Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет19/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

Tragacanthus
), бозтікен (
Acanthophyllum 
C.A.Mey.), қостікенді лагохилус (
Lagochilus diacanthophyllus
(Pall.) Benth.), 
Семенов кермегі (
Limonium semenovii 
(Herd.) Kuntze.), жоңғар сәулегүлі 
(
Helianthemum soongoricum
Schrenk.) кездеседі. Мамыр айының соңында бұл 
гүлденген жастықшалар ашық, ақ, қызғылт және сары түстерімен шөлді 
ландшафтың фонында ерекше сән көрінеді. Басқа түрлер, әсіресе шатқал 
баурайында, гүлдерімен емес, ашық және шырынды жемістерімен 
бөріқарақат (
Berberis 
L.), қылша
 
(
Ephedra 
L.) немесе ерекше пішіндерімен 
Кеген түйетабаны (
Zygophyllum kegense
Boriss.) және Розов түйетабаны
 
(
Z.rosovii
Bunge) назар аудартады. 
Алғаш рет Б.А.Быковтың (1960) жұмысында Іле ойпатының ерекше 
шөлді өсімдіктеріне сипаттама берілді. Оның пайымдауынша, Іле ойпатында 
көпжылдық сораңды шөлдердің экологиялық-физиономиялық түрлері басым 
(58,8%). Жусанды шөлдер аумақтың 15,7%-ын, сексеуілді шөлдер – 20%-ын; 
ал 5,5%-ын сораңдардың гипергалофитті өсімдіктері түзеді. 
Тасбұйырғынды шөлдер (
Nanophyton erinaceum
) - бұл ойпаттағы 
көпжылдық сораңды шөлдер қауымдастықтарының арасында кең таралған 
типтердің бірі. Олар Іле өзенінің сол- және оң жағалауындағы жазықтарда, 
сондай-ақ Шарын шатқалының беткейлерін және аласа ұсақ шоқылардың 
үлкен аумақтарын алып жатады. 


30 
Қауымдастықтардың ең көп таралған түрлері - таза тасбұйырғындар, 
қаулы-тасбұйырғынды (
Nanophyton erinaceum-Stipa caucasica, S. orientalis
), 
сексеуілшелі-тасбұйырғынды (
Nanophyton erinaceum-Arthrophytum iliense
), ал 
сирек 
кездесетіндеріне 
бұйырғынды-тасбұйырғынды 
қауымдастықтар 
(
Nanophyton erinaceum, Anabasis salsa
) жатады. 
Баялыштар (
Salsola arbusculiformis
) осы аумақта тек биік ұсақ шоқылар 
мен аласа тауларда таралған. Сұр-қоңыр топырақты нағыз шөлдерде 
тасбұйырғынды-баялышты (
Salsola arbusculiformis-Nanophyton erinaceum
), 
майқара жусанды-баялышты (
Salsola arbusculiformis-Artemisia sublessingiana

қауымдастықтар жиі кездеседі. 
Іле ойпатында сирек кездесетін көпжылдық шөптесін қауымдастықтар 
кездеседі. Олардың ішінде Азияда сирек кездесетін шөлдердің түрін – ақсора 
(
Suaeda dendroides
) шөлдерін атауға болады. Әсіресе Іле ойпатына гобийлік 
формациялардың жиынтығы тән: тұзды және гипсті топырақтарға ильиниялы 
(
Iljinia regelii
), қызылтаңдайлы (
Roemeria songarica
), тасты топырақтарға 
симпегмалы (
Sympegma regelii
) формациялары тән. 
Жусанды шөлдердің экологиялық-физиономиялық типі арасында 
(15,7%) Жетісу жусанын (
Artemisia heptapotamica
) таулы қоңыр топыраққа 
тән деп атауға болады. Бұл Іле ойпатының жазығында да, ұсақ шоқыларында 
да кең таралған шөлдердің бірі. Әсіресе астықты-жетісу жусанды (
Artemisia 
heptapotamica-Stipa sareptana, Festuca valesiaca, Agropyron cristatum

қауымдастықтары кең таралған. Қиыршық тасты-майда топырақты шатқал 
беткейлері мен ұсақ шоқыларда петрофитті әртүрлі шөптесінді жетісу 
жусандары кездеседі. 
Майқара жусанды (
Artemisia sublessingiana
) қауымдастықтар негізінен 
ұсақ шоқылардың қиыршықтасты-майда топырақты, әдетте солтүстік 
беткейлерінде кездеседі. 
Сантолин жусаны (
Artemisia santolina
) - Іле аңғарында сортаңды 
құмдарға тән және кең таралған түр. Сонымен қатар сексеуілді-сантолин 
жусанды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет