Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет25/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

R.iliensis
өсімдігінің таралу аймағының 
(диапазонының) бұзылуына әкеліп соқтырды; екіншіден, тек қана Іле 
өзенінің төменгі ағысының ғана емес, жалпы Оңтүстік Балқаш өңірінің 
экологиялық жағдайының, климатының күрт нашарлауына алып келді. 
Қапшағай ГЭС-нен төмен Іле өзенінің су деңгейі күрт төмендеді, соның 
нәтижесінде оның жайылмасын су баспайтын болды, өзеннің ескі арналары 
суға толтырылмады, дельтаның ұсақ көлдері кеуіп қалды, бұл өлеңшөпті 
және қамысты қопалардың жойылуына, тоғайлы ормандар мен тығыз, адам 
аяғы өтпейтін бұталы қопалардың сиреуіне әкеліп соқтырды. Өсімдіктердің 
сирек кездесетін және эндемдік түрлерінің, соның ішінде 
R.iliensis
популяциясының жағдайы көп нашарлады. Осыған байланысты біз Іле 
өзенінің жайылмасы мен Шарын өзенінің негізгі сол жақ саласынан 
R.iliensis
популяцияларын тауып, ботаникалық зерттеулердің дәстүрлі және заманауи 
әдістерін қолдана отырып, оларды жан-жақты зерттедік. Ондағы мақсат 
жоғарыда айтылғандай осы бағалы, сирек кездесетін, таралу аймағы 
шектеулі, эндемдік өсімдіктің қазіргі жағдайына баға беру. Осылайша, 
R.iliensis
өсімдігінің табиғи популяциясын сақтау үшін бар күш-жігерімізді 
салдық және оны интродукцияға енгізу мәселелерін қарастырдық [169-170].
Rosa 
L. өсімдігін алғаш рет 1945 жылы Украинада дәрумендік өсімдік 
ретінде мәдени жағдайда (Қазандықтың қызғылт және ароматты өсімдіктер 


41 
институтының тәжірибелік алаңында) өсірген. Қазіргі таңда Украинада 
дәрумендік өсімдіктердің плантациясын ұйымдастыру жүргізілуде 

171

. Біз 
зерттеген 
R.iliensis
сирек кездесетін, эндемдік өсімдік түрінің жемісінде 
12,5% дейін «С» дәрумені болады. Сондықтан да Қазақстан жағдайында 
дәрумендік өсімдіктердің плантациясын ұйымдастыру да зор маңызға ие
[172]. Итмұрын өсіру мыңдаған жылдарға созылады. Көптеген жағдайларда 
итмұрынның шығу-тегі мен дұрыс атауларын анықтау өте қиын [173]. 
Итмұрын туысының әртүрлі генотиптерінің химиялық құрамы 
зерттелген. Бұл зерттеулер оң нәтиже берген. Итмұрынның жемісінің 
құрамындағы дәрумендердің адамның иммунитетін нығайтуға, есте 
сақтауды, ақыл-ой белсенділігін және физикалық дамуын жақсартуда 
маңызды рөл атқаратындығы дәлелденген. Сонымен бірге итмұрыннан 
алынатын дәрумендер адам ағзасын улы заттардың әсерінен қорғайды, 
оңтайлы холестеринді сақтайды және т.б. пайдалы жақтары бар. Тұқымының 
майы халықаралық деңгейде косметикалық мақсатта қолданылады [174-175].
Гибридизация, мутация, гендерді тасымалдау және т.б. сияқты 
сұрыптау жұмыстарының нәтижесінде раушандардың заманауи сорттары 
пайда болған. Соңғы кездері Еуропадан Түркияның кейбір жерлеріне 
коммерциялық мақсатта сатылып, ескі итмұрын гүлдерінің орнына 
отырғызылған. Бүкіл әлемдегі 18 000 итмұрын сорттарынан Еуропада 
шамамен 10 000-нан астам түрлері бар, бірақ Еуропадағы жабайы 
итмұрындардың алуантүрлілігі Түркия, Азия және Кавказ елдеріне қарағанда 
аз, сондықтан бұл жағдай Еуропалық раушандардың жаңа сорттарын 
көбейтуге және жаңа формаларын ашуға мәжбүрлеген [176]. Еуропада 
итмұрынның (
Rosa 
L.) жемістерінен, гүлдерінен бояу алынады. Итмұрынның 
(
Rosa 
L.) барлық мүшелерінен алынатын биологиялық белсенді заттар, атап 
айтқанда «С» дәрумені, антиоксиданттар, эфир майлары және т.б. медицина 
салаларында қолданылады.
Rosa 
L.
 
алыс және жақын шетелдердің көптеген ботаникалық 
бақтарында (Киевте, Львовта, Одессада, Санкт-Петербургте, Ташкентте, 
Алматыда, сонымен бірге Варшавада, Софияда, Позаниде және т.б. 
қалаларда) мәдени жағдайға ендірілген [177].
Бірақ та біздегі мәліметтер бойынша, 
R.iliensis
өсімдігінің 
Қазақстандағы табиғи популяцияларының мүлдем зерттелмегені және оның 
Алматы Бас ботаникалық бағында интродукцияға ендірілмегендігі 
анықталды. Сондықтан да осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Іле 
итмұрынының Алматы облысындағы табиғи популяцияларын тауып, зерттеп, 
олардың қазіргі жағдайына баға беруді және интродукцияға ендіру арқылы 
осы түрдің жойылып кетпеуіне жол бермеуді мақсат еттік. 
Зерттеу аймағы ретінде 2018 жылғы 22 қыркүйектен 20 қазан 
аралығында Алматы облысының Іле және Шарын өзендері жайылмаларынан 
R.iliensis
өсімдігінің гүлдеу және жеміс беру кезеңінде үш табиғи 
популяциясынан гербарийлік материалдары жиналды. Шарын өзені 


42 
жайылмасынан жиналған 
бірінші популяцияның
координаттары GPS 
навигатордың көрсеткіштері бойынша мынадай: 79°15'44.1" солтүстік 
ендікте, 43°31'26.4"
шығыс бойлықта, теңіз деңгейінен 629 м биіктікте 
орналасқан. Іле өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасынан жиналған 
екінші 
популяцияның
 
координаттары: 79°34'46.4" солтүстік ендікте, 43°58'19.8" 
шығыс бойлықта, теңіз деңгейінен 494 м биіктікте орналасқан. Іле өзенінің 
төменгі ағысының жайылмасынан жиналған 
үшінші популяцияның
координаттары: 76°57'37" солтүстік ендікте, 44°09'50.6" шығыс бойлықта, 
теңіз деңгейінен 417 м биіктікте орналасқан (1 кесте).
Кесте 1 - 
R.iliensis
жиналған үш популяцияның координаттары туралы 
мәліметтер 
Популяция 
Өсімдік 
материалы 
Жиналған жері 
GPS Координаттары
Биіктігі 
РI
Гүлдері, 
тұқымдары 
Шарын өзенінің 
жайылмасы 
79°15'44.1" солтүстік ендікте,
43°31'26.4"
шығыс бойлықта 
629 м 
РII
Гүлдері, 
тұқымдары 
Іле өзенінің 
жоғарғы ағысы 
79°34'46.4" солтүстік ендікте,
43°58'19.8" шығыс бойлықта 
494 м 
РIII
Гүлдері, 
тұқымдары 
Іле өзенінің төменгі 
ағысы 
76°57'37" солтүстік ендікте,
44°09'50.6" шығыс бойлықта 
417 м 
Геоботаникалық 
зерттеулер 
дала 
жағдайында 
жүргізілсе, 
фитохимиялық зерттеулерді жүргізу үшін 
R.iliensis
өсімдігінің материалдары 
(гүлі, жемісі, тұқымы, гүлдеу және жеміс беру кезеңдеріндегі жапырақтары) 
жиналды.
Сурет 4 - 
Rosa iliensis
өсімдігінің жаңа піскен және кептірілген жемістері 
Ботаникалық идентификация б.ғ.к., доцент А.А.Аметовпен бірге 
орындалды. Үш популяциядан жиналған 
R.iliensis
өсімдігінің гербарийлік 
үлгілері Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи 
ресурстар министрілігі, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі 
48 


43 
комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық 
жүргізу 
құқығындағы 
республикалық 
мемлекеттік 
кәсіпорнының 
гербарийлер қорында (АА индексі, үлгінің нөмірі Фисюн 3389) сақтаулы. 
Жемістері екі фракцияға бөлінді: жеміс жұмсағы және тұқымдар (сурет 4). 
Өсімдік материалының барлық бөліктері сұйық азотпен өңделді, ал 
бөліктердің мөлшері 2 мм-ден аз болды. 
Зерттеу аймағы – Алматы облысының Іле және Шарын өзендерінің 
жайылмалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет