Чилдибаева асел жумагуловна


өсімдігінің  бірінші популяциясының жағдайы өте қолайсыз болды. Бұл жерден  R.iliensis



Pdf көрінісі
бет69/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

 
өсімдігінің 
бірінші популяциясының
жағдайы өте қолайсыз болды. Бұл жерден 
R.iliensis
 
өсімдігі өте нашар жағдайда табылды. Біздің ойымызша, мұның себептері 
әртүрлі. Олардың негізгілері - жарықтың жетіспеуі және топырақтағы 
шамадан тыс ылғалдылық. Шарын өзенінің жайылмасы 
Fraxinus 
potamophylla
қалың орманымен жабылған. Орманның іші қатты 
көлеңкеленген және мұндай қалың орманда 
R.iliensis
өсімдігі жарық үшін 
бәсекелесті көтере алмайды. Оның үстіне Шарын таулы өзен болғандықтан, 
ағысы қатты, мұнда топырақтың ылғалдылығы өте жоғары. Оның 
жайылмасын жыл сайын көктемде қар еріп, жауын-шашын мол болған кезде 
су басады. Кей жылдары жазда да су басады. Сондықтан, 
R.iliensis,
бір 


140 
жағынан, артық ылғалдан, екінші жағынан, күшті көлеңкеден зардап 
шеккендіктен гүлдеуі де, жеміс беруі де нашар. Мұнда ол негізінен 
тамырсабақтың көмегімен вегетативті жолмен көбейеді. 
Жалпы, 
R.iliensis
популяцияларын іздестіру және оның қазіргі 
жағдайын заманауи ботаникалық зерттеу әдістерін пайдалана отырып зерттеу 
жұмыстарының нәтижелері бұл түрдің белгілі бір биіктік пен температура 
шегіне дейін өсіп, таралатынын көрсетті. Одан жоғары биіктікте ол өспейді. 
Мысалы, 
R.iliensis 
Алматы-Шонжы тас жолы көпірінен жоғары Шарын 
өзенінің жайылмаларында кездеспейді. Бұл 
R.iliensis
үшін мұндай биіктік пен 
температура режимі шектеулі екенін білдіреді. 
R.iliensis
популяциясының 
өсіп-өнуіне және таралуына ең қолайлы жер Солтүстік Тұран 
провинциясының Шығыс-Солтүстік Тұран провинция тармағына жататын Іле 
ойпатының шөлді бөлігі деп есептейміз. Іле қазаншұңқырының шөлді бөлігі 
шамамен Алтынемел ұлттық саябағының аумағында орналасқан айқай 
құмнан Балқаш көліне дейінгі аралықты алып жатады. Өкінішке орай, қазіргі 
уақытта Қапшағай су электр станциясының құрылысына байланысты Іле 
өзенінің ортаңғы ағысындағы жайылманың едәуір бөлігін су басқан. Оның 
үстіне Қапшағай су электр станциясынан төмен, Іле өзенінің атырауындағы 
экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт нашарлап кетті. Атыраудың ірілі-
ұсақты көлдері құрғап, олармен бірге қамысты және өлеңшөпті алқаптары 
жойылып, тоғайлы ормандар мүшкіл халде. Негізгі орман түзуші түрлер: 
үшкіржеміс жиде (
Elaeagnus oxycarpa
Schlecht.), түрлі жапырақты терек, 
тораңғы (
Populus diversifolia
Schrenk.), тораңғыл (
P.pruinosa
Schrenk.) және 
Литвинов терегі (
P.litwinoviana
Schrenk.) ылғалдың жетіспеуінен қурап 
қалды. Тұзды топырақтардың ауданы ұлғаюда. Бір сөзбен айтқанда, 
шөлейттену процесі Іле өзенінің атырауында ғана емес, жалпы оңтүстік 
Балқаш өңірінде де үлкен бетбұрыс алып жатыр. Әрине, бұл көптеген сирек 
кездесетін өсімдіктердің, соның ішінде 
R.iliensis
популяцияларының 
жағдайынан көрінбеуі мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігінің Бас ботаникалық бағы жағдайында және 
топырақты-климаттық жағдайы таралуының табиғи жағдайларымен толық 
сәйкес келетін Іле тәжірибелік-ботаникалық бағында және Алматы 
қаласындағы бас ботаникалық бағының жағдайында 
R.iliensis
өсімдігін 
интродукцияға енгізу қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, Іле және Шарын 
өзендерінің жайылмаларында сирек кездесетін, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігінің 
табиғи популяцияларын қорғауға алуды ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет