Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Сабақтың тақырыбы Ортақ іс табысы



Дата21.07.2020
өлшемі18,13 Kb.
#63597
түріСабақ

Сабақ: Өзін- өзі тану

Мектеп: Талғар ауданы, Еламан ауылы, «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №41 ЖББ бастауыш мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Күні: 14.12.15

Мұғалімнің есімі: Тлекеева Индира Жумагалиевна

Сынып: 4 а, 4 ә

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: 0

Сабаққа негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Сабақтың тақырыбы

Ортақ іс табысы

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Бірлескен жұмыс туралы білуі тиіс. Оқулықтағы авторлар туралы мағлұмат алады.Дәйексөзбен танысады.


Оқушылардың басым бөлігі: "Көп біріксе - береке" болатынын түсінуі тиіс. Дәйексөзбен танысып, мағынасын аша алады.


Кейбір оқушылар: Бірлесіп істеген жұмыс әрқашан жақсылықпен, жылдамдықпен аяқталатынын ойлауға тиіс. Топтық жұмыста көшбасшылық танытады.


Тілдік мақсат

Оқушылар: (істей алады)

Ауызша, жазбаша жұмыс жасай алады. Топта жұмыс жасай алады. Өз ойларын ашық айта алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

"Ақылдасу" , "бірлескен жұмыс"

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер


Тапқырларға арналған тармақтар: Суретке қарап, әңгіме құрастыру.

Сіз неліктен ... екенін айта аласызба?




Жазылым бойынша ұсыныстар: Оқушыларды сауатты, әдемі жазуға үйрету қажет.


Алдыңғы оқу

Өтілген сабақпен байланыс

Жоспар


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз )



Ресурстар

Шаттық шеңбері

2 мин

Балалар, бүгінгі күнімізді шаттық шеңберін құрудан бастайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! "Күлімде, күн, күлімде" Д.Қанатбаев

Оқулық

Топқа бөлу

3 мин

Әр түрлі түстер үлестіріледі. Оқушылар таңдаған түсіне сай топтарға бөлініп отырады.

Түрлі-түсті түстер

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

"Серпілмелі доп" әдісі. Оқушыларға допты лақтырып, ұстаған оқушы үй жұмысын айтады. (68 бет «Татуласу»)

Доп

Бағалау парағы



Жаңа сабақ

30 мин

1. Видео "Аққу, шортан, хәм шаян"

2."Ой қозғау"

-Бұл видеодан нені түсіндідер?

- Бір жұмысты әр жаққа тартсаң нәтиже береді ме?

- Барлығы бірігіп жасаған жұмыстан нәтиже болады ма?

3. "Константинополь" әдісі. Оқушылар әріптерден сөздер құрайды. ("Ортақ іс")



Сергіту сәті.

4. "Түймедақ" әдісі. "Көп біріксе - береке" М.Торежанов

Оқушылар әңгімені оқып, түсініп, берілген сөздерді бір-біріне түймедақ жасап қосу арқылы түсіндіреді.Қажетсіз сөздерді алып тастайды.

Бағалау. "Бас бармақ" әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

5. Дәйексөз "Келісіп істесе көп іс бітеді"

6. Постер қорғау. Тақырыбы: "Сыныптастарыңмен жасаған ортақ іс"



Бағалау.Критерий бойынша бағалау

7. Жүректен жүрекке. Оқушылар "Біз өмірдің гүліміз" әнін шырқайды.




Флипчарт қағаз, маркер, түрлі- түсті қарындаштар

Дәптер


Сабақты қорытындылау

5 мин

а) Үйге тапсырма

ә) Кері байланыс


-Бүгінгі өткен сабақтан нені түсіндік?
71 бет әңгіме құрастыру, Дәптердегі 14 сабақты орындау.

"Смайликтер" арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың ұнағанын, ұнамағанын жазып жабыстырады.




Оқулық

Смайликтің суреттері



Қосымша ақпарат



Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.

АКТ- мен байланыс.

Құндылықтағы байланыс




Мен өз сабағымда қосымша материалдарды қоса отырып сабағымды жетілдіремін


Смайликтерді қолдану арқылы оқушылардың нені, қалай үйренгенін тексеремін.

Сабақта пәнаралық байланыс өтілді. (музыка+ әдебиеттік оқу+дүниетану) Сабақта АКТ қолданылды

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос уяшыққа сабақ туралы өз пікіріізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабаққа қойылған оқу мақсаттары шынайы. Сабақта оқушылар өмірлеріне өте қажет мәліметтер алды, көптеген өмірлік жағдайларды түсінді. Сабақтың басында оқушылар бірқалыпты отырып, ортасына таман қызығушылықтары оянды. 4 сынып болғандықтан топпен жұмыс жасауға икемденген. Сабақ уақытылы аяқталды, бірақ ең басында топқа бөлінетін кезде уақыт ұзақтау болып кетті. Оқушылар шашырап кетті.



Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?
1: Тақырыпты ашу үшін көрсетілген видео «Аққу, шортан, хәм шаян»

2: «Түймедақ» әдісі


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) ?
1: Ой қозғау

2: "Константинополь" әдісі.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Келесі сабағымды жетілдіру үшін мен түрлі әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді, АКТ-ны қолдануым керек екенін білдім.


Тлекеева Индира Жумагалиевна. Алматы облысы, Талғар ауданы, Еламан ауылы. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №41 ЖББ бастауыш мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет