25
аудандарда абсолютті биіктіктің жоғарылауына байланысты орташа есеппен
6 мм - 3,5 мм дейін азаяды.
Жазы ыстық, құрғақ және қысы суық жартылай шөлді және шөлейттің
климатымен сипатталады. Тауға жақындаған сайын ылғал мөлшері көбейе
түседі және ауаның температурасының біртіндеп төмендегендігі байқалады.
Шарын өзенінің бip жері үшін көктемгі мезгіл ең жауын-шашынды ай -
мамыр болып табылады. Екінші бip учаскелері үшін - сәуір айы, жылдық
ылғалдылықтың 16-17% осы айларда жауады. Ылғалдың көп түсуі жағынан
күз айлары eкінші орында болады. Қазан мен қараша айларында жылдық
жауын-шашын мөлшері 10-11%-ды құрайды [133].
Жаз жылдың құрғақ мезгілі саналады. Орташа жылдық жауын- шашын
мөлшері 19-25%. Жауын-шашынның аз мөлшері тамыз бен қыркүйек
айларына келеді. Ал жауын-шашынның біраз бөлігі қыс мезгілінде, әсіресе
қаңтар-ақпан
айларында
түседі.
Қыс
мезгілінде
осы
жерлерде
антициклонның қалыптасуына байланысты ылғал көп түседі (8-14 мм).
Сонымен жауын-шашынның түсуінде маусымдық сипат байқалады.
Жерді қар басып жататын күндерi көп емес: жазықтықта қардың жатуы 59-88
күнге, ал тау етегінде 100 күнге созылады, ақпан айында қардың қалыңдығы
тау етегінде 26-28 см жетеді, ал жазықтықта 15 см аспайды.
Ауаның жылдық орташа температурасы 6,4-8,7° аралығында ауытқып
отырады. Жылдың ең суық айының (қаңтар) орташа температурасы 9,4-
14,1°С арасында болады, ең ыстық айда (шілде) температурасы +23-25°С
жетеді. Жылдық температураның ауытқуы 32,5-38,7°С аралығында болады.
Температураның ең төменгі деңгейі - 44°С құрайды, ал ең жоғары деңгейі
+45°С
дейін жетеді. Мұның өзi Шарын өзенінің климатының
континентальды екендігін көрсетеді.
Температураның 10°С жоғары болатын кезеңінің ұзақтығы 168-190
Достарыңызбен бөлісу: