38
Иран-Тұрандық облыс тармағы 3 тегістік провинцияға бөлінеді:
Солтүстік-Тұрандық,
Оңтүстік-Тұрандық
және
Жоңғарлық.
Бұл
провинциялар өз кезегінде провинция тармақтарына бөлінеді. Олардың
өсімдіктер жабынының өзгеруі солтүстіктен оңтүстікке қарай гидрологиялық
жағдайдың өзгеруіне байланысты. Зона тармақтарын аймақтарға және
аудандарға бөледі. Бұл жерде бірінші орынға өсімдіктер жабынының
ерекшеліктері шығады, ол осы аудандардың геоморфологиялық, геологиялық
жағдайына және топырағына тікелей байланысты болады.
Оңтүстік Қазақстанның және Орта Азияның таулы аймақтары Сахара-
Гобий шөлді облысының Иран-Тұрандық және Орталықазиялық 2 облыс
тармағының (Лавренко, 1965) аумағында орналасқан және 3 зоналық
жолақты
қамтиды
–
суббореальдық,
суббореальды-субтропикалық,
субтропикалық шөлдік (Волкова, 1997). Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғар
Алатауы суббореальды (Солтүстік-Тұрандық) шөлде орналасқан. Біз зерттеу
жүргізген тауаралық Іле ойпатының жоғарғы таулы бөлігі Жоңғар
провинциясының анклавына, ал орталық және ең төменгі бөлігі Иран-
Тұрандық облыс тармағының, Шығыс-Солтүстіктұрандық провинция
тармағына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: