Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет71/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

Rosa beggeriana, 
R.iliensis-Tamarix ramosissima-Phragmites austrialis, Calamagrostis epigeios, 
Achnatherum splendens
). Топырағы аллювиалды-шалғынды. Жер бедері тегіс 
жазық. 
R.iliensis
тұқымды жемістері 2018 жылдың 20 қазанында жиналды. Әр 
жемісте орташа есеппен 16-дан 23-ке дейін толық жетілген тұқым саналды. 
1000 жемістің ылғалды массасы 18,50 гр., ал құрғақ массасы 17,04 гр. болды. 
1000 тұқымның массасы 0,53 гр. құрады. 
R.iliensis
– мезофитті өсімдік. Мезофитті өсімдіктер Іле Алатауының 
тау етегі аймағының жағдайына нашар бейімделген және көбінесе 
толыққанды тұқым түзбейді [314-315].
Ашық жерде 
R.iliensis
өсімдігінің тұқымын себу интродукциялау 
мақсатында Іле Алатауының далалық биіктік белдеуінде, яғни Алматы 
облысы Талғар қаласының шетінде орналасқан жеке бақшада жүргізілді. GPS 
навигаторы бойынша координаттары N430 18' 44,7" E770 11' 53,4". Теңіз 
деңгейінен биіктігі 933 м. Топырағы қара-каштанды. Мұнда топырақ 
бұзылған құрылымды. Жер бедері қуыс көлбеу жазық. Бұл учаскеде жақында 
құрылыс жұмыстары жүргізілген, катловандар қазылған, айналасында 
құрылыс қоқыстары болды. Осыған байланысты мұндағы топырақ бұзылған 
құрылымды және учаскенің беті біркелкі емес. Сондықтан учаскені тегістеу 
және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше қара топырақты 
машиналары әкелінген. Мұндай борпылдақ топырақтың қалыңдығы кейде 
45-50 см жетеді. 
R.iliensis
тұқымын себу алдында қоршау бойымен топырақ 
қолмен 25-30 см тереңдікке дейін күрекпен өңделді, кесектер мен тырмалар 
ұсақталып, топырақ беттері қолмен тегістелді. Осыдан кейін, 2018 жылдың 
27 қазанында 
R.iliensis
тұқымы себілді, әр популяциядан үш реттен 
қайталанып 100 тұқымнан себілді. Бұл жолы тұқым себу тереңдігі 0,3-0,5 см 
аспады және үшінші вариантты негізге алдық. Бірінші вариантта себілген 
тұқымдардың арақашықтығы 60 см, екінші вариантта 90 см, ал үшінші 
вариантта 120 см болды. Бұл варианттар тамырсабақты бұталар үшін тиімді. 
Себебі олардың жақсы өсуіне кеңістік қажет. Егер де жиі отырғызар болсақ, 
өскіндердің арасында жарыққа, ылғалдылыққа және топырақ құрамындағы 
қоректік заттар үшін бәсекелестік (конкуренция) туындайды. Тағы бір 
ескеретін жағдай тамырсабақты бұталар бірінші жылдың өзінде жер асты 
өркендерін береді. Ол өркендерден бүршіктер жетіледі, екінші, үшінші 
жылдары осы бүршіктерден жер беті өркендері пайда болады. Бұл процесс 
жыл сайын қайталанып отырады, нәтижесінде әр өскіннен 3-4 жылда үлкен 
клон пайда болады. Интродукцияның жағдайында бұл процесс табиғи 
жағдайға қарағанда қарқынды жүреді. Сондықтан да тұқымнан 
отырғызылған итмұрынның арақашықтығының 90-120 см кем болмағаны 
дұрыс.


143 
2019 жылдың 10 сәуірінде көктемде 
R.iliensis
алғашқы өскіндері пайда 
болды. Жоғарыда аталған барлық үш популяциядан жиналған тұқымдардан 
өсірілген өскіндердің көпшілігі қалыпты өсті. Есептеулер көрсеткендей
Шарын өзенінің жайылмасынан (бірінші популяция) жиналған 
R.iliensis 
100 
егілген тұқымынан 11 өскін өнді, бұл 11% құрайды. Олардың 10 өскіні 
тіршілігінің бірінші жылының вегетациялық маусымының соңына дейін 
сақталды. Өскен өскіндердің жерсінуі 99% құрайды. Іле өзенінің жоғарғы 
ағысынан (екінші популяция) жиналған 
R.iliensis
100 егілген тұқымынан 18 
өскін өнді, бұл 18% құрайды. Олардың 17 өскіні тіршілігінің бірінші 
жылының вегетациялық маусымының соңына дейін сақталды. Өскен 
өскіндердің жерсінуі 99% құрайды. Соңында Қапшағай ГЭС төмен Іле 
өзенінің ортаңғы ағысынан (үшінші популяция) жиналған 
R.iliensis
100 
егілген тұқымынан 20 өскін өнді, бұл 20% құрайды. Олардың 18 өскіні 
тіршілігінің бірінші жылының вегетациялық маусымының соңына дейін 
сақталды. Бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет