7. Шығындарды анықтау.
Бір жолғы және ағымдағы шығындар, бонустар,
жеңілдіктер көрсетіледі.
8. Өндіріс жоспары
. Өндірістік үдерістің сипаттамасы. Өңдеу және құрастыру
бойынша базалық операциялардың тізімі. Шарттардың толық тізбесі бар
шикізатты, материалдарды, жинақтаушы бұйымдарды жеткізу көлемі (бағасы,
саны және сапасы бойынша). Жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды,
еңбек ресурстарын және өнім өндіруге арналған шығындарды сипаттау.
Бөлімнің мақсаты – өндіріс жоспарының барлық тармақтары бойынша
орындалған жұмыстардың жағдайын бағалау.
9. Жұмыстарды және қаржыландыруды ұйымдастыру
.
Бағдарламаның
барлық блоктары мен кезеңдері, жұмысты ұйымдастыру, меншік нысандарын
белгілеу, оларды қаржыландырудың түрлері мен көздері туралы баяндалады.
Қаражат алудың шамалары мен көздері анықталады. Қаражатты толық қайтару
және табыс алу негіздемесі көрсетіледі. Бөлімнің мақсаты – жобаны
ұйымдастыру
кезеңдері
бойынша
орындалатын
жұмыстары
мен
қаржыландырудың блок-сызбасын құру, қаражат көздері, компанияның төлем
қабілеттілігі және салымдардың өтелу мерзімдері бойынша талдау.
10. Өткізу нарығы.
Саладағы істердің жағдайы, әлеуетті тұтынушылар,
нарықтық конъюнктура сипатталады. Бөлім сала бойынша өсу қарқынын,
әлеуетті тұтынушыларды талдау үшін қажет.
11. Кірістерді анықтау.
Өндірістің түрлері, жұмыстардың өзіндік құны, баға
белгілеу, салық салу, шегерімдер мен инфляцияны ескере отырып, жалпы және
таза табыс алу шарттары.
12. Қаржылық жоспар.
Сату көлемінің болжамы, ақшалай шығыстар мен
түсімдер балансы. Кірістер мен шығыстар кестесі, компанияның активтері мен
пассивтерінің жиынтық балансы, шығынсыздық қозғалысының кестесі.
Бөлімнің мақсаты – компанияның қызметін қаржылық талдау. Ақша
шығыстары мен түсімдердің, шығынсыздықтың, кірістер мен шығындардың
балансын талдау, қаржылық жағдайды нығайту үшін резервтерді анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |