С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет196/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

жасуша бетіндегі антиген детерминанттарына
жабысып,


392
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
фиксаицяланған илшунды кешендерді
түзеді. Әрі карай 
комплемент
жуйесінің классикалық жолмен белсенуі журеді
(19.2-сурет, түрлі түсті 
жапсырманы караныз).
Нәтижесінде түзілген С5—С9 лизистік кешені антидене жабыскан 
жасуша мембранасын бұзады, ал С2а, СЗа, С5а, С5,6,7 аралык өнімдері 
жедел экссудациялық қабынуды
тудырады. Осылайша, 
деструкциялық-
қабыну удерісі
дамиды. Пайда болған закымданулардың орналасуы тек 
сәйкес антиген детерминантасы бар жасушалар және тіндермен ғана 
шектеледі.
Жоғары сезімталдықтың ІІ-турінің клиникалық мысалдары:
АВО бой- 
ынша сәйкес емес кан кұйылған кездегі эритроциттердің лизисі, резус- 
кайшылыкты жүктілік кезіндегі нәрестелердің гемолиздік сарғаюы, 
аутоиммундык және аллергиялык аурулар.
Бұл 
механизм көптеген аутоиммундық аурулардың патогенезінде
негізгі болып саналады.
Ағзаның өзінің жасушаларына карсы түзілген 
антиденелер жасуша бетіне жабысып, комплементтің белсенуі есебінен 
осы жасушаларды ыдыратады және кабынуды дамытады (миокардит, 
ревматизмдегі экссудациялык артрит, аутоиммундык гемолиздік ане- 
мия, Хашимото тиреоидиті, бейспецификалык ойықжаралы колит 
және т.б.). 
Жоғары сезімталдықтың ІІ-турінің патогенезіне Т-лим-
фоңиттер мен макрофагтар қатыспайды.
ІІ-түрі бойынша дамитын 
аллергиялық серпіліс
мысалдарына 
дарілік ңитопения
жатады, мысалы: аналгин қабылдағаннан кейінгі 
гранулоцитопения. Көптеген дәрілік заттарды кабылдағанда тром- 
боцитопения, лимфопения, анемия дамуы мүмкін. Олардын даму 
патогенезінің негізінде осы дәрілердін немесе олардың өнімдерінін 
қан жасушаларының нәруыздарымен кешенді антиген кұруы жа- 
тады. Дәрілік гаптендерге карсы түзілген антиденелер олармен кан 
жасушаларының бетінде бірігіп, комплементті белсендіру аркылы осы 
жасушалардың лизисін шакырады.
III ТҮРІ. ИММУНДЫҚ КЕШЕН АУРУЛАРЫ (ИКА)
Жоғары сезімталдық механизмдерінің ІІІт урі
— 
иммундық кешен ау-
рулары (ИКА).
Ол кұрамында ІцО (1,3) және/немесе І§М кіретін айналымдағы 
иммундык кешендердін жоғары мөлшерде түзілуімен негізделеді. 
Түзілген иммунды кешендер капиллярлар эндотелийіне, паренхима- 
тозды мүшелердін мембраналарына, синовиалдык кабыктарда жина- 
лып иммундык кешен депозиттерін кұрайды.


19-Тарау. Жоғары сезімталдық механизмдері
393
Бұл жағдай деструкциялык кабыну үдерісіне алып келетін компле- 
мент жүйесінін классикалык жолымен белсенуін тудырады. Қабыну 
түрі — экссудациялык.
Комплементтін белсенуінен түзілген СЗа мен С5а компоненттері 
кабыну ошағына карай жылжыған базофилдер, эозинофилдер және 
нейтрофилдерге хемоаттрактанттар ретінде әсер етеді.
Иммундык кешендер 
Ғс-рецепторлар 
аркылы 
макрофагтар-
ды
белсендіреді, олар кабынуды дамытуда басты кызмет аткаратын 
цитокиндерді, негізінен 
ІҒ
7Ү-а 
жэне ИЛ-1
бөледі.
Иммундык кешендер базофилдермен Ғс-рецепторлар аркылы тіке- 
лей байланысып, экссудациялык кабынуды күшейтетін 
вазобелсенді
аминдердің
(гистамин, серотонин) бөлінуін тудырады (19.3-сурет, түрлі 
түсті жапсырманы караңыз).
Полиморфты-ядролык лейкоциттер экзоцитоз жолы аркылы 
иммундык кешендер жиналған жерде тіндердін закымдалуын тудыра- 
тын 
лизосомалық ферменттерін
бөледі.
Сонымен, жоғары сезімталдыктын бұл механизмінде де адаптивті 
иммунды жауаптың эффекторлык сатысының соңында туа біткен им- 
мунды жүйенін жасушалары, бірінші кезекте макрофагтар мен нейтро- 
филдер катысады. Бұл жасушалардың катысуы кабыну мен тіндер 
закымдануында өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет