31
Шөлді өсімдіктерді сипаттағанда сирек кездесетін шырмауықты
(
Convolvulus
tragacanthoides
), сәулегүлді (
Helianthemum
songaricum
)
қауымдастықтарды айтпасақ болмайды.
Сортаңды өсімдіктер негізінен Іле аңғарының шегінде жайылма
үстіндегі террасаларда немесе суаруға байланысты екінші реттік тұзданған
жерлерде шоғырланған. Негізгі формациялардың қатарына қарабарақ
(
Halostachys caspica
), сарсазан (
Halocnemum strobilaceum
), ақсора (
Suaeda
physophor
a) түрлерін атауға болады.
Іле ойпатының шөлді өсімдіктері негізінен Іле-Алакөл және Іле
географиялық
варианттарына
жатады,
жоңғарлық
ботаникалық-
географиялық типі (80%), Солтүстік Тұран шөлдерінің түрлері мұнда тек
20% аумақты алып жатыр.
Іле ойпаты делювиалды-пролювиалды және аллювиалды-пролювиалды
жазықтармен байланысты шөлдердің гемипетрофитті варианттарының
(43,8% ауданы) басым болуымен сипатталады. Шөлдің петрофитті
варианттары аласа таулар мен ұсақ шоқыларда басым (13%). Псаммофитті
варианттар күлді жазықтарда 20%-ды алады. Пелитофитті (17,0%)
варианттар неогенді сазды шөгінділі және аллювиалды жазықтардан тұратын
аридті-денудациялық үстірттермен шектелген. Сортаңды өсімдіктер
аумақтың 5,5%-ын алып жатыр.
Іле ойпатының шөлді өсімдіктері алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Көптеген шөлді формациялар тек осы аймақта кездеседі. Айта кету керек,
Солтүстік Тұранда кең таралған формациялар мұнда флористикалық құрамы
бойынша ерекше қауымдастықтар құрайды.
Сирек кездесетін шөлді формациялардың қатарына қатты ақсора
(
Suaeda dendroides
), Балқаш сексеуілшесі (
Arthrophytum balchaschense
), Іле
сексеуілшесі (
A.iliense
), Регель ильиниясы (
Iljinia regelii
), жоңғар ремериясын
(
Roemeria songarica
) атауға болады.
Сонымен қатар мұнда Солтүстік Тұран аймағына тән шөл
формацияларының: бұйырғынды (
Anabasis salsa
), қара сексеуілді (
Haloxylon
aphyllum
), күйреуікті (
Salsola orientalis
), тамыр жусанды (
Artemisia terrae-
albae
), сарсазанды (
Halocnemum strobilaceum
), қарабарақты (
Halostachys
caspica
), үрмежеміс ақсоралы (
Suaeda physophora
) қауымдастықтар кездеседі.
Н.Т.Агeeваның (1964) зepттeуі бoйынша Ілe өзeнінің аңғаpының
флopасы мeн өсімдіктep жабыны біpкeлкі бoлған. Жаңа пайда бoлған
аллювиальды үйінділep (аpалдаp мeн қайыpлаp) әpтүpлі шалғынды
өсімдіктepдeн тұpған. Өзeн жайылмасының сайлау жазықтықтаpындағы
ылғалы мoл жepлepді нeгізінeн күмәнді айлаулықтан
Достарыңызбен бөлісу: