С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау  АУТОИММУНДЫ АУРУЛАР



Pdf көрінісі
бет200/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

20-Тарау 
АУТОИММУНДЫ АУРУЛАР
Аутоиммунды аурулардың патогенезін негіздейтін себептер мен меха- 
низмдер. І енегика.іык бейімділіктің маңызы. Аутоиммунды аурудың пай- 
да болуында жұкпалардың үлесі. Жұкпалар кезінде табиғи төзімділіктің 
бұзылу механизмдері. Мүшелік және жүйелік аутоиммунды аурулар. Ау- 
тоиммунды ауруларды емдеудін кағидалары.
Аутоиммунды аурулар иммунологиялык төзімділік бұзылысының 
нәтижесінде пайда болады және дамыған мемлекеттерде тұрғындардың 
3%, ал бүкіл адам популяциясында 5—7% кездеседі. Төзімділіктің 
негізгі механизмдерінде генетикалык тұрғыдан акауланған (әлсіз- 
денген) индивидуумдар өте сирек кездеседі. Әдетте, аутоиммунды 
аурулар меншікті антигендердің шектеулі санында дамиды. Онын 
себебі — жасушалардын орналасуы мен антигендердің экспрессия 
ерекшеліктері (мысалы үшін, аутоиммунды диабет кезінде нысана бо- 
латын аутоантигендердін барлығы ұйқы безінің инсулинді өндіретін 
Р-жасушаларында экспрессияланған). Сондыктан, аутоиммунды ау- 
рулары бар наукастарда да аутоантигендердің басым көпшілігіне 
иммунологиялық төзімділік сакталады. Осыдан иммунологиялык 
төзімділіктің көптеген механизмдері аутоиммунды шабуылдарға берік 
корғанысты калыптастыратыны айкын.
Сау тіндерге иммундык шабуылдың мүмкін болуы ағза үшін де 
белгілі қауіпті төндіреді. Меншікті антигендерге иммундык төзімділік 
калыптасуының кажеттілігі екі негізгі жолдың дамуына әкелді. 
Біріншісі даму бағдарламасының есебінен жүзеге асады, осы бағытта 
аутореактивті лимфоциттер жойылады немесе регуляторлы жасушаға 
айналады. Бұл механизмдер 
орталық төзімділікке
жауапты. Осылай 
аталу себебі — калыптасуы В- және Т-лимфоциттер дамитын орталык 
лимфоидты мүшелерде жүзеге асырылады, яғни сүйек кемігінде және 
тимуста.
Екінші жолдың жүзеге асырылуы перифериялык лимфоидты 
мүшелерде орталык толеранттылыктың механизмдерімен жойылмаған


400
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
аутореактивті лимфоциттердің активациясын тоқтату немесе шек- 
теу аркылы болады. Бұл механизмдер 
перифериялық төзімділіктің
калыптасуын камтамасыз етеді.
Бұл механизмдерге жетілген В- немесе Т- лимфоциттер антигенмен 
кездесіп, бірак кажегті косымша белгілерді ала алмағанда жүзеге аса- 
тын абортивті белсенуді жаткызуға болады. Мысалы, В-лимфоциттер 
Т-лимфоцит-хелперлерден көмекала алмағанда немесе Т-лимфоциттер 
АТЖ бетінде орналаскан арнайы молекулалардан костимулдау- 
шы белгілерді немесе аталған жасушалар бөлетін цитокиндерден 
белсендіргіш белгілерді кабылдай алмаған жағдайда.
Туа біткен иммунды жүйенің патогенді тану барысында АТЖ 
бетінде костимулдаушы молекулаларының пайда болуы жүзеге асы- 
рылатыны белгілі. Сондыктан, жұкпалы агентті немесе закымданған 
тінді тану үдерісіне туа біткен иммундык жүйенің жасушала- 
ры катыспаған жағдайда жоғарыда аталып өткен перифериялык 
төзімділік механизмдері іске косылады. Бұл механизмдер Т- және 
В-лимфоциттерінің аутореактивтілігін шектейді, бірак түгелімен жой- 
майды. Әрине, меншікті тіндерге деген иммунологиялык төзімділік 
сирек жағдайда абсолютті болады, бірак ол шектелген болса да, ауто- 
иммунды үдерістердің клиникалык тұрғыда айкындалатын деңгейінен 
төмен деңгейде болады.
Аутоиммунды 
жауапты 
токтататын 
және 
ауыр 
созылмалы 
жұкпаларға иммунды жауапты шектейтін иммунды жүйенің негізгі 
элементі — адаптивті иммунды жауапты СЭ4+ Т-лимфоциттерді 
реттеуші (регуляторлы) Т-лимфоциттермен (Трет.) супрессиялау. 
Б р жасушалар екі жолмен пісіп-жетіледі: орталык Трет. лимфоцит- 
тер тимуста теріс сұрыпталудың альтернативасы ретінде жетілмеген 
аутореактивті Т-жасушалардың бір бөлігінен дамиды. Сонымен катар, 
сирек жағдайларда, олар шеткері аймактарда созылмалы Т-клеткалык 
иммунды жауап барысында калыптасады (индукцияланған Трет. 
лимфоциттер). Негізінен, тимуста калыптасканымен, аутореактивті 
Трет. лимфоциттер периферияда жұмыс атқарады, осы себептен олар 
перифериялық төзімділіктің бір компоненті болып табылады.
Трет. лимфоциттерінің әрекеті де туа біткен иммунды жүйенін жа- 
сушалары өндіретін айтарлықтай күшті белгілер аркылы бакылынады. 
Олардың супрессиялык әсері жұкпаға жауап беру уакытында, ен 
болмағанда, оның ерте сатыларында токтатылады. Трет. лимфоциттер 
көмегімен калыптасатын супрессия басқа перифериялык төзімділік 
механизмдерімен бірге жүретіндіктен, антигендердін аңқау лимфоцит-


20-Тарау. Аутоиммунды аурулар
401
термен танылуы барысында туа біткен иммунды жүйеден белгілердін 
болмауы олардың элиминаниясына немесе «үнсіздігіне» алып келеді. 
Сөйтіп, адаптивті иммунды жүйедегі Т-жасушалык адаптивті иммун- 
ды жауап туа біткен иммунды жүйенін антигенді тану процесіне көп 
тәуелді. Орталық және перифериялык төзімділіктің механизмдері 
толығырак жоғарыда «Иммунологиялык төзімділік» атты III бөлімнін 
6-тарауында берілген.
Меншікті антигендерге табиғи төзімділіктің бузы.іыстары аутоим-
мунды ауруларға экеледі.
Иммунологиялык төзімділіктің механизмдері 
белгілі бір дәрежеде сәтті жұмыс жасаса да, олар жеткіліксіз. Кейбір 
меншікті компоненттерге (
аутоантигендерге
) төзімділіктің бұзылуы 
олардың аутоиммунды шабуыл нәтижесінде закымдануына алып келуі 
мүмкін.
Аутоиммунды үдеріске адаптивті иммунитеттің жасушалык және гу- 
моралды механизмдері катысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет