Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет26/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

 
2.2 Зерттеу әдістері 
2.2.1 Өсімдіктерді гербарийлеу және анықтау 
R.iliensis
өсімдігі популяцияларының өсімдіктерінің гербарийлерін 
жинау және кептіру дәстүрлі әдіспен жүргізілді [178]. Гербарийлерді жинау 
үшін гербарий папкасы, газет немесе гербарий салу үшін арнайы кесілген 
қағазы, гербарий торы, теша, секатор және этикетка қағазы болуы керек. 
Гербарий толық болуы керек, яғни гербарийге салынған өсімдіктерде 
сабақтардан, жапырақтардан және тамырдан басқа гүл, гүлшоғырлары мен 
жемістері болуы керек. Егер ағаш немесе бұта болса, онда бұтақтары 
жапырақтарымен, гүлдерімен, гүлшоғырларымен және жемістерімен бірге 
кесіледі. Сондай-ақ, гербарийге ағаш діңінің ескі бөлігінен қабық салу керек. 
Онсыз өсімдіктерді дәл анықтау мүмкін емес. Гербарийге арналған өсімдік 
бірден газет қағазын пайдалана отырып гербарий папкасына салынады, 
гербарийді жинау орны (облысы, ауданы, топырақ түрі; егер таулы жер 
болса, онда теңіз деңгейінен биіктігі, беткейлердің экспозициясы 
белгіленеді), жинау күні, гербарийді кім жинады (тегі, аты, әкесінің аты) 
толық жазылады. Лагерьге келгеннен кейін гербарий дереу гербарий торына 
салынып, преспен қатайтылады. Гербарийлік торды қырынан ашық, құрғақ, 
жақсы жарықтандырылған және желдетілетін жерге қою керек. Күн сайын 
кем дегенде бір рет гербарийді, яғни көйлектерін (газет қағазы) мен 
төсемшелерін ауыстыру керек. Егер өсімдік шырынды, етжеңді, яғни 
суккулент немесе сулы, су-жағалаулық өсімдік болса, онда күніне кемінде 
екі, тіпті үш рет газет көйлектері мен төсемшелерін ауыстыру керек. Бұл 
процесс гербарий әбден құрғақ болғанша күн сайын қайталанады. Әйтпесе, 
гербарий 
қарайып, 
табиғи 
көрінісін 
жоғалтады, 
гүлдері 
мен 
гүлшоғырларының табиғи түсі сақталмайды. Бұл өсімдіктерді анықтауда 
қиындық туғызады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді анықтауда 9 томдық 
«Қазақстан флорасы» [179],
2 томдық «Қазақстан өсімдіктерінің 
иллюстрациялық анықтағышы» [180], 10 томдық «Орта Азия өсімдіктерінің 
анықтағышы» [181], 30 томдық «КСРО флорасы» қолданылды [182]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет