17-Тарау. Ісікке қарсы иммунитет
311
себептері дәлелденіп, ісік тудыратын біркатар вирустардын тізбегі
ашылған.
60-шы жылдардын ортасында, Л.А. Зильбер ашкан вирусты-
генетикалык теория — жасушалардын катерлі ісікке айналу себебін
және оны зерттеуге бағытталған жана механизмдерді түсіндіруде аса
манызды рөл аткарды. Бұл теориянын негізгі жағдайлары кейін біркатар
зерттеулермен дәлелденді. Казіргі кезде, көбінесе кездейсок пайда
болған катерлі ісіктерді онкогенді вирустар тудырады деп саналады.
Онкогенді вирустын жасушаға әсері — ДНК, кұрылымында өзгеріс
болдырады. Бұл өзгерістер жасушаларды реттейтін жүйелер арасындағы
катынасты бұзады, сонын әсерінен олар кадағалаудан шығып, реттеуге
бағынбай дамылсыз өсіп-өніп, яғни көбейіп, ісік ұясына соктырады.
Соңғы 20 жыл ішінде өткізілген көптеген ғылыми зерттеу жұмыс-
тары бұл теорияны аныктайтын біркатар дәлелдерді тапты және
сонымен катар, молекулярлы генетика, биохимия, иммунология
салаларынын үлкен жетістіктері
канцерогенездің молекулярлы-
генетикалык негіздері жайлы жаңа тереңцелген көзкараска тіреп отыр.
Айтатын болсак, калыпты жағдайда жасуша бөлінуін кадағалайтын
гендер ашылған, сонымен катар, осы алынған гендер жұмысына
көмектесетін тағы баска да ұсак молекулярлы заттар ашылған. Ісік
гендерінін белгілі бір тобында мутация, яғни жасушалардың өзгеруі
аркылы обыр жасушаларының туатыны дәлелденген.
Мұндай
мутациялар өз бетінше кездейсок жағдайда пайда бола алады, бірак
канцерогендер олардың жиілігін жоғарылатады.
Барлык геномның аз ғана бөлігін кұратын гендердін екі тобы ісік
үдерістерін реттеуде аса үлкен кызмет атқарады. Өздерінін жалпы
калыпты дене кұрылысында олар жасушаның өмірлік циклын
кадағалайды; ол күрделі үдеріс және ағзаның реттеу касиетіне
бағынбайтын биохимиялык серпілістерден тұрады.
Гендердің 1-ші тобы — протоонкогендер, олар жасушаның бөліну
үдерісін арттырады; 2-ші тобы — ісік тежеуші (супрессиялаушы)
гендер, олар бұл үдерісті кейін кайтарып, басып отырады. Мутацияның
(өзгерудің) нәтижесінде протоонкогендер карциногенді
Достарыңызбен бөлісу: