22-Тарау. Вакциналар және
вакциналы профилактика
481
жұкпаға карсы корғаныс сакталады. Бұл жағдайда патогендіенгізгеннен
кейін ағза екіншілік серпіліспен жауап береді.
Жұкпалы аурулармен күресте негізгі жетістіктерге белсенді және
енжар (пассивті) иммунизация аркасында жеттік.
Енжар иммунизация
кезінде адамға кұрамында белгілі бір
коздырғыштардың антигендеріне карсы антиденелер бар арнайы са-
рысуларды енгізеді. Пассивті иммунизация жылдам әсер береді,
сондыктан оны терапиялык максатта жиі колданады.
Тіпті эпидеми-
ялар кезінде онын алдын алу үшін де колданады. Көбіне кұрамында
жоғары титрдегі арнайы антиденелері бар гомологиялык сарысуларды
(антистрептококты, антистафилококты және т.б.) жұкпалы агенттер-
ден корғану үшін енгізеді. Ал жоғары мөлшерде токсиндерді өндіретін
ауруларды (мысалы, күл, сіреспе, ботулизм, газды гангрена)
емдеу
кезінде гетерологиялык антитоксикалык сарысу колданады.
Активті иммунизақия
— дегеніміз жұкпалы антигенді агрессивсіз
түрдегі, бірак иммуногендік мөлшерде корғаныс иммундық жауабын
туғызу және иммунологиялык зерделікті калыптастыру максатында
адам ағзасына бағытталған түрде енгізу.
Белсенді иммунизация кезінде сәйкес коздырғышка карсы біріншілік
иммундык серпілістер ынталанады және иммунологиялык зерделік
калыптасады. Нәтижесінде ағза коздырғышпен
екінші рет кездескен
жағдайда оған жылдам, әрі тиімді жауап беруге кабілетті болады. Бұл
тек гуморалдык серпілістерге (яғни І§М, І§0, І§А түзілуі) ғана катысты
емес, ол жасушалык түрдегі иммундык жауапка да тән. Белсенді имму-
низация тудырған әсерлердін ұзактығы шектелген, сондыктан белгілі
жағдайларда вакциналарды кайта енгізу керек. Әдетте вакцинаны
коздырғыштын табиғи жұғу жолын имитациялау аркылы енгізсе —
оның нәтижесі жаксы болады. Мәселен, вирустарды (полиомиелит
немесе тұмау)
ауыз аркылы жіберу, себебі олар ағзаға ішек немесе ты-
ныс жолдары аркылы түседі және бұл жағдайда секреторлы І§А түзілуі
күштірек ынталанады. Бірак белсенді иммунизацияны баска да әр түрлі
жолдармен (теріішілік, тері астына, бұлшыкетке енгізу) жүзеге асыруға
болады. Сирек жағдайларда белсенді иммунизация кезінде сенімді
иммундык жауапты қалыптастыру үшін антигенмен бірге арнайы емес
күшейткіш (адъювант) қолданылады.
Сонымен,
Достарыңызбен бөлісу: