Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет11/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

1.1.1 
Rosa 
L. туысының систематикалық жағдайы, таралуы мен 
маңызы 
Rosales 
қатарының 
Rosaceae 
Juss. тұқымдасына жататын 
Rosa
L. туысы 
табиғи жағдайда солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропикалық 
аймақтарында, жартылай орманды далалық шөлейттерде және шөлейтті 
жерлерде, әдетте жарық түсетін ормандарда, орман шетіндегі ашық 
жерлерде, өзендердің жайылмаларында, жыралы сайларда өседі. Таулы 
аудандарда (Орта Азия) көптеген жерлерді алып жатады [37]. Туыста 
Еуропада, Таяу Шығыста, Азияда және Солтүстік Америкада кең таралған 
120-ға жуық түрі бар. ТМД-да итмұрынның 63 түрі және мәдени 
итмұрынның 10 түрі өседі, оның ішінде Қазақстанда 21 итмұрын және 
мәдени итмұрынның 3 түрі бар [38-39]. Олардың ішінде мәңгі жасыл және 
түспелі жапырақты формалары да бар [40].
 


15 
Итмұрынның шығу-тегі туралы мәселелермен көптеген зерттеушілер, 
ең алдымен, систематиктер айналысты. Дегенмен әлемдік әдебиеттерде бұл 
туыстың шығу-тегі мен дамуы туралы бірыңғай көзқарастар қалыптаспаған. 
Rosa
L. туысын жүйелеу күрделілігі және жалпы олардың нақты 
eместігі, біріншіден, бұл туыстың жалпы филогениясының зерттелмеуімен; 
екіншіден, көптеген авторлардың филогенетикалык жүйелеуде түрдің шығу-
тегі процесіне белгілі шарт қоймауымен түсіндіруге болады. 
Кеңес Одағы кезінде итмұрынды (
Rosa
L.) зерттеумен белгілі флорист 
В.Г.Хржановский (1947, 1949, 1951, 1958) айналысқан. Ол өзінің 1953 жылы 
«Советская наука» деп аталынатын мемлекеттік баспадан жарық көрген 
итмұрындар (
Rosa
L.) деген монографиялық еңбегінде Карл Линнейден 
(Linnaeus C., 1753), А.П.Декандольдан (Decandolle, 1813) бастап, итмұрын 
(
Rosa 
L.) туысына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарының барлығына 
талдау жүргізе келе, осы 
туыстың классификациясын жасаған. 
В.Г.Хржановский бұл еңбегінде итмұрын (
Rosa 
L.) туысын 2 туыс тармағына 
бөлген: 
Туыс тармағы I. Stylorhodon Dimortier Hult. (1824) 11; Roses de Belg. 
(1867) 62, Еmend, mihi. (Хржаноский, 1952, 24). Бұл туыс тармағын 2 
секцияға бөлген.
Секция 1. Synstylae DC. Cat.Hart. Mon sp. (1813) 137 p.p. Бұл секцияға 
көптеген тар локальды түрлерді жатқызған. 
Секция 2. Leucanthea M.Pop.et Chrschan. в Бот.Журн. АН ССР, т.32, №6 
(1947) 266. (
Rosa Beggeriana
Schrenk., 
R.Silverhjelmii
Schrenk., 
R.huntica
Chrschan., 
R.pisiformis
D.Sosn., 
R.iliensis 
Chrschan., 
R.Albertii
Rgl., 
R.Gebleriana
Schrenk., 
R.Laxa
Retz., 
R.Ellenae
Chrschan., 
R.Rajkovae
Chrschan.).
Туыс тармағы II. Cynorhodon Dumortier Hult (1824) 11; Roses de Belg. VI 
(1867) 44. Emend. Mihi., Хржановский, 1952, 25). Бұл туыс тармағын 11 
секцияға бөлген.
Біз зерттеген сирек кездесетін, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігін 
В.Г.Хржановский 1-ші туыс тармағының, 2-ші секциясындағы 
Rosa 
Beggeriana
Schrenk., 
R.silverhjelmii
Schrenk., және т.б. барлығы 10 түрмен 
бірге топтастырады. Оның пікірінше, 
R.iliensis
бірқатар белгілері бойынша 
R.Beggeriana
және 
R.silverhjelmii
түрлеріне жақын; бірақ оның 
R.Beggeriana
-
дан жартылай ширатылған бұтақтарымен, түксіз, барлық уақытта қарапайым 
тісшелі жапырақшаларымен, қосалқы жапырақшаларында болатын біртектес 
иілген тікендерімен, түксіз және шар тәрізді жемістерімен; ал 
R.silverhjelmii
-
ден жемістерінің қара түсті (піскен кезде), гүл асты жапырақшаларының 
түкті болып келуімен және өзен жайылмасында өзен жағалауларындағы 
құмдарда таралуымен оңай ажыратылады. 
Табиғи таралу аймағы: Тянь-Шань. 
Бұл түрді Қазақстаннан (Іле өзенінің жайылмасынан, Ескі Іле елді-
мекеніне жақын жерден, алғашқы рет В.Г.Хржановский (1947) сипаттап 


16 
жазған. Бұл түрдің Гербарийі Ботаника институтының қорында УССР ҒА-да 
(Киев) сақтаулы. 
Шаруашылықтағы маңызы. Құнды сәндік өсімдік. Дәруменге бай, оның 
жеміс қабында құрғақ салмаққа шаққанда 12,5% «С» дәрумені бар. 
Жемісінен көп мөлшерде бояу алынады.
Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп 
атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен 
қолданылады. 
Итмұрын шығу-тегі бойынша жеміс-жидекті өсімдіктердің ішінде 
жоғары тұрады, құрамында адамға қажетті биологиялық белсенді заттардың 
барлығы кездеседі. Биохимиялық зерттеулер бойынша бұл өсімдік басқа 
өсімдіктерден саны мен сапалық құрамы жағынан поливитаминнің және 
биологиялық белсенді заттардың табиғи көзі болып табылады. Оның 
жемісінде 
адам 
ағзасының 
физиологиялық 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын дәрумендердің тең жартысы кездеседі. Сондықтан да 
көптеген елдерде итмұрын барлық жағынан халық шаруашылығында тиімді 
қолданылады [41-42]. 
Күзде гүлдерінен сарғыш немесе қызғылт түсті етжеңді жемістері 
пісіп-жетіледі. Жемістерінің пішіні көлемі әртүрлі. Мысалы, 
R.iliensis 
жемісі 
«бұршақтай» болса, жапондық итмұрынның жемісі кішкентай алманың 
көлеміндей болады [43].
Итмұрын мамыр айының соңынан маусым айының ортасына дейін 
гүлдейді. Гүлденудің жалғасы 20 күнге созылады, ал жеке гүлдері 2-5 күн 
ауа-райы жағдайына байланысты гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек 
айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсi қызыл немесе 
қызғылт-сары болады [44-45]. 
Итмұрынның кейбір түрлерінде гүлденудің басында барынша төзімді 
және жылдың температуралық ерекшеліктеріне тәуелді қасиет ерекше болып 
табылады. Бір туыстағы түрлер географиялық жағдайдан бөлек бip уақытта 
болатын гүлдену фазасына ие [46].
Гүлдену ұзақтығы тікенді итмұрында - 10 
күн, даур итмұрынында - 23 күн, ал телімді итмұрында - 94 күнге созылады. 
Арнайы бөлек алынған гүлдерінің тіршілік етуі зертханалық жағдайда да, 
табиғи жағдайда да 2-3 күнді құрайды.
Итмұрындар өздерінің гүлдерінің сәнділігімен (қызғылт, кейде ақ 
немесе сары түсті) және тамаша жұпар иісімен белгілі. Олардың түкті және 
кейбір кең тараған формаларын сәндік өсімдіктер ретінде мәдени жағдайда 
отырғызады. Бақтық раушандар - итмұрындарды интродукцияға ендірудің 
нәтижесінде шығарылған және ертедегі уақыттан ерекше сәнділігімен көз 
тартады. Қазіргі кезде итмұрындардың көптеген сәндік сорттары белгілі. Ол 
гүл өсіруші селекционерлердің көптеген ұрпақтарының қажырлы 
еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Қызыл казандық раушан (красная 
казанлыкская – 
R.damascena f. trigintipetala
) өндірісте қолданысқа ие, оның 
күлте жапырақшаларынан аса құнды, жағымды иісті май алынады. 
Итмұрынның бұл түрін эфир майлы өсімдік ретінде мәдени жағдайда 


17 
отырғызады; күлте жапырақшаларынан тоспа дайындайды. Итмұрынның осы 
түрінің мәдени жағдайда отырғызылатын аудандарында, сапасы төмен май 
алынатын, ақ қазандық раушан (белая казанлыкская роза – 
R.alba
) кең 
таралған; оның «жемістерінде» 1 г құрғақ затқа шаққанда 2000-4000 мг дейін 
«С» дәрумені болады. Осы «С» дәрумені Беггер раушанының (
R.beggeriana

жемісінде жоғарыда аталған түрдегіден екі есе көп жиналады (100 г құрғақ 
затқа шаққанда 8750 мг). Бұл түр Тянь-Шанда (яғни Қазақстанда), Қытайда 
және Монғолияда кең таралған. Бірқатар жабайы раушандардың, ТМД 
елдерінде кездесетін раушандардың 60-тай түрінің, бірқатары «С» 
дәруменіне бай. Мысалы, қоңыр раушанның (шиповник коричный – 
R.cinnamonea
) жемісінде 100 г құрғақ салмаққа шаққанда 2000 мг «С» 
дәрумені болады; одан басқа В
2
, К, Р дәрумендері және А провитамині 
болады. Сонымен қоңыр раушан көп дәруменді (поливитаминді) өсімдік. Ол 
өте маңызды, өйткені авитаминозды ауру көп жағдайда бір дәруменнің 
жетіспеуінен емес, керісінше олардың тобының (бірнеше дәрумендердің) 
жетіспеуінен пайда болатындығы дәлелденген. 
Көптеген түрлері дәрілік өсімдік ретінде медицинада қолданылады. 
Итмұрынның гүлдерінен май алынады. Ол парфюмерияда, косметикада және 
медицинада қолданылатын аса маңызды өнім. Итмұрынның жемісі 
дәруменге бай, мысалы, Қазақстан флорасының эндемдік түрі Іле 
итмұрынының (
R.iliensis
) жемісінің құрамында 12,5% дейін «С» дәруменінің 
болатындығы анықталған. Итмұрындарды сәндік өсімдіктер ретінде XIX 
ғасырдың соңынан бастап барлық елдерде мәдени жағдайда отырғызады 
және селекциясымен айналысады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша 
раушанның 25 000 сорттары мен формалары белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет