Чилдибаева асел жумагуловна


Іле өзенінің төменгі ағысының жайылмасындағы



Pdf көрінісі
бет54/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

 
Іле өзенінің төменгі ағысының жайылмасындағы
 
өсімдіктердің 
шарушылықтағы маңызды топтары 
№ 
Шикізатты өсімдік топтары 
Абсолюттік 
саны 
%-дық үлесі 





Эрозияға қарсы тұратын 
60 
46,2 

Арамшөптер 
57
43,8 

Малазықтық 
46 
35,4 

Дәрілік 
26 
20 

Сәндік 
16 
12,3 

Улы 
16 
12,3 

Бал жинайтын 
15 
11,5 

Тағамдық 
12 
9,2 

Эфир майлы 
10 
7,7 
10 
Бояу алынатын 

5,4 
11 
Дәрумендік 

4,6 
12 
Целлюлозалы-қағазды, талшық алынатын, шыны майлы

3,8 
13 
Техникалық
4
3,1 
14 
Тоқыма, құрылыс материалы ретінде, илік заттар, сабын 
алынатын, отынға, көгалдандыруға, топырақты 
құнарландыруға пайдаланылатын, инсектицидті
1-3 
2,3 
Пайдалы өсімдіктердің бірқатары кешенді қызмет атқарады. Мысалы, 
Glycyrrhiza uralensis
Fisch. дәрілік, тағамдық, (халва жасауда, сыра ашытуда), 
техникалық және эрозияға қарсы тұратын өсімдік ретінде аса құнды. 
Phragmites 
austrialis
Trin. целлюлозалы-қағаз өндірісінде, құрылыс 
материалы, малазықтық және эрозияға қарсы тұратын өсімдік ретінде де 
маңызды. 
Populus pruinosa
Schrenk. және 
P.diversifolia
Schrenk. өсімдіктері 
целлюлозалы-қағаз өндірісінде, құрылыс материалы ретінде қолданысқа ие. 
Сонымен қатар бұл өсімдіктерді сіріңкенің шиін, фанера жасауға 
пайдаланады, илік заттар өндіруде, бояу алынады, сәндік және эрозияға 
қарсы тұратын өсімдік ретінде де маңызды. 
Rosa Beggeriana 
Schrenk.,
 
R.iliensis 
Chrshan. өсімдіктерінен «С» дәрумені және дәрілік препараттар 
алынады. Жемісінен және тамырынан илік заттар мен бояу алынады. 
Итмұрынның түрлері сәндік және эрозияға қарсы тұратын өсімдіктер ретінде 
де аса маңызды.
 
Сондай-ақ Іле өзенінің төменгі ағысы жайылмасында бірқатар сирек 
кездесетін, 10 эндемдік түрлері кездеседі. Оларға
Tulipa behmiana
Rge., 
Berberis iliensis
M.Pop., 
Lonicera iliensis
Pojark., 
Rosa iliensis
Chrshan., 
Populus 
pruinosa
Schrenk., 
Populus diversifolia
Schrenk., 
ZigophyIlium iliense 
M.Pop., 
Haplophyllum multicaule
Vved.,
Euphorbia microcarpa
L., 
Artemisia 
heptapotamica
Poljak.
 
жатады. Бұлардың барлығының популяцияларының 
қазіргі кездегі жағдайы қанағаттанарлық емес. Сондықтан да оларға 
мониторинг жүргізіп, тұрақты түрде бақылауда ұстау қажет. Мүмкіндігінше 
бұл өсімдіктерді популяциялық деңгейде терең зерттеп, олардың қазіргі 
кездегі жағдайына ғылыми тұрғыдан баға беру керек. Сонда ғана бұл 


109 
өсімдіктерді қорғауға қатысты нақты ұсыныстар берудің
 
мүмкіндігі туады. 
Бұл кезек күттірмейтін мәселе. Себебі Іле өзенінің Қапшағай су 
электростанциясынан төменгі ағысында жыл өткен сайын шөлдену процесі 
қарқын алып келеді.
 
Қорыта айтқанда, Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан 
төменгі ағысы жайылмасының, тіптен тұтастай Оңтүстік Балқаш аумағының 
экологиялық жағдайы соңғы 40-45 жылдың ішінде үлкен өзгеріске ұшырады. 
Оның басты себебі, Іле өзеніне Қапшағай су электростанциясының 
салынуына байланысты, оның төменгі ағысында өзен суының деңгейінің 
күрт төмендеуі, өзен жайылмасын жылма-жыл бұрынғыдай су баспауы, өзен 
бойындағы үлкенді-кішілі көлшіктердің суының тартылуы және т.б. 
Осылардың барлығы Іле өзенінің төменгі ағысында ну болып өсетін бұрынғы 
қамысты-қоғалы қопалардың жойылуына, тоғай ағаштарының, бұталарының 
қурап сиреуіне, топырағының физикалық-химиялық құрамының өзгеруіне 
және жер асты суының деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. 
Нәтижесінде Оңтүстік Балқаш өңірінде ауаның ылғалдылығы төмендеп, 
шөлдену процесі орын ала бастады. Өзен жайылмасының өсімдіктер жабыны 
мен флорасының трансформациялануы осының басты көрінісі болып 
табылады. Шөлдену процесі ең алдымен осы аймақта кездесетін сирек және 
эндемдік өсімдік түрлерінің ареалдарының тарылып, популяцияларының 
азаюына әкеліп соқтыруда.
 
Бұлардың барлығының қазіргі кездегі жағдайы қанағаттанарлық емес. 
Сондықтан да олардың популяциялары терең зерттеуді қажет етеді. 
R.iliensis
өсімдігіне келсек, оның Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан 
төменгі ағысындағы популяциясы өте нашар жағдайда. Бұл жерден оның 
бірінші жылғы өскіндерін, имматурлық, тіптен вергинильдік жастық 
күйіндегі дарақтарын кездестірмедік. Тек аздаған генеративтік, сенильдік 
және субсенильдік жастық күйіндегі өсімдіктерді кездестірдік. 
R.iliensis
тамырсабақтары арқылы және тұқымымен көбейетін өсімдік.
Қазіргі қалыптасқан экологиялық жағдайда оның тұқымы арқылы 
көбеюі жоқтың қасында. Бұл мына себептерге байланысты болса керек: 
біріншіден 
R.iliensis
өсімдігінің жемісімен құстар (торғайлар, қырғауылдар) 
және ұсақ кеміргіш сүтқоректі жануарлар қоректенеді; екіншіден, тұқымның 
өнуіне қажетті ылғал жетіспейді; үшіншіден, тұқым өніп шыққанымен, олар 
бірден малдың таптауынан жойылады. Өйткені көктемнен күзге дейін бұл 
аймақта Талғар, Іле және Балқаш аудандарының малдары жайылады. Өзен 
бойына күн сайын бірнеше отар қой, үйір-үйір жылқы және мүйізді ірі қара 
малдар суға келеді. Олар жаздың аптаған ыстығында өзен жайылмасындағы 
ағаштардың көлеңкесін паналайды, осында жайылады.
Нәтижесінде ағаштардың, бұталардың жас өскіндерін жейді, әрі 
таптайды. Бұл аймаққа жаз айларында демалушылар мен балық аулаушылар 
жиі келеді. Олар өздерінен соң тау-тау қоқыстар қалдырады, от жағып оны 
өшірмей кетеді. Осының салдарынан өзен бойындағы тоғайда өрт орын 
алады. Бұл әр кезде болып тұратын жағдай.


110 
Сондықтан да 
R.iliensis
өсімдігін жоғалтып алмайық десек, оның 
популяциясын жан-жақты зерттеп, оны қорғаудың жолдарын қарастырып, 
нақты ұсыныстар беруіміз керек: 
- Біріншіден, 
R.iliensis
өсімдігінің популяциясына тұрақты түрде 
мониторинг жүргізу керек;
- Екіншіден, орман шаруашылығы жағынан бұл жерлерге қатаң 
бақылау керек;
- Үшіншіден, бұл аймаққа демалушыларға және балық аулаушыларға 
қатаң ескертулер жасап, олардың жүрісін шектеу керек, әсіресе өрттің 
шығуына жол бермеу қажет;
- Төртіншіден, бұл өсімдікті Қазақстанның ботаникалық бақтарында 
интродукцияға ендіру қажет.
Осы тұрғыдан алғанда Іле эксперименталдық ботаникалық бағы және 
Алматы қаласындағы бас ботаникалық бақтар аса тиімді мекемелер болып 
табылады. Өйткені бұл бақтардың орналасқан жерлері, климаты және 
топырағы 
R.iliensis
өсімдігін өсіруге бірден-бір қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет