С. В. Кожанова Жалпы иммунология


ІСІК ДАМУЫНДАҒЫ ИММУНИТЕТ



Pdf көрінісі
бет156/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

ІСІК ДАМУЫНДАҒЫ ИММУНИТЕТ 
ТЕЖЕЛУІНІҢ МАҢЫЗЫ
Жасуша бөліну және оны реттеуге катысатын ісік тежеуші гендер, 
протоонкогендер және тағы баска топты гендер әр жасушада кездеседі. 
Катерлі ісікке әкелетін мутация көп жағдайда тұкымкуалайды немесе 
канцерогендермен әсерленеді. Онкогенді вирустар табиғатта кен 
тараған, сондыктан 
жасушалардың қатерлі ісікке айналуы
— 
өте жиі
кездесетін жағдай.
ДДҰ арқылы онкологиядан тыс аурулардан (инфаркт, инсульт, 
инфекция, соккы, т.б.) кайтыс болған адамдардын әр тіндерінің


316
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
гистологиялык және цитологиялык үлкен зерттеулері (бірнеше мың 
ондык кездейсок жағдайда) жүргізілген. Әр жастағы, әр жынысты, әр 
ұлтты, әр нәсілді топтарда зерттелген. Ол арды ң көбінде м и кроскопиялык 
обыр ошактары дәлелденген. Ошактардын мөлшері өте аз болған, 
өйткені стандартты әдістермен аныкталуға мүмкіндік болмаған. Мате- 
риалдын статистикалык корытындысын жасағанда, 
әр адамда өмір
ағымында ісік өсуінің ошақтары
пайда болатындығы дәлелденді. Ісіктін 
клиникалык түрінін аныкталу жиілігі мен онын наукастағы иммунды 
жүйесімен байланысын зерттегенде, 
қалыпты иммунды жүйе негізі обыр
ошақтарын танып және жойып түратыны көрсетілді. Ал клиникалық
түрде обырдың дамуы, негізі, иммунды жетіспеушілік жағдайға тәуелді
болады, эсіресе жасушалық жуйенің жетіспеушілігі (ІЧК-жасушалар мен
Т-жасушалық адаптивті иммунитет).
Калыпты жұмыс істейтін иммунды жүйе обырдың жасушалары 
белгілі бір мөлшерден аспаса ( 108— 109), жоя алатындығы дәлелденген. 
Егер обырдың алғашқы даму сатысында иммунды жүйе кандай да 
бір себептермен басылып тежелсе немесе ісік жасушаларының өсу 
жылдамдығы жоғары болып, ісік белгілі мөлшерден тыс асып кетсе, 
онда ол иммунды жүйенің кабілетін басып озып, обырдын дамуына 
келтіреді. Көптеген канцерогендер мен онкогенді вирустар иммунды 
тежегіштік әсер көрсетеді. Ісік дамуының мөлшеріне карай иммундык 
тапшылық одан әрі тереңдей береді.
Ісікке карсы иммунды жауаптын әлсіздігінін келесі бір себебі бар -
ісік жасушаларының өсіндісінде:
әлсіз ісікерекшелі антигендері бар 
жасушалар калады да, сонымен катар, күшті антигенді жасушалар өзіне 
карсы каркынды иммунды жауап шакырады. Иммунды тежегіштік 
жағдайда әлсіз ісікерекшелі антигендер супрессорлы төзімділік 
тудырады, сол себептен ісік жасушаларына карсы иммунды жүйенін 
әсері төмендейді.
Ал әлсіз ісікерекшелі антигендер иммунды депрессия кезінде өз- 
деріне қарсы С 0 4 +25+ҒохРЗ+ Трет.-лимфопиттер белсенуі аркылы 
супрессорлы төзімділік туындата алады. Сол себептен ісікке карсы 
арнайы Т-жасушалык иммунды жауаптың эффективтілігі төмендейді. 
Төмен аймақтық (кіші зоналық) супрессиялық төзімділік
иммунды су- 
прессия кезінде аз мөлшерлі әлсіз антигендермен туындайтыны 
белгілі. Бұл жағдай 
ісік өсуінің алғашқы сатыларында
пайда болады (ісік 
антигендерінің аз мөлшері, ОСТА — әлсіз антигендер, ісік дамуындағы 
иммундық тапшылық).


17-Тарау. Ісікке карсы иммунитет
317
Ісіктің асқынуы төзімділікті тудырушы айналымдағы ісік ан-
тигенінің көбеюіне,
сонымен катар, ісік дамуымен бірге өсетін 
иммундык жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Иммундык тапшылыктын 
тереңдеуінде аурудың 
өршуі мен ағзаның улануы
да әсер етеді. 
Иммунды
тежеудің күшті эсершісі
— ол аурудын сонғы сатысында жүргізілетін 
сэуле, химиялық ем.
Сонымен катар, көпшілік зерттеушілердің пікірі 
бойынша, ісіктің өзі де иммунды тежеу әсерін көрсететін факторлар 
бөледі.
Өсу уакытында ісік жасушаларында жоғары жиілікті мутациялар 
мен хромосомды аббераииялар (өзгерістер) байкалады. Ісік 
гетерогенді,
онын ішінде кұрамындағы жасушалардың 
антигендігі жағынан
да бола 
бастайды. Осының нәтижесінде 
«антигенді дрейф»
деп аталатын ісік 
жасушасынын антигенді кұрамының өзгеру кұбылысы байкалады. 
Ісіктің алғаш өсуі кезінде, онын бетінде пайда болған антигендерге 
карсы иммунды жауап, «антигенді дрейф» нәтижесіндегі жаңа 
антигендерге әлсіз болып келеді.
Катерлі ісік жасушасының бетінде I класс гистосәйкестік антигендер 
экспрессиясы азайған кезде, ісікке карсы адаптивті иммунитет эф- 
фективтілігі төмендейді, яғни С 0 8 + ЦТЛ обырмен байланысуы 
киындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет