124
қабілеттері туралы мәлімделді [300]. Барлық айтылған мәлімдемелер
итмұрын құрамындағы фенолдық қосылыстардың биологиялық белсенді
қоректік заттардың маңызды тобы ретіндегі рөлін көрсетеді.
Rosa
түрлерінен
табылған фенолдық қосылыстарға тамақ рационының өте маңызды
ингредиенттері болып табылатын илік заттар, флавоноидтар [301], фенол
қышқылдары [282] және антоциандар [302] жатады. Бұл тұрғыда
R.iliensis
сығындыларынан фенолдың жалпы құрамы анықталды. TPC талдау
нәтижелері
R.iliensis
өсімдігінің мүшелерін, еріткіштерін, популяцияларын
ескере отырып салыстырмалы түрде анықталды.
Еріткіш түрі метанолды қолдану арқылы алынған сығындыларда ең
жоғары болып шыққан экстракцияланған фенолдардың құрамына
айтарлықтай әсер етті. Фенолдардың ең аз мөлшері полярлы емес еріткіш -
гексан көмегімен алынған сығындыларда анықталды. Өсімдіктің әртүрлі
мүшелеріндегі екінші реттік метаболиттердің әртүрлі мөлшерін сақтау
аксиомасына сәйкес, фенолдың жалпы құрамының ең жоғары қатынасы
R.iliensis
гүлі мен жапырақтарында анықталды. Метанолды сығындылардың
ішінде
үшінші популяциядан
жиналған жапырақ сығындысында және
екінші
популяциядан
жиналған гүлдер мен жапырақ сығындыларында TPC ең көп
мөлшерде болды.
Ғылыми әдебиеттерде
Rosa
туысының әртүрлі түрлерінде TPC
анықтауға арналған бірқатар мәліметтер бар. Алайда, TPC талдау нәтижелері
әртүрлі фенол қосылыстарының (галла қышқылы, кверцетин, троллокс)
эквиваленттерінде және әртүрлі өлшем бірліктерінде көрсетілді. Литвадан
жиналған итмұрынның органикалық түрлеріндегі жалпы полифенолдардың
мөлшері жеміс жұмсағында салмағы 130,83-тен 157,42 мг/100 г-ға дейін және
тұқымдарында 130,04-тен 207,31 мг/100 г-ға дейін өзгерді [282]. Испаниядан
жиналған
Достарыңызбен бөлісу: