С. В. Кожанова Жалпы иммунология


Т-ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ Т-ТӘУЕЛДІ АНТИГЕНДЕР



Pdf көрінісі
бет93/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

Т-ТӘУЕЛСІЗ ЖӘНЕ Т-ТӘУЕЛДІ АНТИГЕНДЕР
Антигендердің мұндай екі түрге бөлінуі В-лимфоциттерде антидене 
түзілуінің мүмкіншіліктеріне байланысты.
Тимус-тәуелсіз антигендер (Т-тэуелсіз) — Т-лимфоңиттің және
макрофагтардың көмегінсіз В-лимфоңиттерде өздігінен антиденелердің
тузілуін шақыратын антигендер.
Берілген антигендік детерминантка арнайы В-лимфоциттер анти- 
генге тәуелді дифференциялануға түсу үшін (лимфобластка айна- 
лып және сол антигендерге антидене түзетін плазмалык жасушалар 
клонына бастама беру) екі белгіні кабылдау кажет: I — арнайы, II — 
пролиферативтік-дифференциялушы. 
Т-тәуелсіз антигендердің өздері
В-лимфоциттерді екі белгімен қамтамасыз етеді.
Бірінші — 
арнайы
йғлгш/- В-лимфоциттер иммуноглобулиндік антигенді танушы рецеп- 
торлар көмегімен антигеннін гаптендік бөлігінен алады. Екінші — 
пролиферативтік-дифференңиялаушы
белгіні — В-лимфоциттер та- 
сымалдаушыдан алады. Екінші белгіні камтамасыз ету үшін тасы- 
малдаушынын кұрылымы келесі талаптарға сай келуі керек:
• 
жоғары молекулалық салмақ;
• молекуланың қатаңсызықты қүрылымы;
•молекула полиэлектролит болуы (яғни аттас зарядталған химия-
лық топшалардан қурылуы).
Табиғи антигендердің ішінде 
бактериялық полиқанттар (БП)
мен липополиқанттар (ЛП)
осы талаптарға сай болып келеді. 
Олар


12-Тарау. Антигендер
197
негізгі табиғи Т-тэуелсіз антигендер
болып табылады. Бактериялык 
поликанттармен липополиканттардан баска табиғи Т-тәуелсіз ан- 
тигендерге, 
мысалы, сальмонеллалардың антигені, кылаякшалы 
бактериялардын полимерленген флагелині және т.б. жатады. Т-тәуелсіз 
антигендерге түзілген, гаптенмен байланыстырылған полиэлектролит- 
тер де жатады. Сонымен катар, Т-тәуелсіз поликлондык антигендерге 
В-лимфопиттердін митогендерін де (поликанттар, лаконос митогені 
және т.б.) жаткызуға болады.
Т-тәуелсіз антигендер барлық табиғи антигендердің 
10%-ын
қурайды.
Табиғи антигендердін көпшілігі, шамамен 90%, сонғы екі талапка 
сай келмейтін нәруыздар. Олар тимустәуелді антигендер болып табы- 
лады. Т-тәуелді антигендерге: трансплантациялык, тіндік арнайлығы 
бар антигендер, сарысулык нәруыздар, бактериялык уыттар, бөгде 
эритроциттердін антигендері, көптеген вирус антигендері және тағы 
баскалары жатады.
Т-тэуелді антигендер (Т-тэуелді)
— 
В-лимфоңиттердің антиде-
не тузілісіне міндетті турде Т-лимфоциттер мен макрофагтардың
қатысуын қажет ететін антигендер. Бул антигендерге қарсы серпіліс
генетикалық тургыда негізгі гистосэйкестік кешенінің тектерімен
қадагаланады.
Бұл кезде 
бірінші
арнайы 
белгіні В-лимфоциттер гаптеннен алады.
Екінші белгі В-лимфоциттерге Т-хелперлерден туседі.
Т-хелперлер ма- 
крофагтармен коғамдасып антигеннін тасымалдаушысын таныған 
соң белсенеді де, В-лимфоциттердін пролиферациясы мен дифферен- 
циялануын шакыратын медиаторлар — лимфокиндерді бөледі. Оларға 
ИЛ-2, ИЛ-4, ИЛ-6, ІҒІМ-ү (В-лимфоциттердің дифференциялануы мен 
өсуші факторлары) жатады. Аталған хелпер цитокиндерінін ішінде ен 
маңыздысы ИЛ-2. Бұл цитокиндер В-лимфоциттердің мембранасына 
әсер етіп, оларға екінші белгіні камтамасыз етеді. В-лимфоциттің кло- 
ны екі белгіні де кабылдаған соң көбейіп, иммуноглобулиндер түзетін 
плазмалык жасушаға дифференцияланады.
Антигеннің таньшуының өзі түскен ағзадағы генотипке байланы- 
сты. Ағзада кейбір антигендерге арнайы ареактивтілік болуы мүмкін, 
яғни иесінің Т-лимфоцитімен таньшмайтын болады. Бұл организмде 
берілген гаптенге арнайы В-лимфоциттер клондары болса да, ағзаға 
антиген енгенде антидененің түзілуі жүрмейді. Мысал ретінде, алғаш 
рет Ландштейнер ұсынған жасанды антигендерді жасау тәжірибесін 
алуға болады. Динитрофенол (ДНФ) өздігінен антиген емес екені


198
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
белгілі, бірак табиғи нәруызбен (мысалы, альбуминмен) немесе жа- 
санды полипептидтермен байланысканнан кейін антигендік касиетке 
ие болады. Нәтижесінде, тимустәуелді антиген ретінде танылатын 
конъюгат пайда болады. Байланысатын полипептидтін молекула 
салмағы неғұрлым көп болса, неғұрлым онын кұрылымы каттаң және 
ретті болса, соғұрлым калыптаскан антигеннін тимус тәуелділігі аз бо- 
лады. Тасымалдаушының амин кышкылды кұрамы да маңызды, ол 
антигеннің «танылуын» аныктайды. Осьшайша, ДНФ -(глу-ала-тир) 
коньюгаты теңіз шошкаларында ДНФ-ке антиденелер түзілуін ын- 
таландырады, бірак жеке ареактивтілік те байкалуы мүмкін. ДНФ — 
бұка сарысу альбумині коньюгаты де антидене түзілуін тудырады
ал ДНФ-полилизин конъюгаты ДНФ-ке антиденелер түзілуін ын- 
таландырмайды. Яғни, жануарларда ДНФ-ке арнайы антиденелер 
түзетін лимфоциттердің клоны болады. Бірак түзілістін жүзеге асуы 
тасымалдаушының химиялык кұрылымына, иесінін лимфоциттерінін 
генетикалық детерминантталған «тану» кабілетіне байланысты болады.
Сонымен катар, динитрофенол мен А-тасымалдаушысы коньюга- 
тымен сенсибилизацияланған теңіз шошкалары тек кана ДНФ-А-ға, 
ДНФ-В-ға емес, жоғары сезімталдыктың баяу түрінің (Т-жасушалык 
серпіліс) терілік серпілісін беретіні дәделденген. А және В — әр түрлі 
химиялык кұрамды тасымалдаушылар. Бірак ДНФ-А коньюгатымен 
иммунизациялану ДНФ-В мен әсерлесетін антиденелердін пайда бо- 
луына алып келеді. Баскаша айтканда, жасушалык адаптивті иммуни- 
тет серпілістері тасымалдаушының арнайылығымен анықталады, ал 
гуморалдык жауап (антиденелер түзілісі) гаптенді арнайылығына ие.
Т-тәуелсіз антигендерге ілкіадаптивті иммундық жауап әдетте
Т-тәуелдіге
карағанда әлсіздеу және жоғарғы шыңына ертерек жетеді. 
Екі жағдайда да 
негізінен І§М
класына жататын 
антиденелер өндіріледі.
Бірак бүл екі түрлі 
антигендерге салдарлықиммундық жауап
бір-бірінен 
көп ерекшеленеді. Т-тәуелсіз антиген кайталама енген кезде иммундык 
жауап І§М басым болатын ілкі жауапка үксас келеді, ал Т-тәуелді анти- 
гендерге салдарлык иммундык жауап ілкіге қарағанда біршама күшті- 
рек болады және түзілетін антиденелердің көп бөлігін І§0 кұрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет