бірінші және
екінші популяция
) немесе 6-7 бос қатарлы (
үшінші популяция
) изодиаметрлік
жасушалардан тұратын алғашқы қабықтың колленхималанған паренхимасы
орналасқан.
Популяция 1
Популяция 2
Популяция 3
1 – эпидермис, 2 - колленхима, 3 - алғашқы қабықтың колленхималанған паренхимасы, 4 - тозды
(лубяных) талшықтар тобы, 5 - сыртқы флоэма, 6 - камбий, 7 – ксилема, 8 – тасты клеткалы өзек
жасушалары, 9 – ішкі флоэма (
үлкейткіші 140
)
Сурет 9 -
R.iliensis
сабағының анатомиялық құрылысы
113
Негізгі паренхиманың жасушалары айтарлықтай ірі, қалың қабырғалы
созылыңқы-дөңгелек немесе сопақша пішінді. Жасушалардың төменгі қатары
топтасып орналасқан тінді (лубяные) талшықтарға қабысқан. Одан ары
сыртқы флоэма тұтас қабат түзеді, одан кейін камбиальды жасушалардың
қабаты, содан кейін ксилема түтіктері орналасады. Ішкі флоэма әр өткізгіш
шоқтың астындағы өткізгіш сәулелермен аяқталады. Айта кету керек,
орталық цилиндрдің негізгі бөлігін ішінара коллатеральды типті ұласқан
түтікті-талшықты шоқтар алып жатыр. Екінші флоэма мен екінші ксилема
арасында камбийдің қабаты көрінеді. Екінші флоэма тігінен кесіндісінде ірі
електі түтікті және жұқа қабырғалы тозды (лубяной) паренхимадан тұрады.
Екінші ксилема торлы түтіктерден, саңылаулы трахеидтерден және жай
саңылаулы сүректі талшықтардан тұрады. Алғашқы ксилеманың өзекке
тікелей жақын орналасқан түтіктерінің қабырғалары сақиналы және
спиральды қалыңдаған. Сабақтың негізгі биометриялық көрсеткіштері:
алғашқы қабық қалыңдығы, орталық цилиндрдің диаметрі және ксилема
түтіктерінің ауданы 20 кестеде көрсетілген. Орталық цилиндрдің
қалыңдығында тасты клеткалар идиобластар бар өзектің жасушалары
байқалады (9 сурет).
24 кестеден
бірінші және екінші популяциялардың
биометриялық
көрсеткіштерінің ұқсастықтарын атап өткен жөн.
Осылайша, бір-бірінен алыс қашықтықта және теңіз деңгейінен әртүрлі
биіктікте орналасқан Іле және Шарын өзендерінің 3 популяцияларынан
жиналған
R.iliensis
жер үсті вегетативті мүшелерінің (сабағы мен жапырағы)
морфо-анатомиялық құрылымын салыстырмалы аспектіде зерттеу төменде
көрсетілген нәтижелер берді.
Кесте 24 –
R.iliensis
сабағының биометриялық мәліметтері
Популяциясы
Алғашқы қабық қалыңдығы,
мкм
Орталық цилиндрдің
диаметрі, мкм
Өткізгіш шоқтардың
ауданы, х10-3мм
2
P1
50,525±3,265
343,225±3,265
41,564±9,321
P2
49,658±3,017
322,556±1,751
42,597±5,385
P3
45,238±2,201
296,114±2,789
35,715±8,641
R.iliensis
нағыз мезофит екендігіне күмән жоқ. Мұны, біріншіден, бұл
түрдің Іле мен Шарын өзендерінің жайылмаларында ғана кездесетіндігі,
екіншіден, оның жапырақ тақтасы мен сабағының анатомиялық
құрылымының ерекшеліктері дәлелдейді.
R.iliensis
жапырақ тақтасының
биометриялық мәліметтері
бірінші
және
екінші популяциялардан
жиналған
сынамаларда шамамен көрсеткіштері бірдей болды. Бұл жапырақтың, оның
жоғарғы және төменгі эпидермисінің, бағаналы және борпылдақ мезофилдің
қалыңдықтарына, сондай-ақ өткізгіш шоқтардың ауданына байланысты. Осы
көрсеткіштер
бойынша
үшінші
популяциядан
жиналған
R.iliensis
жапырағының сынамасы
бірінші
және
екінші популяциядан
жиналған
жапырақ сынамаларынан кем түспейді. Сонымен қатар,
үшінші
114
популяциядағы
R.iliensis
жапырақ эпидермисінің трихомалары айқын,
жапырақтың беткі бөлігін жеткілікті ұзын және тығыз жабады. Бұл толық
заңды процесс, өйткені
R.iliensis
үшінші популяциясы
Іле өзенінің төменгі
ағысындағы алқаптарда тоғай орманын құрайтын ағаштардың көлеңкелі әсері
жоқ, жағалау белдеуінен біршама алыс, неғұрлым биік және ашық жерден
табылған. Сондықтан
үшінші популяциядан
табылған
R.iliensis
біршама
ксерофильді. Бұл, әдетте,
R.iliensis
сабағының анатомиялық құрылымының
ерекшеліктерімен дәлелденеді. Биометриялық мәліметтер көрсеткендей,
бірінші
және
екінші популяциялардың
сабақтарының алғашқы қабығының
қалыңдықтары дерлік бірдей. Орталық цилиндр мен өткізгіш шоқтарының
диаметрлерінің көрсеткіштері ұқсас. Жоғарыда аталғандар бойынша,
үшінші
популяциядан
жиналған
R.iliensis
көрсеткіштері
бірінші
және
екінші
популяциялардан
төмен екендігі анықталды.
Бұл әбден заңды процесс, өйткені Орта Азия мен Қазақстанның
ботаникалық-географиялық аудандастыру картасы (схемасы) (Рачковская
және т.б., 2003) бойынша
R.iliensis
екі популяциясын
тауып, сипаттаған, Іле
тауаралық қазаншұңқырының жоғарғы бөлігі Жоңғар провинциясының
анклавы ретінде қарастырылады, ал осы түрдің
үшінші популяциясы
сипатталған жазық бөлігі Шығыс Солтүстік Тұран провинция тармағына,
Сахара-Гоби шөлді аймағының шегіндегі облыстардың Иран-Тұрандық
шөлінің Солтүстік-Тұран провинциясына жатады. Іле тауаралық ойпатының
жер бедері құрылымының ерекшеліктері жазықтағы биіктіктердің
айтарлықтай айырмашылығы болып табылады: аздаған (50-60 км)
қашықтықтың өзінде жер бедері теңіз деңгейінен 1500-ден 500 м-ге дейін
өзгереді. Ойпаттың жоғарғы және төменгі бөліктерінің климатында
айтарлықтай
айырмашылықтар
байқалады:
температураның
күрт
жоғарылауы және жауын-шашынның ойпаттың жоғары бөліктерінен төменгі
гипсометриялық деңгейге дейін төмендеуі. Сондай-ақ шығыстан батысқа
қарай бағытта территорияның біртіндеп аридтенуі байқалады. Әрине, бұл
топырақ пен өсімдік жамылғысының өзгеруіне әкеліп соқтырады және
өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің морфо-анатомиялық құрылымында да
өзінің ізін қалдырады
258
.
Жалпы алғанда, Іле және Шарын өзендерінің жайылмасынан жиналған
R.iliensis
өсімдігінің үш популяциясының жер үсті вегетативті мүшелерінің
(сабағы мен жапырағы) морфо-анатомиялық құрылымын зерттеу, жергілікті
жер бедерінің, топырақ жамылғысының, оның физикалық-химиялық
құрамының, ауа мен топырақ ылғалдылығының, әсіресе температура
режимінің шамалы өзгеруі өсімдік жамылғысы мен оның флоралық
құрамының өзгеруіне әкелетінін көрсетті
259
. Сонымен қатар, бұл белгілі
бір дәрежеде өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің морфо-анатомиялық
құрылымында көрінеді. Неғұрлым төзімді және бейімделгіш түрлер көп
қиындықсыз жаңа экологиялық жағдайларға оңай бейімделеді, ал аз
бейімделген түрлер әлбетте нашар жерсінеді және біртіндеп қатардан
115
шығады. Бұл барлық өсімдіктердің, соның ішінде сүректі-бұталы
жыныстардың тіршілік формаларына тән. Сондықтан
R.iliensis
өсімдігін
ортаның қалыптасқан жағдайына айтарлықтай төзімді және бейімделгіш
түрге жатады деп айта аламыз. Ол қоршаған ортаның экологиялық
жағдайларына жақсы бейімделеді және тұқыммен де, вегетативті жолмен де
сәтті қайта қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |