24
құмдардың көптеп жинақталуының нәтижесінде
делювиальды және
флювиногляциальды шөгінділер пайда болған. Олар тау етегінің үстіңгі
қабатын жапқан конусты шығындыларын және Іле өзенінің аллювиальды
шөгінділерін түзген.
Оңтүстік Балқаш маңының соңғы тарихы Тянь-Шань тау түзілуімен
тікелей байланысты. Тау жоталарының түзілуі ауытқымалы болған,
соған
байланысты бірқатар террасалар пайда болған, олар қазіргі кездегіден 20 м
биік болған. Ертедегі жағалық валдың биіктігі 2-4 м болған және олар Іленің
төменгі ағысының ертедегі дельталық-көлдік шөгінділерін құраған. Қазіргі
кездегі қалыптасқан климаттың жағдайында
бұл құмдарда өсімдіктер
жабыны жақсы жетілген. Кей жерлерде орын алатын сусымалы құмдар
екінші реттік дефляцияның нәтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: