Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет72/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

R.iliensis
өскінінің тіршілік ету деңгейі 90% құрады. Мұндай 
көрсеткіш 
R.iliensis
үлкен оптимизммен тұқымы арқылы интродукцияға 
енгізу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік береді.
А – бірінші популяция – Шарын өзенінің жайылмасынан жиналған тұқымнан өнген 
R.iliensis
тамыр жүйесі; Б – екінші популяция – Іле өзенінің жоғарғы ағысынан жиналған тұқымнан өнген 
R.iliensis
тамыр жүйесі; В – үшінші популяция – Қапшағай ГЭС-нен төмен Іле өзенінің 
жайылымынан жиналған тұқымнан өнген 
R.iliensis
тамыр жүйесі 
Сурет 10 - Интродукцияланған 
R.iliensis
тіршілігінің бірінші жылындағы 
тамыр жүйесі (М 1:4) 
Интродукцияланған 
R.iliensis
тіршілігінің бірінші жылындағы биіктігі 
42-ден 49 см-ге дейін жетті. Бір өсімдікте тіршілігінің бірінші жылының 
вегетациялық кезеңінің соңында 3-тен 4-ке дейін өркендері жетілді. Әр 
сағақта 3-4 жұпты жапырақша саналды. Сағағы ұшында бір тақ 


144 
жапырақшамен аяқталды. Бұл 
R.iliensis
тақ қауырсынды күрделі жапырақ 
екендігін білдіреді. Сонымен қатар, тіршілігінің бірінші жылының 
вегетациялық маусымының соңында біз Алматы облысының жоғарыда 
аталған үш популяцияның барлығынан жиналған тұқымдардан өскен 
R.iliensis
тамыр жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттедік.
Шарын өзенінің жайылмасынан (бірінші популяция) жиналған 
R.iliensis 
тұқымнан өскен өсімдіктің биіктігі 49 см, бұтаның диаметрі 5-6 см, ал тамыр 
мойнының диаметрі 0,4 см жетті (10 - сурет). 
Кіндік тамыры 8 см тереңдікке дейін тік төмен қарай өседі, содан кейін 
бірнеше спираль тәрізді иіліп, тік төмен қарай өсуді жалғастырады және 
топыраққа 64 см тереңдікке енеді. Кіндік тамырдан 6-7 см тереңдіктен 
бірінші ретті бірнеше (3-4) жақсы дамыған жанама тамырлары шығады. Олар 
бастапқыда 5-6 см аралықта төмен қуыс жасап өседі, содан кейін күрт иіліп, 
кіндік тамырға параллельді тік төмен қарай бағытталады және топыраққа 36 
см тереңдікке енеді. Тамырлардың тармақталуы төртінші ретті бүйірлік 
бұтақтанудың түзілуіне дейін жүреді. Екінші ретті жекелеген бүйірлік 
тамырлардың ұзындығы 23 см, үшінші ретті жекелеген бүйірлік 
тамырлардың ұзындығы 5-7 см жетеді, ал төртінші ретті жекелеген бүйірлік 
тамырлардың ұзындығы 0,3-0,5 см-ден аспайды. 
40 см тереңдікке дейін тамырлардың тармақталу қарқындылығы өте 
қалың болса, ал одан төменірек тереңдікте сирек болды. Тамырларды жуу 
кезінде біз кіндік тамырдың түбірінің де, оның бүйірлік бұтақтарының да 
ұшына оңай жеттік. Тамырлардың ұштары түйреуіш тәрізді жуандаған және 
жалаңаш. Атап айтқанда, 20 см дейінгі кіндік тамырдың төменгі бөлігі 
толығымен жалаңаш және оның ұштары түйреуіш тәрізді жуандаған. 
Жалпы, Шарын популяциясының (
бірінші популяция
) тұқымынан өскен 
R.iliensis
тамыр жүйесі біршама жинақы және тік өсуге бейім. 
Жалпы, 15-тен 40 см-ге дейінгі тереңдікте тамырлардың тармақталуы 
өте тығыз. Бұл әсіресе әртүрлі мөлшердегі тасты бөгеттер кездесетін 
жерлерде байқалады. Тас бөгеттерінің бетіндегі тамырлар тығыз орналасқан 
және осылайша кішкентай сорғыш тамырлардың тығыз желісін құрайды. 
Сонымен қатар, бұл тамырлар көбінесе жалпақ және қабысқан. 
Іле өзенінің жоғарғы ағысының (
екінші популяция
) тұқымынан өскен 
R.iliensis 
биіктігі тіршілігінің бірінші жылының вегетациялық маусымының 
соңында орта есеппен 42 см, бұтаның диаметрі 10 см, ал тамыр мойнының 
диаметрі 0,2-0,3 см болды (1 - Б сурет). 
Кіндік тамыр 15 см тереңдікке дейін тік төмен қарай өседі, содан кейін 
тастың кедергісіне байланысты, оны айналып өтіп, доғалы иілім жасайды, 
содан кейін ол тік өседі де, топыраққа 50 см тереңдікке дейін енеді. Кіндік 
тамырдан 15 см тереңдіктен бірінші ретті бірнеше жетілген бүйірлік 
тамырлар шығады. Олар негізінен қуыс төмен қарай өседі және ұзындығы 
25-30 см дейін жетеді. Екінші ретті бүйірлік тамырлары көп, ұзындықтары 
әртүрлі, олардың кейбіреулері 20 см-ге жетеді. Тамырлардың тармақталуы 
төртінші ретті бүйірлік бұтақтану түзілгенге дейін жүреді. Үшінші ретті 


145 
бүйірлік тамырлардың ұзындығы 5-7 см, ал төртінші ретті тамырлардың 
ұзындығы 0,3-0,5 см-ден аспайды. 
Қапшағай ГЭС-нен төмен, Іле өзенінің ортаңғы ағысының 
(үшінші 
популяция)
тұқымынан өскен 
R.iliensis
биіктігі тіршілігінің бірінші жылының 
вегетациялық маусымының соңына қарай 41 см жетеді, бұтаның диаметрі 10-
11 см, тамыр мойынының диаметрі 0,5 см 
(
1 - В сурет).
Бір өсімдіктен екі өркеннен өсті. Кіндік тамыры 5-6 см тереңдікке дейін 
тігінен төмен қарай өседі, содан кейін әртүрлі мөлшердегі бірнеше тастың 
кедергісіне байланысты, оны айналып өтіп, бірнеше күрт иілімдер жасайды, 
содан кейін тік өсуді жалғастырып, топыраққа 54 см тереңдікке енеді. Кіндік 
тамырдан тасты бөгеттер жатқан 8 см тереңдіктен бірінші ретті бүйірлік 
тамырлардың массасы шоқтанып тарамдалады. Олардың көпшілігі шамамен 
бірдей ұзындықты және тасты бөгеттерге жабысады. Бұл жағдайда тамырлар 
жалпайып және қабысады. Олардың ұштары түйреуіш тәрізді жуандайды 
және жалаңаш болады. Тек бірінші ретті жекелеген бүйірлік тамырлар 
айтарлықтай ұзындыққа жетеді. Осындай ірі бірінші ретті бүйірлік 
тамырлардың біреуі 8 см тереңдіктен кіндік тамырдан шығып, қуыс төмен 
қарай өсіп, топыраққа 24 см тереңдікке енеді. 
Тамырлардың тармақталуы төртінші ретті бүйірлік бұтақтану 
түзілгенге дейін болады. Екінші ретті бүйірлік тамырлардың ұзындығы 7-10 
см, үшінші ретті бүйірлік тамырлардың ұзындығы 3-5 см, ал төртінші ретті 
бүйірлік тамырлардың ұзындығы 0,3-0,5 см аспайды. 
Кішкентай 
тамырлардың 
тармақталу 
қарқындылығы 
әртүрлі 
мөлшердегі тастар кездесетіндіктен 10-нан 100 см-ге дейінгі тереңдікте өте 
тығыз.
Жалпы, 
Алматы 
облысының 
Іле 
және 
Шарын 
өзендері 
жайылмаларының үш популяциясынан жиналған тұқымдардан өсірілген 
R.iliensis
өсімдігінің тіршілігінің бірінші жылындағы тамыр жүйелерінің 
құрылымы мен таралу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеу 
жұмыстары топырақтың горизонттары бойынша біркелкі топырақты-
климатты жағдайларда олардың жер үсті және жер асты бөліктерінің өсуінде 
елеулі айырмашылық табылмағанын көрсетті. Бұл тамыр жүйесінің ену 
тереңдігі мен таралу радиусындағы шамалы ауытқулар топырақтың 
қалыңдығымен, ондағы әртүрлі мөлшердегі тасты бөгеттердің, плиталардың 
сынықтары мен құрылыстық ерітінді қалдықтарының кездесуіне тікелей 
байланысты. 
2018 жылы 27 қазанда, яғни күз айында Алматы облысы, Талғар 
қаласында орналасқан өз үйімнің ауласына 
R.iliensis
өсімдігінің үш 
популяциясынан (Шарын өзені жайылмасы, Іле өзенінің жоғарғы ағысы, Іле 
өзенінің төменгі ағысы) 100 дана тұқымнан отырғыздым. 
Бірінші популяциядан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет