16-Тарау. Иммунологиялык, төзімділік
297
Төзімділік кұбылысын теориялык түрде алғаш рет Ф. Бернет
тұжырымдады. Клон-сұрыптау теория бойынша,
эмбриондык кезенде
организмнін антигендерімен әрекеттесуге кабілеті бар лимфоциттер кло-
ныэлиминацияланады. Тек «бөгде» антигендерге жауап бере алатын лим-
фоциттер клоны ғана калады, яғни, организмнін «өзінін» антигендеріне
ареактивтілік — иммунологиялык төзімділік калыптасады.
Осы көзкарастан айтканда
иммунологиялық төзімділік дегеніміз
—
белгілі антигенмен кездесу нәтижесінде түзілген, осы антигенге арнайы
және осы антигенге жауап беретін лимфоциттер клонының болмауымен
сипатталатын иммунологиялық ареактивтілік.
1960 ж. П. Медавар мен Ф. Бернет иммунологиялык төзімділік
кұбылысын ашканы үшін Нобель сыйлығынын иегері болды.
Соңғы кезде жинакталған көптеген тәжірибелік пен теориялык
мәліметтер иммунологиялык төзімділіктің калыптасу механизмдерін
толыктыруға мүмкіндік берді. Бұл феноменнің заманауи көзкарастарын
келесідей сипаттауға болады.
Табиғи төзімділіктің калыптасуының екі негізгі жолы бар.
Бірінші
жолы лимфоциттер даму бағдарламасымен камтамасыз етіледі.
Б р кезде аутореактивті лимфоциттер клоны элиминациялана-
ды, және осы бағдарламаны жүзеге асыратын механизмдер
орталық
төзімділіктің қалыптасуына
жауапты. Орталык төзімділік адаптивті
иммунды жүйесінің орталык мүшелерінде — сүйек
кемігі мен тимуста
калыптасады.
Екінші жол орталык төзімділік механизмдерімен элиминацияға
ұшырамай калған аутореактивті лимфоциттердін белсенуін және про-
лиферациясын токтататын немесе шектейтін механизмдер аркылы
жүзеге асады. Ол шеткері лимфоидты мүшелерде жүреді және осы ме-
ханизмдер
иіеткері төзімділіктің
калыптасуын камтамасыз етеді.
Меншікті антигендерге толык төзімділік
орталык және шеткері
механизмдер көмегімен калыптасады. Ол өте сирек жағдайда ғана
абсолютті, көбіне мұндай деңгейдегі төзімділік аутореактивті клон-
дардың әсерінен дамитын патологиялык жағдайлардың алдын алады.
ОРТАЛЫҚ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ
ТӨЗІМДІЛІК МЕХАНИЗМДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: