ТҰЖЫРЫМ
1. Алматы облысындағы Іле және Шарын өзендерінің жайылмаларынан
табылған Қазақстан флорасында сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған,
таралу аймағы шектеулі
R.iliensis
3 популяциясына да геоботаниканың
дәстүрлі және заманауи тәсілдерін қолдана отырып сипаттамалар бердік. Әр
популяцияны түзетін өсімдіктер қауымдастықтарының жер бетінің қанша
пайызын жауып тұрғандығына, ярустарына, доминант және субдоминант
өсімдіктеріне және ілеспелі түрлерінің ерекшеліктеріне мән бердік. Үш
популяцияның жағдайында да
R.iliensis
өсімдігі ілеспелі түрлердің қатарына
жатады, сондықтан да өсімдіктер жабынының түзілуінде шешуші рөл
атқармайды. Шарын өзенінің жайылмасында
R.iliensis, Fraxinus sogdiana
Bge.
өсімдігінен тұратын көлеңкелі қалың орманның арасындағы күн түсетін,
ашық алаңқайларда ғана аздап кездеседі. Сондықтан да бұл популяцияда
оның тіршілік күйі бір жерлерінде қанағаттандырарлық жағдайда болса,
екінші жерлерінде одан да төмендеу болады. Оның басты себебі, біріншіден,
R.iliensis
өсімдігінің таралуының бұл жер, шектік биіктігі болып табылады,
одан жоғары бұл түр мүлдем кездеспейді. Екіншіден,
Fraxinus sogdiana
Bge.
өсімдігінен тұратын, көлеңкелі, қалың орманда
R.iliensis
өсімдігіне жарық
жетіспейді. Үшіншіден, Шарын ағысы қатты тау өзені, сондықтан да оның
жайылмасын көктемде және жаз айларында көп мөлшерде су басады.
Нәтижесінде
R.iliensis
судан көп таяқ жейді. Іле өзенінің жоғарғы ағысынан
(екінші популяция) табылған
R.iliensis
популяциясы қанағаттандырарлық
жағдайда. Іле өзенінің Қапшағай Су ЭС-нан төменгі ағысынан табылған
R.iliensis
популяциясының тіршілік күйі жоғарыда аталған екі популяциямен
салыстырғанда біршама жақсырақ. Өсімдік гүлдеп, жеміс беріп тұр.
Біріншіден, бұл жердің табиғи жағдайы
R.iliensis
өсімдігі үшін аса қолайлы.
Екіншіден, Қапшағай Су ЭС төменгі ағысында соңғы 45-50 жылда
қалыптасқан келеңсіз экологиялық жағдайға байланысты өзен жайылмасында
R.iliensis
өсімдігіне жарық үшін бәсекелестік тудыратын ағаштар қурап
нәтижесінде жойылған. Сондықтан да болар
R.iliensis
өсімдігінің
популяциясы бұл жерде біршама жақсы жағдайда. Дей тұрғанмен де
R.iliensis
өсімдігінің ксерофильді жағдайға бейімделе бастағаны байқалады. Ол осы
өсімдіктің жапырағының және сабағының анатомиялық құрылысында айқын
көрініс берген.
2. Іле және Шарын өзендерінің жайылмасынан табылған
R.iliensis
өсімдігінің 3 популяциясының әрқайсысынан 3-тен ценопопуляцияларды
бөліп қарастырдық, трансекталар салып, ондағы осы түрдің дарақтарының
жастық спектрін (өскіндерін, ювенильдік, вергинильдік, имматурлық, жас
генеративтік, ересек генеративтік, қартайған генеративтік, субсенильдік,
сенильдік) анықтап, популяциялардың қазіргі кездегі жағдайына ғылыми
тұрғыдан баға берілді. Үш популяцияның да жағдайында
R.iliensis
негізінен
вегетативтік жолмен, атпа тамырлары арқылы көбейетіндігі дәлелденді.
166
Сонымен бірге бұл өсімдіктің тұқымы арқылы көбейетіндігін де жоққа
шығармаймыз.
3.
R.iliensis
кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарының флоралық
құрамына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері төмендегідей болды. Шарын
өзенінің жайылмасынан (бірінші популяция) жоғары сатыдағы өсімдіктердің
2 бөлімге, 3 класқа, 25 тұқымдасқа, 51 туысқа жататын түтікті өсімдіктердің
62 түрі тіркелді. Іле өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасынан (екінші
популяция) жоғары сатыдағы өсімдіктердің 3 бөлімге, 4 класқа, 42
тұқымдасқа, 110 туысқа жататын түтікті өсімдіктердің 136 түрі тіркелді. Іле
өзенінің Қапшағай Су ЭС-нан төменгі ағысынан (үшінші популяция) жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 3 бөлімге, 4 класқа, 39 тұқымдасқа, 100 туысқа
жататын түтікті өсімдіктердің 130 түрін тауып тіркедік. Өсімдіктердің
тіршілік формаларынан
R.iliensis
популяциялары кездесетін жерлердің
өсімдіктер
қауымдастықтарында
гемикриптофиттердің,
экологиялық
типтерден мезофиттердің, шаруашылықтағы маңызы жағынан эрозияға
қарсы тұратын, малазықтық өсімдіктердің, арамшөптердің, ботаникалық-
географиялық элементтерден голарктикалық және палерактикалық түрлердің
басымдығы айқын байқалады. Өзен жайылмасының аллювиальды
шалғындық топырағы үшін мұны заңдылық деп білеміз.
4.
R.iliensis
өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің морфо-анатомиялық
құрылысына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бұл түрдің нағыз мезофит
екендігін көрсетті. Әсіресе Шарын өзенінің жайылмасынан жиналған
(бірінші популяция) жапырақ тақтасы жұқа, түсі мөлдір келеді. Бұл
Fraxinus
sogdiana
Bge. өсімдігінен тұратын қалың көлеңкелі орманда
R.iliensis
өсімдігіне жарықтың жетіспеуінен деп түсінеміз. Ал Іле өзенінің жоғарғы
ағысынан және Қапшағай Су ЭС-нан төменгі ағысынан жиналған
жапырақтар біршама қалың және бояуы да қанық болады. Сонымен бірге
эпидермисінің сыртын жұқа кутикула қабаты мен түктер жауып тұрады. Бұл
әсіресе Іле өзенінің төменгі ағысында айқын көрініс береді. Сабағының
анатомиялық құрылысында айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды.
Тек олардың өскен ортасының экологиялық жағдайына байланысты,
жасушаларының
биометриялық
көрсеткіштерінде
ғана
аздаған
айырмашылықтар байқалады. Сабақтың өзектік бөлігінде тасты клеткалар –
идиобластар бар жасушалар айқын көрінеді. Үш популяциядан да алынған
тамырдың көлденең кесіндісінен айырмашылық мүлдем байқалмады.
5. Іле және Шарын өзендерінің жайылмасынан табылған
R.iliensis
өсімдігінің жапырағына, гүліне, жемістері мен тұқымдарына жүргізілген
фитохимиялық зерттеулер мен талдаулардың нәтижелері оның жапырағы
мен гүлінің құрамында 51 түрлі ұшпа заттардың болатындығын көрсетті.
Олардың негізгілеріне бензальдегид, цитронеллол және эфир майлы
оттегімен қаныққан монотерпендер жатады. Бұл заттар косметикалық
өнімдердің құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге жемісінің
құрамында дәрумендердің («С» және «Е»), провитаминдердің, фенолдардың,
антиоксиданттардың көп мөлшерде жиналатындығын көрсетті. Осы
167
тұрғыдан алғанда
R.iliensis
өсімдігін табиғи антиоксиданттың сенімді көзі
ретінде қарастыруға негіз бар. Жемістері мен тұқымдарының құрамындағы
майының қанықпаған бөлігінде адам денсаулығына қажетті, аса маңызды рөл
атқаратын
3,
6 және
9 май қышқылының көп мөлшерде (90%) болуы,
оларды функционалдық тағамдық қоспалар мен тағамдық қоспалардағы
ингредиенттер ретінде ұсынуға болатындығын көрсетті. Сонымен бірге
жемістерінің, тұқымдары мен жапырақтарының құрамында дәрумендердің
(«С» және «Е»), провитаминдердің (
-токоферол,
-каротин), фенолдық
қосылыстар мен минералдық заттардың болуы, олардың тағамдық қоспалар
және әртүрлі косметикалық өнімдердің компоненттері ретінде, сондай-ақ
медицинада маңызының жоғары екендігін көрсетеді. Итмұрын түрлерінің
негізгі коммерциялық құндылығы – эфир майлары (раушан майы) мен оның
жемістері.
6.Іле Алатауының далалық биіктік белдеуі жағдайында
R.iliensis
өсімдігін интродукцияға ендіру, оң нәтиже берді. Оның тұқымымен де,
қалемшелерімен де өсірген дарақтары үшінші жылы гүлдеп, жеміс берді.
Мұны үлкен жетістік деп түсінген жөн, себебі табиғи жағдайда бұл ондаған,
жылға, бәлкім одан да ұзаққа, созылатын процесс.
R.iliensis
өсімдігін
интродукцияға ендіру, біріншіден, оның жойылып кетпеуін қамтамасыз
етудің ең тиімді жолы болып табылады. Екіншіден,
R.iliensis
өсімдігінің
интродукцияға ендірген дарақтарын селекциялық жұмыстарда раушанның
мәдени сорттары ретінде пайдаланып, раушанның Қазақстандық жаңа сәндік
сорттарын шығаруға болады. Үшіншіден,
R.iliensis
өсімдігін интродукцияға
ендіру арқылы оның жасанды плантациясын өсіріп, Қазақстанның
фармацевтикалық және дәрумендік өнеркәсібін арзан, табиғи шикізатпен
қамтамасыз етуге болады.
168
Достарыңызбен бөлісу: |