484
IV Б ө л ім . И м м у н д ы п а т о л о г и я ж ә н е и м м у н д ы п р о ф и л а к т и к а
Негізгі иммунизациялаушы компонент ретінде қурамында
бактериялар мен вирустардың фрагменттері
(негізінен олардың қабықтары) бар вакциналар
Бұл максатта
бактериялардың капсулалық полисахаридтерін
кол-
данады, олар
менингококкты, пневмококкты
және
гемофилдіжуқпаларға
карсы антиденелердің түзілуін эффективті тудырады. Бүл антигендерді
иммуногенді нәруызды тасымалдаушымен конъюгациялайды,
себебі
бұл полисахаридтер өздігінен Т-хелперлерді
ынталандырмайды,
сондыктан жеткілікті түрде зерде жасушаларының түзілуін шакыр-
майды.
Осы түрдегі вакцинанын баска мысалына
вирус суббірліктерінің вак-
ңиналары,
мысалы, тұмау мен В гепатиті вирустарынын беткей антигені
бар вакциналар жатады. Аталған вакциналар өте тиімді, бірак дайындау
технологиясы күрделі болғандыктан кымбат.
Тырысқақтың
алдын алу үшін вакцинаны тырыскак токсинінін
В-суббірлігін өлі вибриондармен біріктіру аркылы дайындайды. Бұл
вакцинаны пероралды жолмен енгізгенде, ішектің шырышты кабатында
антиденелер, коздырғыштың әсерінен болғандай эффективті түрде
түзіледі.
Пневмококтын бірнеше штамдарынан алынған капсулярлы поли-
сахаридтерге негізделген вакциналарды ересек адамдарда колданудың
эффективтілігі XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап белгілі. Бүгінгі
күні АКДІ-та пневмококктың 100 серотипі ішінде тек 25 серотипі ғана
аурудың 95% тудыратыны белгілі болғаннан кейін ғана кұрамында
23 антигендік ерекшелік бар пневмококкты вакцинаны дайындау бас-
талды. Бұл вакцина қартайған адамдарға (жасы 60-тан
асқан карттар
үшін) арналған. Баска да
Н. Іпфіиегцае и Иетегіа тепіпфіісіеа
карсы екі
суббірлікгі вакциналар бар. Олар барлык жас топтарында тиімді, тек
2 жаска жетпеген балаларға колданбайды.
Кабығы бар вирустарды, мысалы, тұмау вирусы, липидті еріткіштер
немесе детергенттер көмегімен ыдыратуға болады. Мұндай препа-
раттарды «ыдыратылған» вакцина түрінде колдануға болады, бірак
кейіннен олардан беткей антигендерін бөліп алып,
алынған пре-
параттарды суббірлікті вакцина мақсатында колданады. Олардың
негізгі артыкшылығы — тұтас вирусты вакциналараға қарағанда
реактогенділігінің төмен болуы, бірак жасушалык иммундык жауапты
әлсіз шакырады.
2 2 -Т а р а у . В а к ц и н а л а р ж ә н е в а к ц и н а л ы п р о ф и л а к т и к а
4 8 5
Вакцинация тарихындағы жетістіктің бірі — вирусты В гепатитімен
ауыратын наукастардың кан плазмасынан сол вирустың беткей
антигенін бөліп алу. Қауіпсіз вакцина алу үшін оны тазартады және
стерилизациялайды. Бірнеше ай ішінде адъювантпен
біріктірілген вак-
цинаны үш немесе төрт рет енгізу нәтижесінде 80% астам жағдайда
иммундык жауаптын калыптасуын камтамасыз етеді.
ЖАСАНДЫ ВАКЦИНАЛАР
Синтетикалық пептидтерді вакцинация үшін қолдану
Вакциналардьщ бұл түрін алу үшін көбіне
иммунологиялық жағынан
микробтық және вирустық антигендердің эпитоптарына сэйкес келетін
пептидтік фрагменттерді синтездеу
аркылы жасанды вакциналар-
ды алуға болады. Мұндай синтез техникалық жағынан күрделі емес,
әрі арзан. Иммуногендікті жоғарылату үшін пептидтерді Т-тәуелді
антигендердің тасымалдаушысымен конъюгациялайды және адъювант
қосады. Ол үшін кейбір жағдайларда пептидті фрагменттерді мурамил-
дипептидпен байланыстырады.
Синтетикалык пептидтерде амин кышкылдары
кажетті тәртіпте ор-
наласса да, онын спонтанды үшінші кұрылымы антигеннің алғашкы
конформациясын кайталай алмайды, сондықтан вакцинацияның
тиімділігі төмендейтінін ескеру керек.
Казіргі көзкарастар бойынша көптеген нәруызды детерминант-
тар үзіліп орналаскан, яғни нәруыздын алғашкы катарында амин
қышкылдарынын калдыктары бір-бірінен алшак орналаскан, бірақ
полипептидтік тізбектің иілуі нәтижесінде олар бірігеді.
Мұндай
жағдайда алғашкы кұрылымның фрагменті болып табылатын пеп-
тидтер детерминантаның бір бөлігін имитациялай алады. Мұндай
детерминанттарды жасанды жасау мәселесінің шешімі рентгенді
құрылымдык тадцау мен бағытталған мутагенез әдістері көмегімен
үзілген детерминанттарды аныктауға және олардың кұрылымен
зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары бұл мәселені антиген
молекулаларының кұрылымын компьютерлік талдау арқылы шешуде.
Осы саладағы ең алғашқы зерттеу жұмыстарын профессор Лернердін
басқаруымен америка ғалымдары 80-жылдардың басында тұмау, аусыл
және В гепатитіне карсы жасанды вакциналарды дайындаған кездері
жүргізген.
4 8 6
IV Б ө л ім . И м м у н д ы п а т о л о г и я ж ә н е и м м у н д ы п р о ф и л а к т и к а
Вакциналарды молекулалы
клондау әдісімен алу
(рекомбинантты вакциналар)
Рекомбинантты ДНК, технологиясы антигеннін бүкіл нәруызды мо-
лекуласын немесе оның фрагментін кадағалайтын гендерді алуға, олар-
ды керекті векторға енгізуге және сәйкес жасушаларда экспрессиялауға
мүмкіндік береді.
Соңғы кездері иммуногендігі жоғары және патогендігі жок бірқатар
тірі вакциналар
алынды, оларда
бактериялар мен вирустардың реком-
бинантты турлері
колданылады. Бұл вакциналардын иммуногендігі
жоғары, ал патогендігі мүлдем жок. Сондай-ак олардың реактогендігі
төмен және корғаныс әсері жоғары.
Осындай түрдегі вакциналарды вектордын көмегімен бір микробтын
немесе вирустын генін вируленттігі аз
екінші бір микробка немесе
вируска (мысалы, сальмонелланың патогендігі төмен штаммына неме-
се осповакцинаның вирусына) енгізу жолы аркылы алады.
Шешек вакцинасының вирусы және басқа кұрамында ДНК бар ірі
вирустар антигенді нәруызды кадағалайтын бөгде гендерді клондау
кезінде вектор кызметін аткара алады. Бұл кезде рекомбинантты ви-
рус жануарлар мен дакылдандырушы жасушалар үшін жұкпалылығын
сактайды, ал вирус ДНК енгізілген гендер кадағалайтын антигенді
нәруыздар жұктырылған жасушаларда өндіріле бастайды және олардын
плазмалык мембранасына орналасады (22.2-сурет).
+
Қоздырғыштың
антигенді пептидін
негіздеуші ген
Плазмида
Сиыр
шешегінің
вирусы
+
Достарыңызбен бөлісу: