Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет5/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

Зерттеу нысаны: 
R.iliensis
өсімдігінің табиғи үш популяциялары: 
бірінші популяция - Шарын өзенінің жайылмасы, екінші популяция - Іле 
өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасы, үшінші популяциясы - Іле өзенінің 
Қапшағай ГЭС-нен төменгі ағысының жайылмасы.
 
Зерттеу пәні: 
сирек кездесетін, эндемдік
 
R.iliensis
популяцияларының 
экологиялық-биологиялық, геоботаникалық, морфо-анатомиялық және 
биологиялық белсенді заттарының фитохимиялық сипаттамасы
 
Жұмыстың мақсаты: 
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларында 
сирек кездесетін, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің популяцияларын тауып, 
оларға геоботаникалық сипаттамалар жүргізіп, өсімдіктер қауымдастығының 
флоралық құрамына талдау жасау және осы түрдің популяцияларының 
қазіргі жағдайына баға беру. Сонымен бірге өсімдіктің осы түрін қорғауға 
қатысты нақты ұсыныстар беру болып табылады. 
Зерттеу міндеттері:
1.
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, 
эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің 
популяцияларын 
тауып, 
оларды 
геоботаникалық тұрғыдан сипаттау; 
2.
R.iliensis
өсімдігінің 
популяциялары 
деңгейіндегі 
ценопопуляцияларды бөліп қарастыру, олардағы осы түрдің жастық құрамын 
анықтау; 
3.
R.iliensis
кездесетін өсімдіктер қауымдастығының флоралық 
құрамын анықтау, оларға жан-жақты талдау жасау; 
4.
R.iliensis
өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің (сабағының және 
жапырағының) морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін зерттеу; 
5.
R.iliensis
өсімдігінің гүлінің, жемісінің, тұқымының құрамындағы 
биологиялық белсенді заттарды анықтау; 
6.
R.iliensis
өсімдігін Іле Алатауының далалық биіктік белдеуі 
жағдайында интродукцияға ендіру. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет