21.5-сурет.
Екіншілік иммундык тапшылык жағдайларына негізгі себепкер
стресстік факторлар
21-Тарау. Иммундық тапшылық жағдайлары
477
Екіншілік ИТЖ-дын пайда болуына
темекі шегу, маскүнемдік
және
нашақорлық
үлкен әсер етеді.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде туа біткен және адаптивті
иммундыкжүйеге темекі шегудін өте зиянды екені дәлелденген. Өйткені
темекі шеккен кезде цитотоксикалык лимфоциттердің кызметтік
активтілігі мен фагоцитоз барынша тежеледі. Темекі шеккен адамдар-
да катерлі ісіктердін пайда болу жиілігі (миелоидты лейкемия, еріннін
және ауыз куысынын катерлі ісіктері, жатыр мойынының катерлі ісігі
және т.б.) айтарлыктай жоғарылайды. Олар вирусты жұкпаларға, оның
ішінде ЖИТС — жұкпасына да жиірек шалдығады. Сонымен катар
темекі шегу көптеген баска жұкпалык ауруларға әкелуі мүмкін, мы-
салы үшін менингококктык жұкпа (2,4 ретке дейін), пневмококтык
пневмония (2,5 ретке дейін), туберкулез (2,6 ретке дейін). Темекі
шегу, сонымен катар, ота жасағаннан кейінгі жұкпалардың пайда бо-
луына себеп болу мүмкін. Осы темекінін зиянды касиеттерін темекі
шегушілердін шырышты кабаттарынын бактериялы тұкымдануымен,
тыныс жолдарының кызметтік әсерлерінің бұзылуымен, туа біткен
иммунитеттін әлсіреуімен түсіндіруге болады. Сонымен катар темекі
шегетін адамдарда аллергиялықреакцияларғаәкелетін кан сарысуындағы
І§Е деңгейі жоғарылайды. Көптеген зерттеулерде темекінің аутоиммун-
ды аурулардың пайда болуына және олардын күрделене түсуіне себепші
болатыны көрсетілген.
Қазіргі уакытта
темекі түтінінің
токсикалык және канцерогендік
касиетгері накты екінішілік иммундык тапшылыктын пайда болуына се-
бепкер екені дәлелденген. Иммундык жүйеге токсикалык әсерін тигізетін
темекі түтінінін құрамындағы келесі заттар болып келеді: көміртегі
оксиді, азот оксидтері, цианидті сутегі, ацетальдегид және кадмий. Ал
концерогендік әсерді темекі шегу барысында коршаған ортаға бөлінетін
формальдегид, гидразин, хлорлы винил, уретан, 2-нитропропан, хи-
нолин, нитрозаминдер, бензпирен, полоний-210, 5-метил-хризен
камтамасыз етеді.
Сонымен катар, өмір сүру салтының кауіпті факторларына
маскүнемдік
те жатады. Этил спиртінін ыдырау өнімдері ағзаның со-
зылмалы интоксикациясын тудыра алады.
Организмде ацетальдегид концентрациясын жоғарылауы иммундық
депрессияны шакыратын фактор болып табылады, ал этанолдың
жоғары концентрациялары эндогенді ИЛ-2-нін активтілігін тежейді,
Т-лимфоциттердің митогендерге пролиферативтік жауабын, ней-
трофилдер мен моноциттердің фагоцитарлык активтілігін тежейді,
478
ЫК-жасушалардьщ және цитотоксикалык Т-лимфоциттердің кызмет-
терін төмендетеді. Осынын салдарынан канда иммундык комплекстер
саны жоғарылайды.
Алкоголді гепатиттін ең жиі кездесетін нәтижесі — бауыр циррозы.
Бұл кезде бауырдың детоксикациялык және нәруыз түзу кызметі күрт
бұзылады, альбуминдер, комплемент компоненттерінін, оксидазалык
тасымалдаушы нәруыздардың, сарысулык протеазалар ингибиторлары-
ның синтезі тежеледі, нәтижесінде иммундык гомеостаздын туа біткен
резервтерінің адекватты және өз уакытында кайта толтырылу кабілеті
нашарлап, екіншілік иммундык тапшылык жағдайы күшейеді.
Сонымен катар, алкоголдің шамадан тыс мөлшерде кабылдануы
посталькогольдік астения жағдайына әкеледі, осы жағдай созылмалы
.
аурулардың өршуіне және жедел патологиялык жағдайлардын созьшма-
лы жағдайға ауысуына әкеп соғады: біріншіден — иммунокомпетентті
жасушаларға тікелей әсер ету аркылы; екіншіден — екіншілік иммундык
тапшылыкты күрделендіретін нейроиммуномедиаторлардың әсер етуі
арқылы.
Нашақорлық —
вирустык және бактериялы жұкпалардың пайда болу
қаупін жоғарылататын айқын иммундык тапшыл ықтың қал ыптасуымен
сипатталады. Нашакорларда иммундык тапшылықтың пайда болуына
екі жағдай әкелуі мүмкін.
• Опиоидты есірткі уыттылығының тікелей токсикалық әсері, олар-
дың макрофагтар мен лимфоциттер апоптозын күшейту кабілеті.
• Нашакордың есірткі заттарды кабылдау уакытының ұзактығына
байланысты өмір салтының бұзылуы — тамақтану, ұйкы бұзы-
лыстары, өзіндік гигиеналык шарттарын сактамауы, психикалык
деградация және т.б.
Нашакорлардың опиоидты және баска есірткі заттардын әсерінен
иммундық жүйесінің реттеу кызметтері бұзылуы салдарынан ИТЖ
пайда болуы ерекше орын алады. Нашакорлык заттар лимфоцит
рецепторларының және антиген таныстырушы жасушаларға әсер етіп,
олардың карым-катынасын, эндогенді нейропептидтер және гор-
мондар жағынан болатын реттеу касиеттеріне сезімталдығын жояды,
нәтижесінде иммунды корғаудың нәтижелілігін, тиімділігін азайтады.
Сонымен, екіншілік иммундык тапшылыктьщ калыптасуында
адамның өмір сүру салтының факторлары өте маңызды. Екіншілік
иммундык тапшылықтың алдын алу үшін салауатты өмір салтына жа-
татын дұрыс, балансты тамактану, дұрыс (адекватты) физикалык
жүктемелер, қалыпты гигиеналык шарттарды орындау, кауіпті, яғни жа-
ман әдеттерден арылу және дұрыс медициналык тәртіп сақгау маңызды.
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
|