133
кейін жылдан жылға осы клонда жер асты өркендерінің (тамырсабақ) жаңа
желілері пайда болады. Оларда, өз кезегінде, көптеген қосалқы бүршіктер
түзіледі, олардан жаңа жер үсті өркендер мен қосалқы тамырлар пайда
болады. Осылайша, тұрған
R.iliensis
жас бұтасы бірте-бірте үлкен клонға
айналады (2 сызба-нұсқа).
Аналық өсімдіктің кіндік тамыры 30 см дейінгі тереңдікте біршама
көлбеу түрде төмен қарай өседі, содан кейін 240 см
жерге аздап енеді де
бірте-бірте көлденең бағытта иіледі, содан кейін бірден иіліп, тік төмен қарай
өседі және топыраққа 190 см тереңдікке еніп, жер асты суларының деңгейіне
жетеді. Бүкіл ұзына бойы кіндік тамырдан бірінші реттік жақсы дамыған
бірнеше (2-3) бүйірлік тамырлар таралады. Олардың бірі (айтарлықтай
үлкені) кіндік тамырдан 30 см тереңдіктен бастау алып, алыстап, тік төмен
қарай өседі және жол бойында бірнеше (2-3) шағын сатылы иілулер жасай
отырып, топыраққа 172 см тереңдікке дейін еніп, капиллярлық аймаққа
жетеді. Екінші реттік аздаған бүйірлік тамырлар вертикальды бағытта және
ұзындығы 80 см-ге жетеді. Кіндік тамырдың
бұтақтануы төртінші реттік
бүйірлік бұтақтану түзілгенге дейін жүреді. Үшінші реттік бүйірлік
тамырлардың ұзындығы 30 см, ал төртінші реттік бүйірлік тамырлардікі 1-2
см-ден аспайды.
Сондай-ақ қосалқы тамырлар соншалықты көп емес. Олардың
көпшілігі көлденең бағытталған. Олардың бірі, 10 см тереңдікте жер асты
өркендерінен алыстап, өсімдіктің орталық осінен 160 см көлденең таралады,
содан кейін тігінен төмен қарай қисайып, 45 см тереңдікте топыраққа енеді.
Басқа қосалқы тамыр (айтарлықтай мықты), сондай-ақ 10 см тереңдіктегі жер
асты өркенінен алыстап, қатаң көлденеңінен тек қарама-қарсы бағытта 225
см өседі, содан кейін тігінен төмен қарай иіліп, топыраққа 75 см тереңдікке
енеді. Қосалқы тамырлардан таралатын бірінші реттік ірі жанама тамырлар
соншалықты көп емес, олар көбінесе таяз тереңдікте горизонталь бағытта
өседі және ұзындығы 160 см-ге жетеді. Тік бағытталған
қосалқы тамырлар
бар. Олардың саны өте аз. Олардың бірі 10 см тереңдіктен жер асты
өркендерінен бастау алып, алыстап, бастапқыда 65 см көлбеу төмен өседі,
содан кейін 30 см ұзындықта, тік төмен қарай өсуді жалғастырады және 180
см тереңдікке дейін топыраққа еніп, жер асты суларының деңгейіне жетеді.
Жалпы, қосалқы тамырлардың бұтақтануы үшінші реттік жанама тамырлар
түзілгенге дейін жүреді. Екінші реттік жанама тамырлардың ұзындығы 10 см,
ал үшінші реттік жанама тамырлардың ұзындығы 1-2 см-ден аспайды.
Ұсақ сорғыш тамырлардың бүкіл горизонт бойынша бұтақтану
қарқындылығын тығыз және біркелкі деп айтуға болмайды. Тамырлардың
неғұрлым қарқынды бұтақтануының екі ярусы бар:
I-ші
ярус, бірінші 0,5 м топырақ қабатындағы
қаңқа тамырларынан
таралатын ұсақ тамырлардан тұрады.
II-ші ярус, топырақ горизонттарының айтарлықтай тереңірек 100-190
см тереңдігінде қаңқа тамырларынан таралатын ұсақ тамырлардан тұрады.
Бұл түсінікті, өйткені көктемде қардың еруі мен мол жаңбыр жауатындықтан
134
топырақтың жоғарғы горизонттары біршама ылғалды, бұл кішкентай сорғыш
тамырлардың пайда болуына ықпал етеді. Екінші ярустың тамырларына
келетін болсақ, олар капиллярлар арқылы көтерілетін жер асты суымен
тікелей байланысты. Әрине, капиллярлар арқылы көтерілетін жер асты
сулары тамыр жүйесінің апикальды бөлігінде ұсақ сорғыш тамырлардың
пайда болуына қолайлы жағдай жасайды. Осылайша,
Rosa iliensis
ұсақ
сорғыш тамырлардың ярусты орналасуына байланысты жауын-шашынның
ылғалдылығын да, капиллярлар арқылы көтерілетін
жер асты суларын да
бірдей жақсы пайдаланады. Сондықтан Іле өзенінің жоғарғы ағысының
жайылмаларында өсетін
R.iliensis
-тің тіршілік жағдайы жақсы.
R.iliensis
өсімдігінің
үшінші популяциясы
Іле метеостанциясынан 3 км
жерде, Қапшағай су электр станциясынан төмен, Іле өзенінің төменгі
ағысының оң жақ жағалауынан табылып, сипатталды. Учаскенің теңіз
деңгейінен биіктігі 417 м. JPS навигаторы бойынша координаттары: N
44
0
09'50,6"; E 076°57'87". Рельефі солтүстікке қарай сәл еңісті жазық. Өзен
жайылмасының ені тар жерде 150-200 м, ал кең жерде 350-400 м. Топырағы
аллювиалды-шалғынды карбонатты. Генетикалық горизонты бойынша
топырақ қимасының сипаттамасы 34 кестеде берілген.
Кесте 34 - Генетикалық горизонттар
бойынша топырақ қимасының
сипаттамасы
р/с Генетикалық
горизонттар
тереңдігі
Морфологиялық белгілері
1
А 0-8 см
Аллювиалды горизонт. Қарашірік горизонтының қалыңдығы 8 см құрайды.
Орташа сазды, қара сұр, горизонттың төменгі бөлігі сұр, кесек, өсімдік
тамырлары терең енген, карбонатты, жеңіл сазды.
HCl-дан шығатын
көпіршігі күшті. Келесі горизонтқа өтуі түсі бойынша біртіндеп жүреді.
2
В 8-25 см
Иллювиальды горизонт. Ашық сарғыш-сұр түсті, жеңіл сазды, дымқыл, ірі-
шаңды-құмды, тұнбалы. Өсімдік тамырларының енуі өте тығыз, бірақ
алдыңғы горизонттан біршама төмен. HCl-дан шығатын көпіршігі күшті.
Келесі горизонтқа өтуі біртіндеп жүреді.
3
С 25-53 см
Аналық жыныс. Жеңіл сазды, құмды, сарғыш-сұр, дымқыл, тығыз,
құрылымсыз. Өсімдіктердің тамырлары әлдеқайда аз. HCl-дан шығатын
көпіршігі күшті. Келесі горизонтқа өтуі күрт.
4
Д 54-100 см
Негізгі жыныс. Құмды-малта тасты шөгінді, бозғылт сұр түсті құм, малта
тас, қызыл қоңыр түсті. Ұсақ тамырлар жеткілікті, тығыз. HCl-дан шығатын
көпіршігі күшті.
Бұл нүктеде де топырақ профилі генетикалық
горизонттарға нашар
дифференцияланған, өйткені профиль біртекті құрылысты және біркелкі
тығыздалған, нашар құрылымды. Топырақ гранулометриялық талдау
нәтижелері бойынша ұсақ құмды фракциясы басым (82,4-86,4%) және шаң
(1,2-2,5%) мен балшықтың мөлшері (2,4-2,7%) шамалы болады.
Жоғарғы горизонттағы қарашірік мөлшері аз (0,73%) және одан төмен
күрт төмендейді (0,49%). Жеңіл гидролизденетін азот 0-8 см қабатта 25,2
135
мг/кг, ал төменгі горизонттарда екі есе төмен (14-16, 8 мг/кг). Топырақтың
барлық профилі бойынша жылжымалы фосфордың құрамы өте төмен (3-10
мг/кг), жоғарғы горизонтта жылжымалы калий жоғары (340 мг/кг), төменгі
горизонттарда төмен (50-150 мг/кг) (35 кесте).
Кесте 35 –
Достарыңызбен бөлісу: