382
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
жағдайлардьщ, онын арасында аллергиялардың да, барлығынын
негізінде адаптивті иммунологиялык серпілістердін гуморалдык және
жасушалык механизмдері жататыны белгілі болды. Осыдан 1964 ж.
Кумбс пен Джелл
(К. СоотЬз, Р. Оеіі)
жогары сезімталдықтың даму
жолдарына қарай жіктеуін
ұсынған. Бұл жіктеу бойынша жоғары
сезімталдыктьщ негізінде сезімталдыктың әр түрлі клиникалык
көріністеріне алып келетін иммундык механизмдерінін ерекшеліктері
жатады. Бұл жіктеу казіргі уакытта жалпы кабылданған.
Осы жіктеу бойыниіа жоғары сезімталдықтың механизмдерінің
4 түрін ажыратады.
I. Атопия және анафилаксия.
II. Цитотоксикалык (цитолитикалык) серпілістер.
III. Иммундык кешен аурулары.
IV. Жоғары сезімталдыктын жасушалык механизмдері (БЖС).
Бұл механизмдер аллергиялык та және аутоиммундык та аурулар
патогенезінің негізінде жатыр.
Аллергиялык серпілістер бұл антигенге гиперэргиялы адаптивті
иммундык жауап болып табылады, бұл кезде антиген аллерген болып
келеді. Гиперэргиялык иммундык жауаптың дамуына алып келетін
аллергия дамуының басты себебі — белгілі бір антигенге адаптивті
иммунды жауап реттелуінін бұзылысы. Белгілі бір антиген бір адамда
адаптивті иммунды жауапты калыпты деңгейде (ағзаға түскен антиген
мөлшеріне сәйкес) калыптастыратын болса, баска адамға сол антиген
аллерген болуы мүмкін.
Жоғары сезімталдықтың аталған барлык механизмдері (біріншіден
баска) аутоиммундық аурулар даму патогенезіне қатысады.
Аутоиммундық аурулар
иммундык төзімділік механизмдерінін
бұзылысы нәтижесінде пайда болады, бұл кезде иммундық төзімділіктін
орталык та, шеткі де механизмдері бұзылуы мүмкін. Аутоиммундык
үдерістер
ағзаның өзінің антигендеріне қарсы адаптивті иммундық
жауаптың (антидене тузілуі немесе жасушалық серпілістер) болуы-
мен
сипатталады. Аутоиммунды аурулардың көпшілігінің патогенезіне
жоғары сезімталдык механизмдерінін II, III және IV түрлері және
олардың үйлесулері катысады.
Достарыңызбен бөлісу: