30
5. Үй шаруашылықтардың салықтарды төлегенге
дейінгі табысы- бұл қолдағы
табыс.
6. Жеке табыс – бұл үй шаруашылықтарының жұмсалуына арналған табыс.
7. Ұлттық байлық орман және пайдалы қазбаларды қамтиды.
8. Ұсталынған автомобилді сатып алу ЖІӨ өсуіне әкеледі.
9. Мемлекеттік трансферттік төлемдер ұлттық
табыстың жалпы сомасын
анықтауда қолданылады.
10. Қосылған құн- бұл сатылған өнім
құнынан - бұйымды шығаруға
жұмысалған шығындар.
Тапсырмалар мен жаттығулар:
1.
Елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде,
шартты бірлікте):
- ЖҰӨ -100;
- негізгі капитал амортизациясы- 10;
- үй шаруашылықтарының тауар және
қызметтерді иеленуге кеткен
шығындары- 50;
- тауар және қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 15;
- таза экспорт-(-4);
- жанама салықтар- 5;
- трансферттік төлемдер- 2,5;
- табысқа салынған табыс-7,5.
Анықтау керек: ТҰӨ, ҰТ.
2.
Берілген
млрд.$.
Төмендегі деректерді пайдаланып
ЖҰӨ табыс бойынша
және шығын бойынша есептеңіз:
а) жеке тұтынушы шығыны-245;
ә) трансферттік төлемдер-12;
б) арендалық төлем-14;
в) капиталды пайдаланған үшін салым (амортизациялық төлемдер)-27;
г) әлеуметтік сақтандыруға салым- 20;
д) пайыз-13;
е) меншіктен табыс-31;
ж) таза экспорт-3;
з) дивиденттер-16;
к) жұмыскерлердің еңбек ақысы -221;
қ) бизнеске жанама салықтар-18;
л) корпорацияның тағайындалмаған пайдасы-21;
м) жеке салық-26;
н) корпорациялар табысына салықтар-19;
о) корпорациялар пайдасы-56;
п) тауарлармен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 72;
р) таза ішкі жеке инвестиция-33;
с) жеке қор -16.
31
3.
Төмендегі
деректерді пайдаланып ЖҰӨ,ТІӨ көлемін анықтаңыз (шартты
ақша бірлігінде):
а) тауарлармен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 60;
ә) тұрғындардың соңғы тұтынулары (жеке сатып алушылық шығындар)-230;
б) меншіктен табыстар-80;
в) материалды айналым қорлар өсімі-34;
г) амортизациялық төлемдер- 25;
ғ) дивиденттер-10;
д) жұмыскерлердің еңбек ақысы -200;
е) бизнеске жанама салықтар-15;
ж) таза ішкі инвестициялар-28;
з) трансферттік төлемдер-10;
и) корпорациялар табысына салықтар-28;
к) салынған капиталдан проценттер -10;
қ) корпорациялар пайдасы-50;
л) азаматтардың жеке жинақтары-15.
Достарыңызбен бөлісу: