С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет242/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

белгілі бір табиғи
немесе жасанды антигенді детерминанттарды Т-тэуелсіз антиген-
дерге үқсас жасанды полимерлі молекулалармен конъюгациялау
жолы- 
мен жетеді. Мұндай антигендер антидене түзілуін Т-жасушалардын


2 2 -Т а р а у . В а к ц и н а л а р ж ә н е в а к ц и н а л ы п р о ф и л а к т и к а
491
көмегінсіз шакыра алады, яғни Т-жүйесінің бакылау мен индукциялау 
кызметін айналып өтеді. Бұл кұбылысты 
генетикалық жауап бермеуді
фенотиптік коррекциялау
деп атайды.
Аталған вакциналардын көмегімен кажетті уакытта (мысалы, 
эпидемиялык кауіпті жағдайлар кезінде), әрі кыска мерзім арасында 
антиденелердін жоғары титрін алуға болады, бірак вакцинация әсері 
шектелген. Себебі катаболизм нәтижесінде антиденелердін концентра- 
циясы корғаушы деңгейден төмен түсіп кетеді, яғни, шамамен вакци- 
нация әсері бірнеше ай ғана болуы мүмкін. Әдетте, осындай вакцина- 
ция кезінде зерде жасушалары калыптаспайды.
Мұндай түрдегі вакциналардың басты айырмашылығы келесіде: 
егер ағза өзінің генетикалык ерекшелігіне байланысты белгілі бір 
коздырғышка, антигенге немесе антигенді детерминанттарға айкын 
иммундык жауап дамыта алмаса, онда кұрамына керекті антигенді 
детерминант пен фенотиптік коррекциямен камтамасыз ететін ынта- 
ландырушы (адъювантты) кұрылым кіретін жасанды макроглобулинді 
кешендерді енгізеді. Ол генотиптік жауап бермеушілікті тиімді түрде 
жояды.
Вакцинация көзінде дамитын асқынулар
Егудін жанама әсер шакыратыны барлығымызға мәлім.
Полиомиелит, қызылша және кызамыкка карсы аттенуацияланған 
вакциналарды көпшілік мойындады. Бірак, олардың аз болса да 
асқынуларды тудыру каупі бар. Мәселен, кызылшаға карсы иммуниза- 
ция жүргізгенде энцефалит дамуы мүмкін. Сонымен катар, кызылшамен 
табиғи жолмен ауырған кезде энцефалитпен ауыру жиілігінің одан да 
жоғары екендігін естен шығармау керек. Тірі вирусты вакциналарды 
қолданған жағдайда вирустың нуклеин кышқылы иесінің геномына 
ену немесе вирулентті түрге реверсия каупі бар.
Сондай-ак тірі вирусты вакциналарды енгізгеннен кейін дамитын 
кейбір жағымсыз салдары туралы вирусология мен микробиология са- 
ласында бүгінгі күнгі білімнің жеткіліксіз болуына байланысты жауап 
беру мүмкін емес. Мысалы, АИЖ вирусы сияқты РНҚ ретровирустарға 
карсы тірі вирусты колдану өте қауіпті. Себебі, біріншіден, белгілі бір 
генотипі бар адамдар үшін олардын патогендігі жоғары болуы мүмкін. 
Екіншіден, тірі ретровирусты вакциналарды және гепатитке (әсіресе 
В және С гепатиті) карсы вакциналарды қолданғанда егу алушы 
ағзанын жасушаларына онкогендер енуі мүмкін. Бұл жағдайға казіргі


492
IV Б ө л ім . И м м у н д ы п а т о л о г и я ж ә н е и м м у н д ы п р о ф и л а к т и к а
кезде адекватты жауап беру мүмкін емес. Нәтижесінде сол ағзада 
катерлі ісіктермен ауыру катері біршама жоғарылайды.
Осыған байланысты ЖИТС-ке, гепатитке және катерлі ісіктерге 
карсы тірі вакциналарды колдану өте күрделі. Жалпы, 
вакцинациядан
кейін асқынудың даму қатері, сол аурудан дамитын асқынудан төмен
болуы керек.
Егер вакцинапиядан кейін болатын аскынудын жиілігі 
жоғары болса, онда көпшілік вакцинациядан бас тартады. Бұл жағдайда 
жұкпалы ауру ошағында пассивті иммунопрофилактика шараларын 
жүргізу өте тиімді болуы мүмкін.
Иммунды жуиенің жетіспеушіліктері бар адамдарда вакңинаңия
курделі асқынуларды тудыруы мумкін екендігін умытпаған дурыс.
Әсіресе 
тірі вакцинаны енгізбес бұрын иммунды патологиялык жағдайлары 
бар балаларды аныктау өте маңызды. Себебі жасушалык жүйенің 
жетіспеушілігі бар балалар БЦЖ-дан кейін ауырып калуы немесе өліп 
кетуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет