Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет78/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

 
Rich.)
 
тұқымдасына жататын 2 түр - дала қырықбуыны
 
(
Equisetum arvense
L.) және 
бұтақты 
қырықбуын
 
(
Е. 
ramosissimum 
Desf.), 
Ашықтұқымдылар
 
(
Gymnospermatophyta

бөліміне, 
қабықшалы 
тұқымдылар 
(
Chlamydospermatopsida
)
 
класына,
 
қылшалар
 
(
Ephedraceae
) тұқымдасына 
жататын 2 түр - қос масақшалы қылша (
Ephedra distachya
L.) және қызыл 
тамыр қылша (
Ephedra intermedia 
Schrenk et C.A. Mey.) кездесті. Флораның 
басым бөлігін жабық тұқымдылар (
Angiospermatophyta) 
бөлімінің өкілдері 
(132 түр) құрайды.
Оның ішінде қосжарнақтылар (
Dicotyledoneae)
класына 36 
тұқымдас, 112 түр,
ал даражарнақтылар (
Monocotyledoneae)
класына 4 
тұқымдас, 20 түр жатады.
Жетекші тұқымдастарға 
Asteraceae 
Dum.,
 Poaceae 
Barnhart.
, Fabaceae 
Lindl.,
 Brassicaceae 
Burnett, 
Boraginaceae 
Juss., 
Lamiaceae 
Lindl.
 
жатады.
Жалпы осы 6 тұқымдастың өкілдері Іле өзенінің жоғарғы 
ағысының
 
флорасының 53% құрайды.
Іле өзенінің төменгі ағысында (үшінші популяцияда) жоғары 
сатыдағы споралы өсімдіктерден қырықбуындар (
Equisetophyta
)
 
бөліміне жататын 1 түр - дала қырықбуыны (
Equisetum arvense
L.) 
кездессе, ашықтұқымдылар (
Gymnospermatophyta
) бөліміне жататын 1 
түр - қос масақшалы қылшадан (
Ephedra distachya
L.) тұрады. 
Популяцияның 
флорасының 
басым 
бөлігін 
жабықтұқымдылар 
(
Angiospermatophyta
)
 
бөлімінің өкілдері 128 түрді құрайды, оның 
ішінде қосжарнақтылар (
Dicotyledoneae
) класына 107 түр, ал 
даражарнақтылар (
Monocotyledoneae
) класына 21 түр жатады. Демек, 
Rosa iliensis 
Chrshan. популяциясы аумағынан біз 39 тұқымдасқа, 100 


157 
туысқа жататын түтікті өсімдіктердің 128 түрін тауып тіркедік. 
Жетекші тұқымдастарға 
Asteraceae
Dumort., 
Poaceae 
Barnhart., 
Fabaceae 
Lindl.,
Cruciferae
Juss.
 
және 
Caryophyllaceae
Juss.
 
жатады. Осы 5 
тұқымдастың өкілдері популяция флорасының 44,5% құрайды. Бірінші 
орында 
Asteraceae
Dumort. тұқымдасы 17 түрден тұрады немесе 
популяция флорасының 13,2%-ын құрайды, екінші орында 
Poaceae 
Barnhart. тұқымдасы 15 түрден тұрады немесе популяция флорасының 
11,7%-ын құрайды. Үшінші орында 
Fabaceae 
Lindl.
 
тұқымдасы 10 
түрден тұрады немесе флораның 7,8%-ын құрайды, төртінші орында 
Cruciferae
 
Juss. тұқымдасы 8 түрден тұрады немесе флораның 6,2%-ын 
құрайды, бесінші орында 
Caryophyllaceae
Juss. тұқымдасы 7 түрден 
тұрады немесе флораның 5,4%-ын құрайды. Қалған тұқымдастардың 
түрлерінің жиынтығы популяция флорасының 55,4%-ын құрайды.
Өсімдіктердің тіршілік формаларынан 3 популяцияда да 
гемикриптофиттер, яғни көпжылдық шөптесін өсімдіктер айқын 
басымдыққа ие. Шарын өзенінің жайылмасының (бірінші популяция) 
флорасының 46%, Іле өзенінің жоғарғы ағысы жайылмасының (екінші 
популяция) флорасының 49,3%, Іле өзенінің төменгі ағысы 
жайылмасының 
(үшінші 
популяция) 
флорасының 
41,5% 
осы 
гемикриптофиттер құрайды. Екінші орында терофиттер, яғни даму 
циклы қысқа біржылдық және екіжылдық өсімдіктер тұрады – 
сәйкесінше бірінші популяцияда 20,6%, екінші популяцияда 36,8%, 
үшінші популяцияда 40,8% құрайды. Үшінші және төртінші орындарда 
микрофанерофиттер (бұталар, жартылай бұталар, бұташықтар) мен 
макрофанерофиттер (ағаштар) тұрады. Соңғы тіршілік формаларының 
түрлік құрамы да, сәйкесінше пайыздық көрсеткіші де осыған дейінгі 
тіршілік формаларымен салыстырғанда көп төмен. Бірақ бұлар өзен 
жайылмасының өсімдіктер жабынында маңызды рөл атқарады. 
Біріншіден, олар жоғарғы ярустарды түзетін доминант немесе 
субдоминант болып табылады және қалың тоғай немесе адам өтпес 
қалың қопа түзіп өседі. Екіншіден, дарақтарының сандық көрсеткіші 
жағынан да басқа тіршілік формаларынан айқын басым болып келеді.
Өсімдіктердің экологиялық типтерінен 3 популяцияның алғашқы 
екеуінде мезофиттер басымдық көрсетеді. Бірінші популяцияда (Шарын 
өзенінің жайылмасы) олар флораның 41,3%, екінші популяцияда (Іле 
өзенінің жоғарғы ағысы) флораның 42,6% құрайды, ал үшінші 
популяцияда (Іле өзенінің төменгі ағысы) керісінше ксерофиттер басым 
болып келеді, флораның 48,5% түзеді. Мұндай ауытқушылықты Іле 
өзенінің Қапшағай су электр станциясының төменгі ағысында соңғы 45-
50 жылда қалыптасқан келеңсіз экологиялық жағдаймен түсіндіруге 
болады.
Шаруашылықтағы маңыздылығы жағынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет