С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет243/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

Сонымен қатар кортикостероидтарды, иммунды депрес-
санттарды немесе радиотерапияны қабылдап журген науқастарға,
сондай-ақ лимфома немесе лейкозбен ауыратын науқастарға тірі вакңи-
наларды енгізуге болмайды.
Осы категорияға 
жукті эйелдер
де кіреді.
Кез келген жедел жұкпадан кейін адамда, әсіресе кішкентай бала- 
ларда транзиторлы иммундык жетіспеушілік дамитынын есте сақтау 
керек. Оның ұзақтығы орта есеппен бір айға созылады. Сол себептен, 
бұрын КСРО-нын денсаулык сақтау министрлігінін бұйрығы бойынша 
кез келген жедел жұкпалы аурумен ауырған балаларға бір ай көлемінде 
вакцинация жүргізуге рұксат берілмейтін.
Иммундық жетіспеушілік кезінде енгізілген вакңина антигендік
жуктеменің жоғарылауына әкелуі мумкін, нэтижесінде реттегіиі
механизмдердің 
бузылу 
салдарынан 
гиперергиялық 
серпілістердің
(аллергиялардың) дамуы немесе табиғи төзімділіктің бузылуы салдарынан
аутоиммундық патологияның дамуы мумкін.
Сондыктан саддарлык иммунды жүйесінің жетіспеушілігі бар 
адамдарға вакцинация жүргізуге болмайды. Сондай-ак созылмалы 
жұкпалар кезінде үнемі иммундык жетіспеушілік болатынын естен 
шығармау керек. Себебі, жұкпалы аурудың созылмалы түрде өтуінін 
өзі ағзада иммундык жетіспеушіліктің бар екендігін көрсететіні белгі, 
ал бұл жағдай өз кезегінде иммунды жүйені әлсіретеді және иммундык 
жетіспеушілікті терендете түседі.
Жоғарыда келтірілгендердін барлығы 
ағзада созылмалы жуқпалы
ошақ бар адамдарда вакңинацияны аса сақтықпен жасау керек екендігін
дәлелдейді. Аутоиммунды патологиясы
бар наукастарда иммунизация-


2 2 -Т а р а у . В а к ц и н а л а р ж ә н е в а к ц и н а л ы п р о ф и л а к т и к а
493
ны жүргізуге болмайды, себебі аутоиммунды үдеріс күшеюі мүмкін. 
Мүндай наукастарға иммунизацияны өте керек жағдайларда және 
барынша жоғары (максималды) сактык шараларын ескере отырып 
жүргізген дұрыс.
Кейбір 
жағдайларда 
вакцинациядан 
кейін 
парадоксалды
серпілістер
болуы мүмкін. Ол вакцинация нәтижесінде табиғи 
жұкпанын күшеюімен сипатталады. Ол аурудын жасырын кезенінде 
жүргізілген вакцинациядан кейін болатын уакытша иммунды су- 
прессия әсерінен болуы мүмкін. Бірақ парадоксалды серпілістер 
инъекциялар арасындағы үзіліс ұзак болған жағдайда, әсіресе тыныс 
жолдары ауруларының коздырғыштарына карсы өлі вакциналарды 
колданған жағдайда да байкалады. Бұл кұбылыстьщ механизмі әлі 
аныкталмаған. Оның негізінде гуморалды түрдегі салдарлык иммун- 
ды жауап кезіндегі иммунды кешенді серпілісі жатуы мүмкін деген 
болжам бар.
Гипериммунизация кезінде жануарлардың ағзасында иммунды 
кешендердің жинакталуы байкалады, нәтижесінде васкулит, гло- 
мерулонефрит және амилоидоздың дамуы мүмкін. Адамда мұндай 
серпілістер байкалмаған, бірак антигенді жиі енгізу аркылы гиперим- 
мунизацияны шакыру мүмкіншілігінен кашу керек, сол себептен де 
иммунизация жүргізу күнтізбелік жоспардан ауыткымауы керек. Экс- 
периментте және клиникада тірі вакциналарды немесе адъюванттарды 
колданған жағдайда аутоиммунды аурулардын дамуы байкалған. Бұл 
жағдай аутореактивті клондардың белсенуімен жүретін поликлонды 
ынталану әсерінен дамуы мүмкін деген болжамды механизмдер аркылы 
түсіндіруге болады.
Тазарту тәсілдерін біршама жетілдіргенге карамастан кез келген 
жұкпалы материалда (тірі вакциналарда) өсіру үшін колданған коректік 
ортанын калдығы (овальбумин, пептон, антибиотиктер, инактиватор- 
лар, стабилизаторлар) калып кояды. Олар 
аллергиялық серпілістерді
шақыруы мүмкін.
Соңғы кезде вакцинаны дайындау үдерісі кезінде (мысалы, коректік 
орта ретінде ет-пептонды сорпаны колданғанда), вакциналык матери- 
ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет