Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет81/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

R.iliensis
 
популяциялары табылған жерлердің топырағына жүргізілген химиялық 
талдаулардың нәтижелері олардың гранулометриялық құрамында, 
ортаның карбонаттығында және сілтілігінде, жылжмалы фософрдың, 
жылжымалы калийдің және сіңірілген негіздердің, сіңірілген 
катиондардың мөлшері және тағы басқа да көрсеткіштері бойынша 
көптеген ұқсастықтардың барлығы анықталды. Сонымен бірге 
топырақтың құрамындағы қарашіріктің, ылғалдылықтың мөлшері және 
тағы басқа бірқатар көрсеткіштері бойынша айырмашылықтардың да 
болатындығы 
дәлелденді. 
Біздің 
пайымдауымызша, 
бұл 
айырмашылықтар 
R.iliensis
 
популяциялары кездесетін жерлердің теңіз 
деңгейінен қаншалықты биіктікте орналасқандығымен, сол жерлердің 
жер бедерімен, климатымен, гидрологиялық режимімен, топырақ 
кесіндісінің өзен жайылмасының қандай бөлігінде және қай кезде 
салынғандығымен тікелей байланысты болса керек.
R.iliensis
 
тамырсабақты өсімдік. Шарын өзені жайылмасында да 
(бірінші популяция), Іле өзенінің жоғарғы (екінші популяция) және 
төменгі ағыстары (үшінші популяция) жайылмаларында 
R.iliensis
өсімдігінің тамырлары жер асты суына дейін жетеді. Тамыр мойнына 
жыл сайын жаңа қосалқы тамырлар бастау алады, оларда көптеген өнім 
бүршіктері жетіледі. Келешегінде осы бүршіктерден жер беті өркендері 
және қосалқы тамырлар кетеді. Нәтижесінде итмұрынның бір түбінен 
үлкен клон түзіледі. Осылайша 
R.iliensis
 
негізінен вегетативтік жолмен 
көбейеді. Өсімдіктің кіндік тамырын, оның тұқымнан өскен жас 
дарақтарынан ғана кездестіруге болады. Келешегінде өсімдіктің кіндік 
тамырын жақсы жетілген қосалқы тамырлар алмастырады. 
R.iliensis
 
өсімдігінің Шарын өзені жайылмасынан (бірінші популяция) зерттеуге 
алынған дарағының кіндік тамыры 1 м тереңдікке дейін топыраққа еніп, 
жер асты суына дейін жетеді. Горизонталь бағытта өсетін қосалқы 
тамырларының ұзындығы 5-6 м асып түседі және атпа бүршіктері 
арқылы жер беті өркендерін беріп, үлкен клон түзеді. Іле өзенінің 


163 
жоғарғы ағысынан (екінші популяция) зерттелген өсімдіктің тамыры 
185-190 см тереңдікке дейін топыраққа еніп, жер асты суына жетеді. 
Горизонталь бағытта өсетін қосалқы тамырларының ұзындығы бұл 
жерде де 5-6 м дейін жетеді және жер беті өркендерін беріп, клон 
түзеді. Іле өзенінің төменгі ағысы (үшінші популяция) жайылмасынан 
зерттелген 
R.iliensis
 
өсімдігі біршама жастау болған. Бұл жерден оның 
кіндік және қосалқы, жанама тамырларын айқын ажыратудың 
мүмкіндігі болды. Өсімдіктің тамыр жүйесі бұл жерде біршама 
жинақылау (компактный) болды. Кіндік тамыры мен вертикаль бағытта 
өскен ірі қосалқы тамырлары топыраққа 100 см тереңдікке дейін еніп, 
жер асты суына жетті. Тамыр жүйесінің алып жатқан жер көлемінің 
диаметрі 2 м шамасында болды.
Жалпы 
R.iliensis
 
өсімдігінің тамырының өзен жайылмаларында 
топыраққа енуі, жер асты суының қандай тереңдікте жатқанымен 
тікелей байланысты. Біз зерттеуге алған 3 популяцияның да 
жағдайында 
R.iliensis
 
өсімдігінің тамыр жүйесі жақсы жетілген, жер 
асты суына дейін жетеді және атпа тамырлары мен бүршіктері арқылы 
вегетативтік жолмен көбейеді. Бұл осы түрдің популяциясының 
қалыпты жағдайда дамып, жетіліп, табиғи жолмен қалпына келіп 
отыруына бірден-бір мүмкіндік береді. 
Іле және Шарын өзегдерінің жайылмаларынан табылған 
R.iliensis
 
өсімдігінің жапырағына, гүліне, жемістері мен тұқымдарына 
жүргізілген фитохимиялық талдаулардың нәтижелері жапырағы мен 
гүлінің құрамында 51 түрлі ұшпа заттардың болатындығын көрсетті. 
Олардың негізгілеріне бензальдегид, цитронеллол және эфир майлы 
оттегімен қаныққан монотерпендер жатады. Бұл заттар косметикалық 
заттардың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге жемісінің 
құрамында дәрумендердің, («С» және «Е»), провитаминдердің, 
фенолдардың, антиоксиданттардың көп мөлшерде жиналатындығын 
көрсетті. 
Осы 
тұрғыдан 
алғанда 
R.iliensis
 
өсімдігін 
табиғи 
антиоксиданттың сенімді көзі ретінде қарастыруға негіз бар. Жемістері 
мен тұқымдарының құрамындағы майының қанықпаған бөлігінде адам 
денсаулығына қажетті, аса маңызды рөл атқаратын 

3, 

6 және 

9 май 
қышқылдарының көп мөлшерде (90%) болуы, оларды функционалдық 
тағамдық қоспалар мен тағамдық қоспалардағы ингредиенттер ретінде 
ұсынуға болатындығын көрсетті. Сонымен бірге жемістерінің, 
тұқымдары мен жапырақтарының құрамында дәрумендердің, («С» және 
«Е»), 
провитаминдердің 
(

-токоферол, 

-каротин), 
фенолдық 
қосылыстар мен минералдық заттардың болуы, олардың тағамдық 
қоспалар және әртүрлі косметикалық өнімдердің компоненттері 
ретінде, сондай-ақ медицинада маңызының жоғары екендігін көрсетеді. 
Итмұрын түрлерінің негізгі коммерциялық құндылығы – эфир майлары 
(раушан майы) мен оның жемістері.


164 
Іле Алатауының далалық биіктік белдеуінде орналасқан Талғар 
қаласының жағдайында жүргізген тәжірибеміз бойынша 
R.iliensis
өсімдігі 
мәдени жағдайда тұқымымен де, қалемшелерімен де оңай көбейді. Бұл жерде 
көктемде тұқымынан отырғызылған 
R.iliensis
өсімдігінің биіктігі бірінші 
жылдың өзінде 50-52 см құрады және әр түптен 3-тен 5-ке дейін жас шыбық 
жетілді. Кіндік тамыры топыраққа 50см тереңдікке дейін енді. Екінші жылы 
оның биіктігі 150-160 см жетті. Үшінші жылы өсімдік гүлдеп, жеміс берді. 
Оның биіктігі 236 см жетті. Мұны интродукциялық жұмыста үлкен жетістік 
деп білеміз. Олай дейтініміз, табиғи жағдайда дәннен пайда болған өскіннің 
гүлдеп, жеміс беруі өте ұзаққа ондаған жылдарға, бәлкім одан да көпке 
созылатын процесс. Сондықтан 
R.iliensis
өсімдігін интродукцияға ендіру 
арқылы бірнеше маңызды мәселелерді бір уақытта шешуге болады. 
Біріншіден, Қазақстан флорасының осындай құнды, сирек кездесетін және 
жойылып кету қаупі төнген таралу аймағы шектеулі, эндемдік 
R.iliensis
өсімдігін қорғау мәселесін түпкілікті шешуге болады. Екіншіден
R.iliensis
жемістерінде 12,5%-ға дейін «С» және «Е» дәрумендері бар аса маңызды 
дәрілік, техникалық, дәрумендік және эфир майлы өсімдік. Сондықтан да 
оны интродукцияға енгізу арқылы, жасанды плантациясын өсіріп Қазақстан 
Республикасының дәрумендік және фармацевтика өнеркәсібін қажетті табиғи 
және арзан шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, 
R.iliensis
мамырдың бірінші онкүндігінен тамыз айының соңына дейін ұзақ 
уақыт гүлдейтін бағалы сәндік өсімдік. Қалқандағы гүлдері үлкен, қызғылт 
реңді ақ түсті келеді, бұл өсімдікке ерекше сәндік көрініс береді. 
R.iliensis
күзде жеміс беру кезеңінде де сәндік қасиетін жоғалтпайды. Оның қалқанға 
жиналған қара жемістері өсімдікке ерекше, қайталанбас әдемілік береді. 
Осыны ескере отырып 
R.iliensis
өсімдігінің интродукцияға ендірілген 
формаларын селекциялық жұмыстарда, раушанның бақтарда өсірілетін 
мәдени сорттарымен будандастырып, оның Қазақстандық жаңа сәндік 
сорттарын шығару мақсатында аналық өсімдік (маточник) ретінде 
пайдалануды ұсынамыз. Егер де осындай селекциялық жұмыстардың 
нәтижесінде раушанның Қазақстандық жаңа сорттары шығарылып жатса, 
олардың республикамыздың табиғи климаттық жағдайына, раушанның 
мәдени сорттарына қарағанда көп төзімді, әрі бейімделгіш келетіндігі еш 
күмән туғызбайды. Сондықтан да мұндай сорттарды Қазақстанның 
республикалық және облыстық дәрежедегі қалаларының саябақтарын, 
скверлерін, аллеяларын, сонымен қатар шағын қалаларын, аудан 
орталықтарын, сондай-ақ шалғай елді-мекендерін де көгалдандыру үшін 
сенімді түрде ұсынуға болады.
 
 
 


165 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет