40
жапырақшаларының ұштары үшкір, сырты қысқа түкті. Гүл сағағында 4-6-
дан гүлі бар. Гүл сағақтары ашық түсті, ұзындығы 1,5-2 см болатын, гүл
ілмешектері 10-12 мм-дей жалпақ-ланцет тәрізді немесе қатты қысқарған,
үшкір ланцет тәрізді, түкті болады. Күлте жапырақтары қысқа түкті, жоғары
жағы сүйірленген 5-7 мм ұзындықта болатын, жемісі піскен кезде дискісімен
бірге түседі. Түкті жіптесінді аналық аузы тілімденген. Жемістері піскен
кезде тостағанша жапырақшалары дискісімен қоса түсіп қалады. Гүлдеу
уақыты ұзаққа созылады (мамыр айының басынан қазан айының соңына
дейін). Қыркүйек-қазан айларында піседі. Барлық жемісі бip ұялы, пішіні шар
тәрізді, сәл ғана ұзынша, сопақ немесе жұмыртқа тәрізді, ұсақ, жалаңаш,
тегіс, диаметрі 5 - 7 мм, пісіп-жетілгенде қара түсті болады. Әдетте орташа
жемісінің ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жемісте 1-4 тұқым болады. Тұқымы
тығыз дөңгелек. Teгic, жылтыр, жаңадан жиналған жемістегі тұқым
шырынды болуы мүмкін. Тұқымының ұзындығы 2-4 мм, ені 1-2 мм
шамасында [165-166].
R.iliensis
өсімдігін Алматы облысының Іле өзені жайылмасынан 1947
жылы В.Г.Хржановский сипаттап жазған. Бұл эндемдік түр Шарын,
Мойынқұм және Іле-Балқаш-Алакөл флоралық аудандарына жататын шөлдің
өзендерінің жағалауларында өседі [167-168].
R.iliensis
өсімдігінің таралу аймағы соңғы 45-50 жылда Іле өзенінің
Қапшағай ГЭС-ін салуға байланысты күрт қысқарды. Іле өзенінің
жайылмасы Аяқ-Қалған курортының ауданынан бастап Қапшағай көпіріне
дейін толығымен су астында қалды. Мұнда ұзындығы 160-180 км және ені 3-
5 км болатын «Қапшағай су қоймасы» деп аталатын жасанды көл пайда
болды. Бұл, біріншіден,
Достарыңызбен бөлісу: