Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Алғаш рет Іле және Шарын
өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, таралу аймағы шектеулі,
эндемдік
R.iliensis кездесетін геоботаникалық сипаттамалар берілді және
өсімдіктер қауымдастығының флоралық құрамына талдау жасалынды.
R.iliensis өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің (жапырақ, сабақ) морфо-
анатомиялық құрылыс ерекшеліктері зерттеліп, оларға сипаттамалар берілді.
Гүлінің, жапырағының, жемісінің, тұқымының құрамындағы биологиялық
белсенді заттар анықталды. Олардан басқа
R.iliensis өсімдігінің үш
популяциясының да топырағына кесінділер салынып, генетикалық
горизонттары бойынша морфологиялық сипаттамалар жасалды, әр
горизонтынан сынамалар алынып, оларға химиялық талдаулар жасалынды.
Нақтырақ айтқанда, топырақтың қарашірінділер мөлшері, pH мәні және
ылғалдылық деңгейі анықталды. Сонымен бірге топырағының механикалық
және химиялық құрамына да талдау жасалынды. Жүргізілген осындай
кешенді зерттеулердің нәтижесінде
R.iliensis өсімдігінің биологиялық және
экологиялық ерекшеліктеріне қатысты бірқатар жаңа, тың мәліметтер
алынды. Бұл мәліметтер
R.iliensis өсімдігінің зерттеуге алынған
популяцияларының қазіргі кездегі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға беруге
және оны қорғауға қатысты нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Іле және
Шарын өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, таралу аймағы
шектеулі, эндемдік
R.iliensis өсімдігінің популяцияларын кешенді зерттеу
нәтижелері негізінде оның қазіргі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға берілді.
R.iliensis өсімдігінің Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларындағы
популяцияларынан жиналған тұқымдары арқылы Іле Алатауының далалық
биіктік белдеуінде орналасқан «Талғар» қаласы жағдайында интродукцияға
ендірілді. Бұл жерде олар жақсы өсіп, үшінші жылы гүлдеп, жеміс берді. Осы
интродукцияға ендірілген
R.iliensis өсімдігінен жиналған тұқымдар, түрдің
генофондын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты, Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және
фитоинтродукция
институты»
шаруашылық
жүргізу
құқығындағы
республикалық
мемлекеттік
кәсіпорнының
«Қазақстанның
табиғи
флорасының тұқым банкісі» зертханасына өткізілді.
R.iliensis тамаша сәндік
және дәрілік өсімдік, сондықтан да оның интродукцияға ендірілген
формаларын селекциялық жұмыстарда, итмұрынның жаңа Қазақстандық
сәндік сорттарын шығару мақсатында аналық өсімдік (маточник) ретінде
пайдалануды ұсынамыз.
R.iliensis өсімдігінің жемістеріне, тұқымдарына,
гүлдеріне және жапырақтарына жүргізілген фитохимиялық зерттеулер,
олардың
құрамында
бірқатар
биологиялық
белсенді
заттардың
болатындығын көрсетті. Оларға «С» дәрумені, антиоксиданттар, эфир
майлары және басқалар жатады. Бұл заттар медицинада үлкен сұранысқа ие.
R.iliensis өсімдігінің жемісінде «С» дәруменінің мөлшері 12,5%-дан асады,
бұл үлкен көрсеткіш. Егер де мемлекет тұрғысынан қаржылай және басқалай
8
қолдау болса,
R.iliensis өсімдігінің плантациясын өсіріп, Қазақстанның
дәрумендік өндірісін қажетті арзан, табиғи шикізатпен қамтамасыз етуге
дайынбыз.