161
сайын гүлдеп, жеміс байлап тұр. Іле өзенінің төменгі ағысының
жайылмасын бұрынғыдай жылма-жыл су баспайды, жер асты суының
да деңгейі көп төмендеген. Осылардың барлығы Қазақстан флорасында
сирек кездесетін,
жойылу қаупі төніп тұрған, таралу аймағы шектеулі
R.iliensis
өсімдігінің табиғи популяцияларын қорғаудың қажеттілігін
көрсетеді.
Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан табылған
R.iliensis
популяцияларының
топырақтарына
жүргізілген
зерттеулер,
ол
жерлерде аллювиальды-шалғындық жеңіл саздақты, құмшауытты
топырақтардың кең таралғандығын көрсетті. Шарын өзенінің
жайылмасынан (бірінші популяция) салынған
топырақ кесіндісінің
генетикалық горизонттарынан алынған сынамаларға жүргізілген
химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша топырақтың үстіңгі А
горизонтындағы
қарашіріктің
мөлшері
4,07%-ды
құрады.
Гидролизденген азоттың мөлшері өте төмен (28 мг/кг), ал жылжымалы
фосфордың (36 мг/кг) және жылжымалы калийдің мөлшері (480 мг/кг)
жоғары болды. Сілтілік ортада (pH мәні 8,03) 4,52% дейін карбонаттар
болды. В горизонтында қарашіріктің мөлшері күрт төмендеді (0,77%).
Қоректік заттар да күрт төмендейді: жеңіл гидролизденетін азоттың
мөлшері 25,2 мг/кг, жылжымалы фосфор – 8 мг/кг, жылжымалы калий –
100 мг/кг. Ортаның карбонаттылығы мен сілтілігінің СО
2
мөлшері
артады (5,51% және pH мәні 8,83). Топырақтың жоғарғы горизонтының
ылғалдығы 28,3%, ортаңғы горизонттарының 24,3%, тереңірек 70 см –
10,7%.
Іле өзенінің жоғарғы ағысы жайылмасына (екінші популяция)
салынған топырақ кесіндісінің генетикалық горизонттарынан алынған
сынамаларға жүргізілген химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша
жоғарғы А горизонтының қарашірік мөлшері аз (0,31%), ал одан кейінгі
В горизонтында біршама жоғары (0,71%) болды. Мұны жоғарғы
горизонттың біршама жас және жақында
суменен әкелінген шөгінді
екенін білдіреді. Гранулометриялық құрамы бойынша барлық
профильде басым фракция ұсақ құм (50-70%) болып табылады. Осы
құмды топырақтың сіңіру сиымдылығы өте төмен және 100 г топыраққа
4,04-6,4 мг-экв аралығында болды. Жоғарғы горизонттарда сіңірілген
катиондардың ішінде магний (48,5-53,6%) және кальций (45,9-48,5%)
жоғары болды. Топырақ тұздалмаған, бірақ ортаның pH мәні сілтілі
келеді (8,4-9,11). Жазғы кезде анықталған топырақтың ылғалдылығы 27
см тереңдікке дейін 7,4%, 63 см тереңдікке дейін 10,1%, одан төмен
25,5% көрсетті.
Іле өзенінің Қапшағай су электростанциясынан төменгі ағысы
жайылмасынан (үшінші популяция) алынған
топырақ сынамаларына
жүргізілген
талдаулардың
нәтижелері
бойынша,
оның
гранулометриялық құрамында ұсақ құмды фрациялар басым болды
(82,4-86,4%). Қарашірік мөлшері жоғарғы А горизонтында аз (0,73%) ал
162
төменгі В горизонтында одан да аз (0,49%) болды. Жеңіл
гидролизденетін азот 0-8 см қабатта 25,2 мг/кг, ал төменгі
горизонттарда екі есе төмен (14-16,8 мг/кг). Топырақтың барлық
профилі бойынша жылжымалы фосфордың құрамы өте төмен (3-10
мг/кг), жоғарғы горизонтта жылжымалы калийдің мөлшері жоғары (340
мг/кг), төменгі горизонттарда төмен (50-150 мг/кг).
Сіңірілген
негіздердің мөлшері аз, 100 г топыраққа 5-7 мг-экв келеді. Сіңірілген
катиондардың ішінде магний (56-79%), содан кейін кальций (37,3-
41,9%) болады.
Жаздың ортасындағы аптаған ыстықта алынған топырақ
сынамалаына жүргізілген талдаудың нәтижесі, бұл кезде оның қатты
құрғағанын көрсетті. Барлық профильдегі ылғалдылық 1,5-2%
аралығында болды, бұл гигроскопиялық ылғалдылыққа жақын.
Сонымен Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан
Достарыңызбен бөлісу: