482
IV Б ө л ім , И м м у н д ы п а т о л о г и я ж ә н е и м м у н д ы п р о ф и л а к т и к а
жағдайда зерде жасушалары тез пролиферацияға ушырайды және
қоздырғышқа қарсы иммундық жауапты жылдам қалыптастырады.
ВАКЦИНАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Вакцина түріндегі өлі микроорганизмдер
Микроорганизмдердің антигендік кұрамын өзгертпей патогендігін
жоюдың ең карапайым әдісі —
микробтық жасушаның өмір суру
қабілеттілігінен айыру.
Мұндай өлі вакциналарды дайындау кезін-
дегі микроорганизмдерді инактивациялау барысында негізгі про-
тективті антигендердің ыдырап кетпеуін кадағалап отыру керек.
Қоздырғыштарды жоғары температуранын
немесе химиялык ко-
сылыстардың (мысалы, фенол) көмегімен инактивацияға ұшыратады.
Вакцинаның әсерін күшейту үшін оған әдетте адъюванттарды косады.
Мұндай вакциналарға сүзекке, тырыскакка, кызылшаға, полиомиелит-
ке (Солка вакцинасы) қарсы вакциналар жатады.
Тірі аттенуацияланған
вакциналар
Тірі аттенуацияланған вакциналарды алу үшін коздырғышты белгілі
бір жұкпаға сезімтал жануардың организмінен тыс жерде ұзак уакыт
дакылдандыру нәтижесінде алады. Мысалы,
микроорганизмдерді
бірнеше рет пассажжасау аркылы (сары кызба вирусы), арнайы коректік
орталарда (БЦЖ) немесе экстремалды жағдайларда дакылдандыру
(жоғары температура, ультракүлгін немесе иондаушы сәуле, мәселен,
ол
Васіііш апіһгасіз
үшін), сондай-ақ спонтанды мутанттарды сұрыптау
жолы
( Үегзіпіа резііз)
аркылы дайындау.
Тірі вакциналардың негізгі артықшъиіығы — аттенуацияланған
қоздырғыштардың көбею және тіндерге қарай миграциялану қабілеттілігі
болады, нәтижесінде антигендік стимул мен иммундық жауап кушейеді.
Басқа артықшылығына
жергілікті иммунитеттің қоздырғыш
көбейген тінде ғана дамитыны
жатады. Мысалы, салға карсы өлі вак-
цинаны парентералды жолмен енгізген кезде мұрын-жұткыншакта
І§А түзілмейді. Ал интраназалды енгізгенде тиімді иммундык жауап
қалыптасады, бірақ ол 2 айдан кейін жойылады. Сонымен қатар тірі
аттенуацияланған вируспен пероралды
иммунизация жасаған кезде
мұрын-жұтқыншакта І§А деңгейі тұракты түрде жоғары болады. Соны-
2 2 -Т а р а у . В а к ц и н а л а р ж ә н е в а к ц и н а л ы п р о ф и л а к т и к а
483
мен, алдын ала егулер өздерінің эффективтілігін ұзак уакыт сактайды
(10-15 жыл шамасында).
Тірі вакциналардың мысалына
қызылшаға, этідемиялық паротит-
ке, сары қызбаға, салға (Сейбин вакцинасы), қызамыққа, туберкулез-
ге (БЦЖ)
карсы вакциналарды жаткызуға болады. Бұл вакциналар
аурудың субклиникалык түрін және тиімді корғанысты тудырады.
Тірі және инактивацияланған вакциналар арасындағы айыр-
машылыкты екі поливакцина мысалында жеңіл байқауға болады. Екі
вакцинаның да өзіндік жаксы жактары бар. Олардың дайындалуын
зерттеу жұмыстары АҚШ-та бір уакытта басталды, бірак өлтірілген
вирусты Солка вакцинасы
бірінші болып пайда болды, сондықтан
АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінде жаксы кабылданды. Аталған вак-
цина аркасында АҚШ-та сал ауруы толығымен элиминацияланды,
ал Швецияда ауру жойьшды. Тірі вирусты вакцина — Сэйбин вак-
цинасы бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде бірінші болып
сынактан өтті. Оның нәтижесі күтпеген
жерден біршама жоғары бол-
ды. Сондыктан Сэйбин вакцинасы бірнеше жылдың ішінде көптеген
елдерде қолданылып жүрген өлі вакцинаны ығыстырып шығарды.
Оның артықшылыктарына — пероралды енгізу, бағасының арзан бо-
луы (антигенді масса саны аз кетеді), адъюванттарды колдану кажет
еместігі, тиімді жергілікті иммунитеттің (І§А мен І§С өндіріледі), күшті
жасушалық иммундык жауаптың және ұзак мерзімді иммунитеттін
калыптасуы жатады.
Поливалентті (ассоциацияланған) вакциналар
Поливалентті вакциналар дегеніміз
Достарыңызбен бөлісу: