141
фенобақылаудың, тұқым сапасы мен өсімдіктердің
өнімділігінің жалпы
қабылданған кешенді әдістері қолданылды [311].
Rosa
L. – сәндік бау-бақ өсіру шаруашылығының негізгі сәндік
өсімдіктердің бірі. Оған 30000-ға жуық сортты қамтитын итмұрын гүлдерінің
қазіргі әлемдік ассортименті жатады [312]. Бұл интродукциялық және
селекциялық жұмыстардың нәтижесі болып табылады [313].
R.iliensis
өсімдігін интродукцияға ендіру үшін Алматы облысының Іле
және Шарын өзендері жайылмасының 3 популяциясынан тұқымды жемістері
жиналды.
Бірінші популяция.
Интродукцияға ендіру үшін
R.iliensis
өсімдігінің
тұқымды жемістері Алматы-Шонжы автотрассасының көпірінен төмен,
Шарын өзені жайылмасының қалың шағанды (
Fraxinus potamophila
Herd.)
орманынан табылған популяциясынан жиналды.
Бұл жер Шарын ұлттық
паркінің территориясында орналасқан Сарытоғай деп аталады. Әкімшілік
бойынша Шарын ұлттық паркі Алматы облысының Ұйғыр ауданына жатады.
GPS навигаторы бойынша координаттары: 43°31'26.4";
E 79°15'44.1".
Теңіз
деңгейінен биіктігі 629 м. Өсімдік жамылғысы шағанды-талды-бұталы
ассоциациялы (ass.
Rosa beggeriana, R.iliensis, Berberis iliensis, Tamarix
ramosissima-Salix
caspica-Fraxinus
potamophila
).
Топырағы орманды-
шалғынды-жайылмалы. Жер бедері көлбеу жазық. Тұқымды жемістері 2018
жылдың 22 қыркүйегінде жиналды. Әр жемісте орташа есеппен 13-тен 32-ге
дейін толық жетілген тұқым болды. 1000 жемістің ылғалды массасы - 26,75
г., ал құрғақ массасы - 21,10 г. құрайды. Тұқымдары жемістерінен ауада
толығымен құрғағаннан кейін бөлінді. Салмағын өлшемес бұрын тұқымның
таза салмағының кондициясына дейін жеткізілді. Сондықтан тұқымдар бір
рет өлшенді, өйткені олар құрғақ болды. 1000 тұқымның массасы 0,48 гр.
құрады.
Екінші популяция
.
R.iliensis
Іле өзенінің жоғарғы ағысының
жайылмасынан, Алматы-Қорғас автотрассасының Іле өзені арқылы өтетін
көпірге жақын жерден табылды. Әкімшілік бойынша бұл жер Алматы
облысының Панфилов ауданына жатады.
GPS навигаторы бойынша
координаттары: N 43°58'19.8"; E 79°34'46.4". Теңіз деңгейінен биіктігі 494 м.
Екінші популяцияның өсімдіктер жамылғысы талды-жиделі-бұталы
ассоциациялы (ass.
Rosa beggeriana, R.iliensis, Berberis iliensis-Elaeagnus
oxycarpa-Salix
caspica
). Топырағы аллювиалды-шалғынды шөгінділі.
R.iliensis
тұқымды жемістері 2018 жылдың 14 қазанында жиналды. Әр
жемісте орташа есеппен 20-дан 39-ға дейін толық жетілген тұқым болды.
1000 жемістің ылғалды массасы 24,53 гр., ал құрғақ массасы 19,04 гр.
құрады. Тұқымдары жемістерінен ауада
толығымен құрғағаннан кейін
бөлінді. Салмағын өлшемес бұрын тұқымның таза салмағының
кондициясына дейін жеткізілді. Сондықтан тұқымдар бір рет өлшенді,
өйткені олар құрғақ болды. 1000 тұқымның массасы 0,47 гр. құрады.
Үшінші популяция
.
R.iliensis
Қапшағай
ГЭС-нен төмен Іле өзенінің
ортаңғы ағысынан табылды. Дәлірек айтқанда,
R.iliensis
Іле өзенінің
142
жайылмасында Іле метеостанциясынан 4-5 шақырым төмен жерден табылды.
Әкімшілік бойынша бұл жер Алматы облысының Іле ауданына жатады. GPS
навигаторы бойынша координаттары: N 44°09'50.6"; E 76°57'37". Теңіз
деңгейінен биіктігі 417 м. Популяцияның
өсімдіктер жамылғысы
қоңырбасты-жыңғылды-итмұрынды ассоциациялы (ass.
Достарыңызбен бөлісу: