекциямен күресу үшін фармацевтикада, ал тағам өндірісінде азық-түлікті 
жылдам бүлінуден сақтау үшін пайдалануға болады [107-109].


21 
Rosa
L. биологиялық белсенді заттардың көзі, сондықтан да ол ғылыми 
тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырып отыр. Сонымен бірге итмұрынның 
(
Rosa
L.) көптеген жабайы түрлерінің жемістері дәрілік, дәрумендік және 
тағамдық шикізат ретінде кеңінен қолданылады. Оның оң әсері жүрек-қан 
тамырлары аурулары, қатерлі ісіктің әртүрлі түрлері, диарея, қуық 
инфекциясы, қант диабеті қаупінің төмендеуімен көрсетілді. Тамақ 
өнеркәсібінде итмұрын шай [110], сироп [111], джем, мармелад [112], шарап 
[113], сорпалар мен кеспелерді дайындауда [114-115] пайдаланылады.
Итмұрын түрлерінің негізгі коммерциялық құндылығы - эфир майы 
(раушан майы) [116-117] және жемістері, олар «С» дәрумені сияқты құнды 
биоактивті метаболиттердің каротиноидтар, полифенолдар (антоцианиндер 
және т.б.) [118], органикалық қышқылдар (лимон, алма және т.б.), май 
қышқылдары және көмірсулар (глюкоза және т.б.) жақсы көзі болып 
табылады [119].
Итмұрынның хош иісінде 400-ден астам ұшпа заттар 
тіркелген [120].
Итмұрын жемістері халық медицинасында бұрыннан бері қолданылып 
келеді. Итмұрын жемістері жүрек ауруларына оң әсер етеді [121-122],
қатерлі 
ісіктің әртүрлі түрлері [123-125], диарея [126], қабыну және артрит [127], 
семіздік пен қант диабеті қаупінің төмендеуінде көрсетілген [128]. Жемістері 
суыққа, жұқпалы ауруларға, асқазан-ішек ауруларына, зәр шығару 
жолдарының ауруларына және қабыну ауруларына қарсы профилактикалық 
және емдік әсерге ие [129-130]. Итмұрын «С» дәруменінің ең бай табиғи көзі 
ретінде [131] бірнеше клиникалық зерттеулерде остеоартритті емдеу үшін 
қолданылған [132]. 
Бұл зерттеудің мақсаты ұлттық фармацевтика өнеркәсібі үшін 
потенциалды коммерциялық элементі болып табылатын шикізаттың қорын 
арттыру үшін 
R.iliensis
өсімдігінің үш популяциясының тұқымдарындағы 
май қышқылдарының профилін және гүлінің хош иісін сипаттау. 
R.iliensis
тұқымының май қышқылдары мен гүлдерінің ұшпа заттары бұрын еш жерде 
анықталмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет