С. В. Кожанова Жалпы иммунология


И Л - 1 п и р о г е н д і к



Pdf көрінісі
бет270/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

И Л - 1
п и р о г е н д і к
ф а к т о р
р е т і н д е
қ ы з б а н ы ң
д а м у ы н
н е г і з д е й д і .
Миелопоэзге әсер етіп, ИЛ-1 нейтрофилдік лейкоцитозды тудырады. 
Сонымен катар, ол гепатоциттерде кабынудың жедел фазасы 
нәруыздарының синтезін күшейтеді.
ИЛ-1 әсерлерінің көпшілігін ИЛ-6 мен ІН Ф -а-лармен әсерлесіп 
жүзеге асырады. 
И Л - 1 и м м у н д ы қ , ж у и к е ж ә н е н е й р о э н д о к р и н д і к ж у й -
е л е р д і ң а р а с ы н д а б е л г і л е р д і ң а л м а с у ы н а қ а т ы с а д ы .
Ол орталык жүйке 
жүйесінде глия жасушаларымен және тамырлык эндотелиймен 
өндіріледі, сонымен катар, кан ағысынан мидың III және IV ка- 
рыншаларына өтеді. И Л -1 -ге арналған рецепторлар ми жасушаларында, 
әсіресе, катпарларда, хориоидтык тамырлы өрімдерде, гипокампта, ги- 
пофизде табылған. ИЛ-1 пропиомеланокортин тегінін экспрессиясын 
күшейту аркылы гипоталамус пен гипофиздің біркатар гормондарынын 
өніміне әсер етеді, тимустың гормоны тимулиннің өнімін коздырады, 
пролактиннің өнімін басады, ұйқыны, мінез-кұлыктык реакцияларды 
реттеуге катысады.
ИЛ-1-дің бірнеше ингибиторлары белгілі. Олардын біреуі темпера- 
турасы жоғары адамдардың зәрінен табылған (ИЛ-1-дің фебрилдік ин- 
гибиторы, молекулярлык салмағы — 30 000 Д). Бұл ингибитор ИЛ-1-ге 
арналған рецептормен әсерлесіп цитокиннің әсерлерінің басым санын 
жокка шығарады. Екінші ингибитор моноцитарлык лейкозбен ауыра- 
тын адамдардың зәрінен бөлініп шығарылған (молек. салмағы 26 000). 
ИЛ-1-дін үшінші зәрлік антогонисі — уромодулин (молек. салмағы 
85 000) — жүкті әйелдердің зәрінен табьшды.
ИЛ-1 рецепторлық антагонисіне (раИЛ-1) жоғары назар бөлінуде.
РаИЛ-1 — ИЛ-1а и ИЛ-1(3 кіретін тұкымдастыктын өкілі. Онын 
молекулалык салмағы 17 000 және ол ИЛ-1-ге арналған рецептор- 
лармен тұкымдас болып келеді. Бірак, раИЛ-1 ИЛ-1-дің әсерлерінін 
көпшілігін, керсінше, жокка шығарады. Қазіргітанда раИЛ-1 келешегі 
зор кабынуға карсы фактор ретінде карастырылуда.
Сонымен, екі турлі молекулалық формасы бар ИЛ-1, көбінесе макро-
фагтармен өндірілетін, кең спектрлік әсері бар цитокин болып келеді. Ол
иммунитеттің бастапқы серпілістерін негіздейді, қабынудың дамуында
маңызы зор
(сепсистік шок, ревматоидтык артрит, атеросклероз сиякты


24-Тарау. Цитокиндердің негізгі топтары, биологиялық әсерлері...
545
жіті және созылмалы кабынулык аурулардың патогенезіне қатысады), 
гемопоэзді реттеуге қатысады, иммундық және жүйке жуйесінің
араларындағы медиатор болып келеді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-2
(адамның хромосомаларының 4-жұбы). ИЛ-2 
1976 ж. Т-жасушаларыньщ өсу факторы ретінде табылған, 1980 ж. 
тазартылып биохимиялык тұрғыда сипаттама берілген. ИЛ-2 — 
молекулярлық салмағы 15 000 Д таяу гликопротеин болып келеді. 
Молекуланың кұрамында бір дисульфидтік байланыс бар. ИЛ-1-ге 
карағанда, ИЛ-2-нің биологиялык белсенділігінін деңгейі төмен.
С04"-лимфопиттердін ішінде 90%, ал С 0 8 +-жасушаларының 
тек кана 10% ИЛ-2 өндіреді. 
ИЛ-2-нің негізгі өндірушілері болып
белсендірілген Тхі келеді.
ИЛ-2 өнімін глюкокортикоидтер, оксимо- 
чевина, азатиоприн, ганглиозидтер, дезоксиаденозин және проста- 
гландиндер 
төмендетеді.
Лейкотриендер және фосфолипаза мен ци- 
клоксигеназаны басатын агенттер ИЛ-2-нін синтезін 
жоғарылатады.
Цитокиндердің арасында ИЛ-2нің өнімін ұлғайтатындар — ИЛ-1, 6, 
ІНФ-а , ІҒІМ-ү.
ИЛ-2-нің нысана-жасушалары белсендірілген Т- және В-лим- 
фоциттер және табиғи өлтіргіштер болып келеді. 
Т-лимфоңиттерге
көрсететін басты эсері
— 
митогендік эсер,
яғни, лимфоциттердің 
көбеюін және пісіп-жетілуін камтамасыз етеді: Тхі (аутокриндік 
түрде), Т-киллерлерді, В-лимфоциттерді, І§М и 1§С (1, 3) өнімін 
коздырады.
ИЛ-2 
Т-киллерлерді пісіп-жетілдіру қызметін атқарады.
ИЛ-2-нің 
бұл әсері өсу әсерінен кейін пайда болады да, тиімді іске асу үшін 
ИЛ-6, 4, 7 және 12 сиякты көмекші факторлар қажет. ИЛ-2 ІҒМІ-ү- 
ның өнімін, протоонкогендердің экспрессиясын күшейту аркылы 
Т-хелперлердін кызметін аткаруға көмектеседі. Ол иммунологиялык 
төзімділіктін дамуына карсы әсер көрсете алады.
ИЛ-2 
Тх2-дің пайда болуын тежейді
және оның лимфокиндерінің 
(ИЛ-4, 5 және 10) синтезін басады.
ИЛ-2 алдын ала белсендірілген В-лимфоциттерге өсу факторы 
ретінде әсер келтіреді. Аталған әсерді ИЛ-5 пен ІҒІМ-ү көмегімен 
атқарады. ИЛ-2 І§М, І§ 0 және І§А синтезін жоғарылатады.
ИЛ-2 
N К-жасушаларының цитотоксикалык әсерін күшейтіп 
кеңейтеді.
ИЛ-2 оттегі мен тотыктардын белсендірілген формаларының 
пайда болу, кан түзу процесстерін күшейту аркылы моноциттерге әсер 
келтіреді.


546
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
Ол эритроциттер мен тромбоциттердің түзілуін күшейтеді, сонымен 
катар кан түзудін миелоидтык және эритроидтык тізбектерінін дамуын 
тежейді, гемопоэздің экстрамедулярлык ошактарының пайда болуына 
ыкпал етеді.
Корытып 
айтканда, 
ИЛ-2 
белсендірілген 
Т-хелперлермен
өндірілетін Т-лимфоциттер мен NК-жасушаларының, азырақ көлемде
В-лимфоциттердің, өсу және пісіп-жетілу факторы болып келеді. Ол
иммундық қорғау реакцияларына және ісікке қарсы турақтылыққа
қатысатын иммунитеттің (әсіресе жасушалықтың) аса маңызды
медиаторы.
ИНТЕРЛЕЙКИН-3
(адамнын 
хромосомаларының 
5-жұбы, 
гранулоцитарлык-макрофагалдык колониястимулдайтын факторды 
негіздейтін текке өте жакын орналаскан). Бұл цитокин 1981 ж. Т — 
жасушаларды пісіп-жеткізу факторы ретінде бейнеленген. Кейінірек 
ИЛ-3 гемопоэздің бастапкы сатыларын коздыратын фактор екендігі 
дәлелденді. ИЛ-3 — молекулярлык салмағы 21 000—36 000 Д көлемінде 
күшті гликозданған нәруыз. Молекуланьщ құрамында белсенділік 
көрсетуге маңызды бір дисульфидті байланыс бар.
ИЛ-З-тің өндіруші жасушалары болып арнаулы антигендермен
белсендірілген Тхі мен Тх2
және біркатар баска жасушалар (В-лимфо- 
циттер; цитофилдік антиденелермен карама-кайшы байланыспен 
белсендірілген мес жасушалары; миелоидтык жасушалар; сүйек 
кемігінің стромалык жасушалары; ми астроциттері; кератиноциттер) 
келеді.
ИЛ-З-тің нысана-жасушалары көбінесе, жас, соның ішінде, көп
қабілетті қантузу бастапқы жасушалары болып келеді.
ИЛ-3 
бағаналы 
жасушалары 
мен 
жетілмеген 
бастауыш 
лимфоциттердің көбеюін колдайды, сүйек кемігінде макрофагтардын, 
тимуста Т-лимфоциттердін жетілуін белсендіреді.
ИЛ-3 шырышты кабаттардын мес жасушаларынын өсу факторы 
болып келеді, ИЛ-4-тің дәнекер тінінің (серозды) мес жасушаларына 
көрсететін өсіру белсенділігін күшейтеді, олардын гистаминді өндіруін 
көбейтеді, баскаша айтканда, ИЛ-3 аллергиялык реакциялар дамуына 
қатысы бар.
ИЛ-3 эозинофилдерді белсендіріп, N К-жасушаларынын дамуын 
тежейді. ИЛ-3 апоптозды тежеу арқылы жасушалардын өмір сүру 
кабілетін жоғарылатады.
Сонымен, 
ИЛ-3 — гемопоэздің бастапқы сатыларына әсер ететін,
оны жедел реттейтін белсендірілген Т-лимфоциттердің өнімі.
Сонымен


24-Тарау. Цитокиндердің негізгі топтары, биологиялық әсерлері...
547
катар, ИЛ-3 мес жасушаларының дамуына катысады және ІЧК.-жасу- 
шаларынын калыптасуын тежейді.
ИНТЕРЛЕЙКИН-4
(хромосомалардың 5-жұбы, ИЛ-5-ке арнал- 
ған текке жакын). ИЛ-4 1981 ж. В-лимфоциттерді белсендіру факторы 
ретінде бейнеленген. Баска да атаулары: 
В-сеІІ §гом>іһ/асіог I
(ВССҒ-1), 
В-сеІІ зіітиіаюгу/асіог
/ (ВС5Ғ-І), 
Т-сеІІ§гоыгһ/асюг II
(ТСОҒ-ІІ), 
та$і
сеіі §гоыіһ /асюг II
(МСОҒ-ІІ). ИЛ-4 — 19-22 кД жуык молекулалык 
салмағы бар гликопротеин, молекуласының кұрамында белсенділікке 
манызды дисульфидтік байланыс бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет