498
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
лимфа түйіндері мен көк бауырға таралады. оларда антидене түзілетін
жана ошактар түзіледі.
Май-сулы эмульсиялардың
адъюванттык әсері күшті, бірак,
реакто-
гендігі жоғары.
Олар жергілікті кабыну мен күшті
ауыру сезімін туды-
рады. Инъекция енгізген жерде жоғары сезімталдыктың баяу түрі бой-
ынша серпіліс дамиды, атап айтсак нодулдар, цисталар және стеридці
абсцесстер түзіледі, оларды хирургиялык жолмен алып тастау керек.
Осы себептен бұл типтегі вакциналарды колдану шектелген, сондыктан
көбіне ветеринарияда колданады, ал адамдар үшін
ісікке карсы вак-
цина мен АИТВ-ға карсы терапиялык вакциналарды кұрастырғанда
колданады.
Фрейнд адъюванты
май-сулы эмульсияның классикалык мысалы бо-
лады. Онын кұрамына минералды майлар (Фрейндтін толык емес адъю-
ванты) және туберкулез микобактериясы (Фрейндтің толык адъюванты)
кіреді. Фрейндтің толык адъюванты комплемент-белсендіруші антиде-
нелер каркынды түзілуін және жасушалык типтегі адаптивті иммунды
жауапты ынталандырады. Бірак, реактогендігі жоғары болғандыктан
тек кана жануарларға арналған вакциналарда қолданады.
Бактериалды табиғаттағы адъюванттар
Бұл топтағы
адъюванттардын болашағы зор, себебі адъюванттарды
зерттеулерде ірі жаңалыктар ашылды. Соның бірі — 1997 ж. патоген-
ассоцацияланған молекулалык кұрьшымдарды танитын арнайы рецеп-
торлар (ТЬК) ашылды. Олар ДЖ мен МФ ішінде және бетінде орнала-
сады. ТБК. көмегімен микроорганизмге тән кұрылымдар аныкталады.
ТЬК кейде патоген-аныктайтын
деп те атайды, себебі ДЖ мен МФ
белсендіретін кауіптілік белгісімен камтамасыз етеді. Нәтижесінде әр
түрлі түрдегі серпілістер дамиды, ол ПАМҚ аныктаған ТБК түріне байла-
нысты. Мысалы, ТБК-4 липополисахаридтерді, ТБК-7 кейбір вирустарға
тән біржіпті РНҚ аныктайды. Мұндай жаңалыктардан кейін
микроб
туындылары мен экстракттар антиген таныстырушы жасушалардық
сәйкес Толл-тәріздес рецепторларын ынталандыру арқылы иммунды ын-
таландырушы адьювант ретінде әсер ететіні тусінікті болды.
Осы
механизмдердін ашылуы бактериялы адъюванттар мен олардың комби-
нациясын, Толл-тәріздес рецепторлардың белгілі бір түрін белсендіру
арқылы бізге кажетті түрдегі иммунды жауапты алуға мүмкін екендігі
түсінікті болды.
Осы саладағы зертгеулер табиғи адъюванттарды дәлірек аныктауға
және
бағалауға, сонымен катар белгілі бір патогендерге карсы немесе
22-Тарау, Вакциналар және вакциналы профилактика
499
адамдардын белгілі бір популяциясы үшін жаңа синтетикалык неме-
се модификацияланған адъюванттарды кұрастыруға мүмкіндік берді.
Иммунологиядағы тәжірибелік жетістіктер жанама әсерлерді туды-
ратын химиялык топтарды алып тастауға
немесе оларды модифика-
циялауға, сондай-ак керекті касиеттер жинағы бар коспаларды
дайындауға мүмкіндік береді.
Жаңа буын адъюванттары
Көптеген заманауи адъюванттар бұрынғы классикалық адъю-
ванттарды жетілдіру негізінде дайындалған. Бірақ, соңғы кезде им-
мунологияның каркынды дамуына байланысты
принципиалды жаңа
вакциналар кұрастырылуда, сондықтан мүлдем баска механизмдегі
жана адъюванттар мен адъювантты кешендер кұрастырылды. Солардың
бірнешесіне тоқталсак.
Иммунды ынталандырушы кешендер
Иммунды ынталандырушы кешендердін бірнеше түрлері бар.
Олардың ішіндегі біреуі
Достарыңызбен бөлісу: