АУТОИММУНДЫ АУРУЛАРДЫҢ ИММУНОПАТОГЕНЕЗІ Аутоиммунды аурудың иммунопатогенез негізінде аллергиялык
аурулар патогенезіндегі жоғары сезімталдык механизмдері жатады.
Тіннің закымдалуы жоғары сезімталдык механизмдерінін II, III және
IV түрі бойынша дамуы мүмкін.
Жоғары сезімталдык механизмдерінің II және III түрі антиденелер-
мен байланысты.
Жоғары сезімталдыктың II түрінде (цитотоксикалық, цитолизистік
серпілістер) антиденелер жасуша бетіне немесе базалды мембра-
на структураларына байланысады да, комплементтің белсенуі мен
фагоциттердің Ғс-рецепторларымен байланысуына алып келеді. Бүл
механизм аутоиммунды гемолитикалык анемия негізінде жатыр.
Жоғары сезімталдық механизмдерінің III түріне иммунды ке-
шен аурулары жатады. Патогенезіне комплемент белсенуі мен
нейтрофилдердін Ғс-рецептор аркылы дегрануляциясын коздыруы
катысады. Нейтрофилдердің секреторлы гранулаларында протеаза-
лар және оттегінің белсенді формалары болады. Олар айналасындағы
тіндер закымдалуын шакырады (осы механизм жүйелі кызыл жегі
патогенезіне катысады).
Бұдан баска аутоиммунды закымдалу негізіне аутоантиденелердін
аутоантигенге тікелей әсері жатады, нәтижесінде сол антигені бар
жасушаның негізгі кызметтері бұзьшады.
Жоғары сезімталдық механизмдерінің IV түрі көбінесе Тхі мен ма-
крофагтар қатысуымен дамитын тіндер мен жасушалардың закымдалуы
және кабынудың дамуымен сипатталады.
Аутоиммунды ауруларды
мушеерекшелі және
жуйелі деп бөледі.
Мүшеерекшелі аурулар патогенезі негізінде жататындар: жоғары
сезімталдыктың механизмдерінің II түрі, аутоантиденелердің аутоан-
тиген тасушы жасушалардын функциясы бұзылысына алып келетін
тікелей әсері және жоғары сезімталдык механизмдерінін IV түрі.
Накты бір ауру патогенезінде жоғары сезімталдықтын II және IV түрі
412
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
косарлануы да жиі кездеседі. Жүйелі аутоиммунды аурулардын
патогенезінде жоғары сезімталдыктын барлык үш механизмі де
катысады (I, II және IV).