Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет65/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.

 - 
Бірінші популяциядан
 
(Шарын өзенінің жайылмасы)
 
жиналған 
R.iliensis
өсімдігінің тамыр жүйесі
 
(М 1:10) 
Кейбір баспалдақты иілімді кіндік тамыр тігінен төмен қарай өседі 
және топыраққа 100 см тереңдікке еніп, жер асты суы деңгейіне жетеді. 
Діңгек түбінен тарамдалған қосалқы тамырлар көп жағдайда қалыңдығы 
жағынан да, ұзындығы бойынша да кіндік тамырдан асып түседі. Осындай 
мықты қосалқы тамырлардың бірі аналық өсімдіктің діңгегінің түбінен 
шығып, бастапқыда жайлап көлбеу өседі, содан кейін көлденең өседі де, 
өсімдіктің орталық осінен 200 см қашықтыққа алшақтап, күрт иіледі де тік 
төмен қарай өсіп, топыраққа 100 см тереңдікке енеді, сөйтіп жер асты 
суының деңгейіне жетеді. Тамырдың бұтақтануы онша жоғары емес және 
төртінші ретті бүйірлік тармақтардың түзілуіне дейін жүреді. Бірінші ретті 


131 
бүйірлік тамырлардың ұзындығы 50-60 см, екінші ретті 20 см, үшінші ретті 
3-5 см, ал төртінші ретті 0,3-0,5 см көп емес. 
Тамырдың бұтақтануы бүкіл горизонт бойынша сирек (нашар). Тек 
төменгі горизонттарда ұсақ сорғыш тамырлар жоғарғы горизонттарға 
қарағанда әлдеқайда көп. 
R.iliensis
өсімдігінің 
екінші популяциясы
Алматы-Қорғас тас жолының 
көпірінің маңындағы Іле өзенінің жоғарғы ағысының сол жақ жағалауынан 
табылды. Учаскенің теңіз деңгейінен биіктігі 494 м. JPS навигаторы бойынша 
координаттары: N 43058'21,8"; E 79°34'38,2". Рельефі солтүстікке қарай аздап 
еңісті жазық. Жайылма біршама биік, оның ені орташа 250-300 м, кей 
жерлерде одан да кең. Топырағы аллювиалды-шалғынды. Генетикалық 
горизонт бойынша топырақ кесінділерінің сипаттамасы 33 кестеде берілген. 
Кесте 33 - Генетикалық горизонттар бойынша топырақ кесіндісінің 
сипаттамасы 
р/с Генетикалық 
горизонттар 
тереңдігі 
Морфологиялық белгілері 

A: 0-9 см 
Аллювиалды горизонт. Қарашірікті (гумусты) горизонттың қалыңдығы 9 см. 
Ашық сұр, құрылымсыз, дымқыл, саздақ, өсімдік тамырлары терең енген. 
HCl-дан шығатын көпіршігі күшті. Келесі горизонтқа өтуі біртіндеп жүреді.

В: 9-27 см 
Иллювиальды горизонт. Ашық сұр, жеңіл сазды, құрылымсыз, өсімдік 
тамырлары терең енген. HCl-дан шығатын көпіршігі күшті. Келесі 
горизонтқа өтуі біртіндеп жүреді.

С1: 27-63 см 
Аналық жыныс. Қара сұр, өлі тамырлардан қарашірік қабаттары түзіледі, 
дымқыл, құрылымсыз. Тамырлардың енуі алдыңғы горизонттармен 
салыстырғанда біршама нашар. HCl-дан шығатын көпіршігі күшті. Келесі 
горизонтқа өтуі айқын.

С2: 63-110 см Қою сұр, борпылдақ, ұсақ түйіршікті, кей жерлерде қара қарашірік аралық 
қабаттар байқалады. Өсімдік тамырларымен біркелкі енген. HCl-дан 
шығатын көпіршігі күшті. Келесі горизонтқа өтуі біртіндеп жүреді.

Д: 110-180 см Негізгі жыныс. Қою сұр, ылғалды құмды, құрылымсыз. Өсімдік тамырлары 
нашар енген. HCl көпіршігі күшті.
Топырақ генетикалық горизонттарға нашар дифференцияланған. 
Топырақ гранулометриялық құрамды талдау нәтижелері бойынша құмды, 
бірақ көзбен көргенде жеңіл сазды және құмды саздақ деп сипатталған. Бұл 
әсер өсімдіктердің өлі және жаңа тамырларымен тығыздалуына және енуіне 
байланысты пайда болады. Бүкіл профиль бойынша басым фракция ұсақ құм 
(50-70%) болып табылады, екінші орында ірі шаң фракциясы (25-45%), 
балшықты фракциясы жоғарғы горизонттарда шамалы 1,2-1,6% және С 
горизонтында 5,2% болады. Жоғарғы А горизонтта қарашірік мөлшері аз 
(0,31%) В горизонтына қарағанда аз (0,71%), бұл жоғарғы қабаттың біршама 
жас және жақында әкелінгенін білдіреді. Барлық профильдер бойынша жеңіл 
гидролизденетін азоттың құрамы өте төмен (19,6-28 мг/кг), жылжымалы 
фосфор - төмен (10-15 мг/кг), жылжымалы калий - орташа (200 мг/кг). 


132 
Қарастырылып отырған құмды топырақтың сіңіру сыйымдылығы өте 
төмен және 100 г топырақта 4,04-6,4 мг-экв аралығында болады. Жоғарғы 
горизонттарда сіңірілген катиондардың ішінде магний (48,5-53,6%) және 
кальций (45,9-48,5%) басым, С горизонтында сіңірілген магний (82,6%), 
кальций әлдеқайда аз (16,53%), сіңірілген натрий (0,3-2,7%) және калий 
(0,26-0,67%) шамалы. Топырақ тұздалмаған, бірақ ортаның рН-ы өте сілтілі 
(8,4-9,11). Су режимін жуу режимі ретінде бағалауға болады, өйткені құмды 
топырақтардың су көтеру қабілеті әлсіз. Жазғы кезде анықталған топырақтың 
ылғалдылығы 27 см тереңдікке дейін – 7,4%, 63 см тереңдікке дейін – 10,1%, 
63 см тереңдіктен төмен - 25,5% көрсетті. 
Өсімдік жамылғысы талды-бұталы ассоциациядан (асс. 
Rosa iliensis, 
R.beggeriana, Lonicera iliensis, Berberis iliensis-Salix caspica
) тұрады. 
Өсімдіктер жабыны 100% құрайды. Өсімдіктің биіктігі 120 см, бұтаның 
диаметрі 150 см, сабақтарының түбінің диаметрі 30-35 см, тамыр жүйесінің 
диаметрі 3-5 см. Жалпы, Іле өзенінің жайылмаларындағы 
R.iliensis
сабақтарының түбі топыраққа тартылып, жартылай көктемгі-жазғы су 
тасқыны кезінде ағын сулары әкелетін лайлы-сазды шөгінділермен 
жабылған.
Сызба-нұсқа 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет